§ 4 Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау, өңдеу және табыстау тәртібі
Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау кезінде ішкі почта жөнелтімдерінде жіберуге тыйым салуда қойылатын талаптарынан басқа, оларға қосымша ДПО ақпаратына (циркулярына) сүйеніп, баратын елдегі қолданылатын тыйымдар туралы мәліметтерді басшылыққа алу қажет.
Халықаралық почта жөнелтімдері халықаралық почта алмасу орындарында Қазақстан Республикасы және Кедендік одақтың кедендік заңнамасымен қаралған жағдайларда кедендік бақылау органдарымен қаралады.
Кедендік бақылау органдарымен халықаралық хат-хабар, сондай-ақ Кедендік одақтың шегінде жіберілетін почта жөнелтімдерінің барлық түрлері қаралмайды, олар кедендік бақылауға жатпайды, кедендік рәсімдер астына орналастырылмайды, оларға қатысты кедендік операциялар жасалмайды.
Жеке және заңды тұлғалардан ашық түрде қабылданады:
1) кедендік декларацияларды немесе бекітілген нысан бойынша жапсырма толтырумен ұсақ пакеттер;
2) құндылығы жарияланған хаттар, салынымдардың сипаттамасы туралы жіберушіні сұраумен және ілеспе бланкі мен кедендік декларацияларын толтырумен посылкалар.
Заңды тұлғалардан өздерінің мөрлерімен мөрленген немесе пломбаланған посылкалар жабық түрде почта операторы бекіткен нысандағы тізіммен, оған қоса ілеспе бланкі мен кедендік декларацияларын толтырумен қабылданады.
«Өз қолына табыс етілсін» белгісімен халықаралық почта жөнелтімдері қызметтің осындай түрін көрсететін елдерге қабылданады.
Төлемақысы қосарланған жөнелтімдер тиісті шарттар жасалған елдерге қабылданады.
Тіркелетін халықаралық почта жөнелтімдерін жібергенде жөнелтуші адресаттың почта жөнелтімін алғаны туралы хабарламасын ала алады. Хабарламаның ақысы почта жөнелтімін жібергенде төленеді.
Халықаралық почта жөнелтімдердің алғаны туралы хабарлама тек жай болады.
§ 5 Халықаралық жазбаша хат-хабарларды буып-түю
Жазбаша хат-хабарлардың буылып-түйілуі ішіне салынғандардың сипатына, жіберілу шарттарына және жол ұзақтығына сәйкес болу керек. Буып-түю ішіне салынғандардың өңдеу және тасымалдау кезінде бүлінуіне, орамын, мөрін, пломбасын, байламын, таспасын және т.б. бүлдірместен қол сұғуға жол бермейтіндей, сондай-ақ, басқа жөнелтімді бүлдірмейтіндей, өндірістік объектінің жұмыскеріне ешқандай залал тигізбейтіндей болуы тиіс.
Буып-түю ретінде мыналар қолданылады:
1) хаттар үшін - почта конверттері;
2) құндылығы жарияланған хаттар үшін - почта конверттері немесе қатты қағаз, полиэтилен конверттері және басқа ішіне салынғандардың сақталуын қамтамасыз ететін материалдар;
3) бандерольдар мен ұсақ пакеттер үшін - полиэтилен пакеттері, почта конверттері, қатты қағаз, мата, қорап, картон қорап, ағаш (фанер) немесе метал жәшіктері.
Салым орам ішінде қозғалмауға тиіс.
Бір бандерольге бірнеше заттар салынатын болса, онда олар алдын ала байланады.
Заңды тұлғалардан құндылығы жарияланған бандерольдарды қабылдау кезінде кем дегенде ені 5 см. қағаз лентамен желімдеуге рұқсат беріледі, онда баспа әдісімен немесе бандерольді қабылдаған өндірістік объектінің домалату құрылғысымен не жөнелтуші – заңды тұлғаның аты жазылады. Лентаның біріккен жері жөнелтушімен жасалған және өндірістік объектінің жұмыскерімен ресімделген адрес жапсырмасымен тығыз жапсырылады.
Салмағы 500 гр. асатын бандерольдердің салымы шпагатпен айқастырылып байланады немесе қағаз не басқа лентамен бекітіледі (бандерольденеді).
Бандероль салымы түтікше етіп оралып, қосымша бекітілуі мүмкін, заттың ұзындығы 45 см. артық болғанда ол қатты затқа оралады.
Дәндер және дәрі-дәрмек шөптер үшін тығыз буып-түю материалдарынан жасалған пакеттер, қаптар немесе қораптар қолданылады.
Құндылығы жарияланған бандерольдерді полиэтилен қабығына буып-түю кезінде дәнекерленген жерінде бандерольді қабылдаған өндірістік объектінің атауы не жөнелтушінің атауы көрсетіледі.
Құндылығы жарияланған бандерольді жіберу үшін полиэтилен қабына буып-түю кезінде ресімделген адрес жапсырмасы жабыстырылған, буып-түйілген салым ішіне салынады (маркалар полиэтилен қабына салынғанға дейін жабыстырылады және өшіріледі). Полиэтилен қаптарының ашық жағы жөнелтушінің көзінше термодәнекерлеу машинасында дәнекерленеді.
Қағаз бумадағы құндылығы жарияланған бандерольдер желімделеді, зығыр жіппен айқастыра байланады және байлам ұштары бандероль қабына мөрмен сүргіленеді. Мекен-жай биркасы бар бандерольді берген кезде кендір жіптің ұштары биркаға сүргіленеді.
Құндылығы жарияланған жазбаша хат-хабарлар «Сақтандыру» мөрімен (стикерлермен) мөрленеді, бұл кезде жазбаша хат-хабарлардың қабында мөрлер (стикерлерлер) саны салым сақтауын қамтамасыз ететіндей болуға тиіс, мөрлердің арасы 5 см. аспауға тиіс.
Жөнелтуші өз бетінше құндылығы жарияланған бандерольге салынған салымның бағалау сомасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында анықтайды және осы Ережелердің талаптарына сәйкес жіберілетін салымдардың сипатын ескере отырып буып-түю түрін таңдайды.
Жазбаша хат-хабарларды буып-түюге қойылатын талаптары орындалмаған жағдайда өндірістік объектінің жұмыскері оны қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |