Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Жай халықаралық бандерольді қабылдау



бет38/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114
ОМПО дайын кітап

1.2 Жай халықаралық бандерольді қабылдау

Жай бандерольдерді қабылдау операциялық терезелерде, өндірістік объектінің операциялық залында және көшеде орналасқан почта жәшіктерінде, жеткізу учаскесіндегі почташылармен жүзеге асырылады.


Жай бандерольдерді операциялық терезелер арқылы қабылдау барысында өндірістік объектінің жұмыскері міндетті:
1) жөнелтушіден салым сипатын анықтап алуға, қажетті жағдайда жөнелтушінің көзінше салымды тексеру үшін бандерольді ашуға. Салымның тиісті почта жөнелту түріне сәйкес келмеген жағдайда қабылдамауға немесе осы салымды басқа почта жөнелтімінің түрімен жіберуге ұсыныс беруге;
2) секограмма салымымен бандерольдерді жеңіл тексеру үшін ашық түрде қабылдауға;
3) өлшем сәйкестігін тексеруге, буып-түюге не орамының дұрыстығын және ұқыптылығын тексеруге;
4) мекен-жайының дұрыстығын тексеруге;
5) жіберу әдісін анықтауға (әуе немесе жерүсті көлігі);
6) бандерольдің қабында қажетті белгілердің бар болуын және олардың дұрыс орналасқандығын тексеруге:
● «Үкіметтік» белгісі бар бандерольді қабылдау барысында жөнелтушіден осы Ережелердің 696 бетінде келтірілген тізімге сәйкес сол разрядында жіберуге құқы бар болуын, сол жөнелтушілер санатына жататындығын растайтын құжаттың және «Үкіметтік» деген жазуының бар болуын тексеруге, жазба жоқ болған жағдайда оны жасауға ұсыныс беруге. Сол разрядында жіберуге құқы болмаған жағдайда бандерольді қабылдамауға;
● «Қызметтік» белгісі бар бандерольді қабылдау барысында осы Ережелердің 695 бетінде келтірілген тізімге сәйкес сол разрядында жай бандерольді жіберуге құқық берілгендігін және «Қызметтік» деген жазуының бар болуын тексеруге, жазба жоқ болған жағдайда оны жасауға ұсыныс беруге. Сол разрядында жіберуге құқы болмаған жағдайда бандерольді қабылдамауға;
● карантин жарияланған жерге тұқым салынған жай бандерольді қабылдау барысында карантиндік куәліктің барын тексеруге. Карантиндік куәлік болмаған жағдайда бандерольді қабылдамауға;
- бандероль ішіне карантиндік куәлігін салуға.
● секограмма салымы бар жай бандерольді қабылдау барысында осы Ережелердің 91 тармақтарына сәйкес жай бандерольдерді тегін тасымалдауға құқығын растайтын құжаттың барын тексеруге;
- секограмма салымы бар жай бандерольдерге адресаттың мекен-жайы жанына арнайы символы бейнеленген ақ түсті жапсырмасын жапсыруды жөнелтушіге ұсынуға. Секограмманың символы осы Ережелердің 682 бетінде келтірілген;
7) өлшеуге, тарификациясын анықтауға немесе франкирлеу машинасының бедерін қоюға. Өндірістік объектінің жұмыскерімен көрсетілген қосымша қызмет үшін ақы бір мезгілде алынады;
8) клиентпен франкирлеу машинасында ресімделген бандерольдің салмағы мен тарификациясының сәйкестігін тексеруге. Салмағы сәйкес келмеген жағдайда бандероль клиентке толық ресімдеуге қайтарылады;
9) секограмманы әуе көлігі арқылы жіберу барысында авиа тарифтерін анықтауға;
10) тарифке сәйкес почта маркаларын жабыстыруға және оларды ПМ бедерімен өшіруге:
● почта маркалары қайталап қолдануға болмайтындай етіп ПМ бедерімен өшіріледі, ПМ бедері ашық, анық, және оқылатындай етіп қойылады. Портреті бар почта маркаларын өшіру кезінде ПМ бедері адамның суретін кірлетпеу керек;
● жай қызметтік бандерольдерде ПМ бедері мекен-жай бетінің бос жеріне қойылады;
● франкирлеу машиналарында ресімделген бандерольдерде ПМ бедері қойылмайды.
Жай бандерольдерді операциялық залдарда және көшеде орналасқан почта жәшіктерінде қабылдау Қоғамның өндірістік объектілері жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқауға сәйкес жүзеге асырылады.
Жай бандерольдерді жеткізу учаскесінде почташымен қабылдау Баспасөз бен почта жөнелтімдерін жеткізіп беру Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Кестемен белгіленген мерзімде қабылданған жай бандерольдер өндірістік бақылаудан өткізілгеннен кейін өңделуге беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет