4.3 Электрондық хаттарды табыстау тәртібі
Электрондық хаттар және факсимильдік байланыс арқылы жіберілетін жөнелтімдер жай және тапсырысты хаттар сияқты барлық өндірістік объектілерге жіберіледі.
Жай мәтінді хабарды немесе құттықтауды қабылдау барысында өндірістік объектінің жұмыскері міндетті:
1) әр жарты сағат сайын электрондық почтаны тексеруге және электрондық хат келіп түсу барысында қабылдау орнынан хат қабылдап алынды және жеткізуге тапсы рылатындығы туралы хабарды жіберуге;
2) электрондық хат бланкісін басып шығаруға;
3) бланкіні үзік сызық бойымен кесуге;
4) мәтінді хабарламаны жай конвертке салуға немесе сериясы электрондық хаттың бланкісінде көрсетілген құттықтау мәтінін открыткаға жапсырып конвертке салуға, конверттің оң жақ бетіне жіберушінің мекен-жайын, алушының мекен-жайын жапсыруға;
5) электрондық хатты жай тәсіл арқылы жіберу барысында конверттің оң жақ бөлігіне марка жабыстыруға және ПМ бедерімен өшіруге;
6) электрондық хатты тапсырысты түрмен жеткізу барысында хатты тапсырысты хат ретінде ресімдеуге;
7) сұрыптау учаскесіне жеткізуге ресімделген электрондық хатты «16н.жүкқұжатына» тіркеп жаза отырып тапсыруға. Сұрыптау учаскесіне тапсырылған электрондық хаттар өңделіп тапсырысты хаттар секілді жеткізіледі.
Файл түрінде жазылған ақпаратты алу барысында өндірістік объектінің міндетті:
1) электрондық хаттың келіп түскені туралы алушыға телефон арқылы хабар беруге немесе 22н. хабарлауын жіберуге;
2) электрондық хатты тапсырар алдына алушының жеке басын куәландыратын құжатты тексеруге;
3) алушының дискетін вирусқа тексеруге, ақпаратты дискетке көшіріп және алушыға ұсынуға;
4) алушы электрондық хатты алғандығы туралы хабарлауға қол қою арқылы растауға тиіс.
Өндірістік объектіде берілуге жататын электрондық хаттарды келіп түскен күннен кейін 3 күн ішінде алушының алуға келмей қалғаны бойынша өндірістік объектінің жұмыскері қабылдау орнына қандай себептермен электрондық хат тапсырылмағандығы туралы хабар жіберуге тиіс.
Электрондық хаттардың сақтау және қайтару тәртібі мен мерзімі тапсырысты хаттарға белгіленген тәртіпке сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |