Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 2 Қоғамның өндірістік объектілерінің атаулы заттары



бет112/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114
ОМПО дайын кітап

§ 2 Қоғамның өндірістік объектілерінің атаулы заттары

Өндірістік объектілердің атаулы заттарына жатады:


1) почталық, арнайы және қосымша төлеу мөрқалыптары;
2) «Сақтандыру» мөрлері;
3) пломбалар;
4) домалату құрылғылары;
5) құрылымдық бөлімшенің атауы ойылып жазылған пластиналар;
6) бақылау-көшіру мөрлері.
Почта мөрқалыбы почта маркаларын өшіру, почта жөнелтімдерін қабылдау және өңдеу кезінде, түбіртектерге, сүйемелдеу бланкілеріне және басқа өндірістік құжаттарға бедер салу, тиісті қабылдау орнына және жөнелту, жеткізу және табыс ету датасы мен уақытын көрсету үшін қолданылады.
Арнайы почта мөрқалыбы маңызды мемлекеттік оқиғаларға, тарихи және естелік орындары мен даталарға, көрмелерге және Почта жөнелтімдеріне почталық мөрқалыпты қолдану Ережелеріне сәйкес т.б. естелік шараларды өткізу кезінде МПТБ өшіру үшін қолданылады.
Қосымша төлеу мөрқалыбы төленбеген немесе жарым-жартылай төленген жай жазбаша хат-хабарларды ресімдеу үшін қолданылады.
«Сақтандыру» мөрі құндылығы жарияланған хаттар мен бандерольдерді, сәлемдемелерді, қаптарды, тікелей почта контейнерлерін, сондай-ақ қойма және басқа құндылықтарды сақтау қоймаларын арнайы қорытпамен (сүргіш және т.б.) бекіту үшін қолданылады.
Пломбир қаптарды, тікелей почта контейнерлерін, почта жөнелтімдерін, сонымен қатар құндылықтарды сақтау қоймаларын пломбылау үшін қолданылады. Әр пломбыда бір жағынан әріптік белгілер, ал екінші жағынан өндірістік объектінің цифрлы-нөмірлік белгілері ойылып жазылады.
Домалату құрылғылары сәлемдемелерді, құндылығы жарияланған бандерольдерді буып-түю кезінде қолданылады. Өндірістік объектінің атауы ойылған домалату құрылғысының бедері жөнелтімнің екі жағына да буып-түйген кезде бұрыштан бұрышқа айқастыра жабыстырылатын желімді қағаз лентасына (скотч), жөнелтушінің және адресаттың мекен-жайын жаппай салынады.
Құрылымдық бөлімшенің атауы ойылып жазылған пластина - термодәнекерлеу машиналарында полиэтилен пакетке салып бітеу үшін (полиэтилен пленкаға салып бекітетін құрал) почта жөнелтімдерін қабылдау кезінде, сондай-ақ ХПАО-да кіріс ұсақ пакеттерді өңдеу үшін оларға бөлімшенің атауын салуға қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет