Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 2 Құндылығы жанрияланған халықаралық хаттарды өңдеу



бет96/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 2 Құндылығы жанрияланған халықаралық хаттарды өңдеу

Құндылығы жариялған хаттар облыстық орталықтардан ХПАО-на жеке қаптарда түседі, жапсырмаларында “Сақтандыру”, “Халықаралық” жазбасы, сондай-ақ “Авиа” белгісі болуға тиіс.


ПТБ алмасу учаскесінен “Сақтандыру”, “Халықаралық” белгісі бар құндылығы жарияланған хаттар салынған қаптарды алған кезде халықаралық почтаны өңдеу цехының (учаскенің) жұмыскерлері жеке-жеке салмағын, олардың дұрыс жіберілуін және бітелуін, сыртқы қабатының байламдары мен мөрлерінің дұрыстығын тексереді. Сонан соң қаптар ашылады, оның ішіндегі құндылығы жарияланған хаттар 16н. жүкқұжаты бойынша салыстырылып тексеріледі, сыртқы орамының, мөрлерінің тұтастығын, дұрыс ресімделуін мұқият тексереді. Сыртқы орамында көрсетілген салмақты нақты салмағымен салыстырып тексереді. Қажет болған жағдайда алушының мекен-жайын француз тіліне аударуды жүзеге асырады. Құндылық сомасы, егер ол теңгемен көрсетілсе АҚА-дағы бағам бойынша аударылады және сыртқы орамында құндылығы жарияланған соммамен қатар көрсетіледі. Сонымен қатар елдің Шарттары бойынша осы елмен құндылығы жарияланған хаттармен алмасу жүргізілетіндігін тексереді.
Құндылығы жарияланған хатты тексергеннен кейін ҚАЖ БҚ-да тіркейді, CN22н. кедендік жапсырмасы немесе CN23н. кедендік декларациясы болған жағдайда (егер салым кедендік ресми мәлімдеуге жатса немесе құндылығы 30 АҚА жоғары болса) 2 данада ҚАЖ БҚ- нан шығарылатын тізбеге тіркеп кедендік тексеріске береді.Тексеріс ұсақ пакеттер сияқты фирмалықт орамын бұзбай рентгенапппаратурасының көмегімен жүргізіледі. Ашпай шығарылған кезде (көзбен шолып тексеру) кеден инспекторы тізбеге “Шығаруға рұқсат” мөртабанын қояды, ашпай тексеріс жүргізілгендігі туралы белгі жасалады және инспектор мен учаске операторының қолы қойылады.
Тексерістен кейін учаскенің мжұмыскерлері хаттарды жіберілген елдері бойынша жазбаша хат-хабарларды жіберу жоспарына сай әуе және жерүсті көлігімен жіберілетіндерін жеке-жеке бөліп және жіберу төлеміне сәйкес сұрыптайды. Құндылығы жарияланған хаттарды жөнелтер алдында CN16н. арнайы жөнелту картасына жазылады, онда бланкінің мәтініне сәйкес барлық деректер көрсетіледі “Avis de reception” (“Хабарламамен”), “Par avion” (“Авиа”) жөнелтімдері бар болған жағдайда бұл белгілер “Ескерту” бағанында көрсетіледі.
Құндылығы жарияланған хаттар CN16н. жөнелту картасының бір данасымен бірге постпакетке бітеледі, қатты қығазбен оралып немесе арнайы конвертке салынады, сыртынан кендір жіппен байланады және салымды аша алмайтындай етіп “Сақтандыру” мөрлерімен сүргі салынады. ҚАЖ БҚ-нан берілетін постпакеттің жапсырмасында “Valeur declaree” (“Құндылығы жарияланғандармен”) белгісі қойылады.
Құндылығы жарияланған хаттармен постпакет тапсырысты тапсырысты жөнелтімдермен бірге бас қапқа салынады.
Учаскенің жұмыскері депешаға енгізілген, құндылығы жарияланған жөнелтімдердің жалпы санын 2 данада ҚАЖ БҚ- да толтырылатын және берілетін, CN31н. жазбаша картаның 3 кестесінде көрсетеді. Жазбаша картаның жоғарғы бөлігіне “Valeur declaree” қызыл түсті арнайы жапсырма жапсырылады. Бұл жазбаша карталар депешамен бірге жүретін қызғылт түсті конвертке салынады.
Құндылығы жарияланған хаттар санына және салмағына қарамастан тапсырысты хат-хабарлармен немесе жеке депешамен жіберуге болады, бұл жағдайда депешалар тапсырысты жазбаша хат-хабарлармен депешалар сияқты, бірақ шекара арқылы “Босатуға рұқсат” (“Выпуск разрещен”) кедергісіз рұқсаттама туралы кеден мөртабанымен ресімделеді және жөнелтіледі. “F” әріпімен қызыл түсті қап жапсырмасына қосымша “Valeur declaree” жапсырмасы жапсырылады.
Сырттай қарағанда жәшік сияқты құндылығы жарияланған хаттар міндетті түрде жеке қаптарға салынады
Жерүсті көлігімен жөнелтер алдында құндылығы жарияланған хаттармеен және басқа тапсырысты жөнелтімдермен депешалар CN37н. жүкқұжатына тіркеледі. Жерүсті көлігімен жіберуге жататын депешалар шетелге тиісті халықаралық почта алмасу пункттері (ХПАП) арқылы жіберіледі, олар депешаларды жазбаша хат-хабарлармен депешаларды жіберу жоспарына сәйкес шетелдің халықаралық почта алмасу пункттеріне жіберіледі.
Құндылығы жарияланған хаттармен депешалар әуе көлігімен жіберу кезінде олар CN38н. (SAL үшін CN41н.) жүкқұжаттарына тіркеледі және тапсырысты хат-хабарлармен әуе депешалары үшін қарастырылған тәртіпте жіберіледі.
Жасқталған депешалар ҚАЖ жүйесінде 2 данада 16н. жүкқұжаттарына тіркеліп жөнелту үшін алмасу учаскесіне тапсырылады және ол жақтан әуе почтасын өңдеу учаскесіне (әуе көлігімен) немесе почта көлігімен жіберіледі. 16н. екінші данасы қозғалыс бөлімінің почтаны қабылдаған оператордың колымен күндік балансты шығару үшін учаскенің құжаттарына тіркеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет