Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 4 Почта сәлемдемелерді тасымалдау бойынша есепке айырысу үшін құжаттарды әзірлеу



бет104/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 4 Почта сәлемдемелерді тасымалдау бойынша есепке айырысу үшін құжаттарды әзірлеу

ХПАО ай сайын есеп беру айынан кейінгі айдың 15-ші күнінен кешіктірмей жерүсті және әуе сәлемдемелеріне (әуе, жерүсті, транзиттік) CP94н. ведомостарын толтырып, Орталфқ бухгалтерияға (БЕжЕД) ұсынуы тиіс.


СР 94н. ведомостары ҚР-на кіріс сәлемдемелері секілді ҚР-нан шығыс сәлемдемелері үшін мекеме байынша бөлек толтырылады. СР 94н. ведомостарында СР87н. сәлемдемелік карта негізінде сәлемдемелер саны, салмағы, почта әкімшілігінің төленуіне жататын бөліп шығару үлестері, сәлемдемені қайтарудағы, сәлемдемені ашық транзитпен тасымалдауда бөліп шығару соммасы, сонымен қатар бланк мәтінінің басқа да барлық бағандары бойынша мәліметтер көрсетілуі тиіс.
СР87н. бланкісінің (сәлемдемелі қартаның) жоғарғы бөлігінде әрдайымда депешаның брутто салмағы көрсетілуі тиіс.
ҚР-на кіріс сәлемдемелердің СР94н. ведомостары француз тілінде екі данада (баспа нұсқасында) толтырылуы тиіс, ведомостарға халықаралық сәлемдемелерді есепке алуға жауапты алмасу мекемесінің цех (учаске) бастығы қол қояды.
ҚР-нан шығыс сәлемдемелердің СР94н. ведомостары шетелдік Почта әкімшіліктері шығаратын шоттарды тексеру үшін бір данада ұсынылады.


§ 5 Жерүсті көлігімен жіберілетін жазбаша хат-хабарлар мен сәлемдемелерді тасымалдау бойынша есеп айырысу үшін құжаттарды әзірлеу

Жерүсті көлігімен жіберілетін почталарды тасымалдау бойынша соңғы және транзиттік шығындар бойынша шетелдік почта әкімшіліктерімен есеп айырысу үшін ХПАО-да әр алмасу мекемелерімен соңғы депешаларды алғаннан кейін CN31н. жазбаша карталардың және СР87н. сәлемдемелік карталардың негізінде депешалардың әр түріне және почта келіп түскен алмасу мекемелерінің әрқайсысына депешалардың CN55н. ведомосын толтырады. Француз тілінде, екі данада басылған бұл ведомостар есеп беру айынан кейінгі айдың 15-ші күніне дейін БЕжЕД–не беріледі. CN55н. ведомосының негізінде әр почта әкімшілігіне CN 56н. жиынтық ведомосын толтырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет