§ 4 Ұсақ пакеттерді табыс ету
Заңды және жеке тұлғаларға жіберілген жай кіріс ұсақ пакеттер адресаттарға тұратын жері бойынша, абоненттік жәшіктер (көлемі сәйкес келмеген жағдайда абоненттік жәшіктерге 22н. хабарлауы салынады). Егер тапсырысты ұсақ пакеттер адресаттың жазбаша өтінішімен абоненттік почта жәшігіне салынған болса, онда почташы 8н. кітабында «А/ж өтініші бойынша салынды» белгісін қояды, датасын көрсетеді және қолын қояды.
Өндірістік объектіде табыс етуге жататын ұсақ пакеттердің хабарлаулары абоненттік жәшікке салынады. Абонементтік жәшікке жіберілген ұсақ пакеттердің 22н. хабарлаулары абонементтік жәшіктер бойынша салынады.
Тұрғылықты жері бойынша табыс етілмеген ұсақ пакеттер өндірістік объектіде тапсырысты жөнелтімдерін және хабарламаларды беру үшін арналған 8н. кітабында қол қою арқылы өндірістік объектіде берілуі мүмкін. Бұл жағдайда жеткізу учаскесінің 8н. кітабында «Өндірістік объектіде берілді» белгісі және берілген датасы қойылады.
Заңды тұлғаның атына жіберілген ұсақ пакеттер почтаны қабылдауға заңды тұлғамен белгіленген уәкілетті тұлғаға беріледі немесе заңды тұлға өзі орналасқан ғимараттың бірінші қабатында немесе тікелей өндірістік объектіде орналасқан абоненттік жәшікке салынады.
Заңды тұлғалардың өкілдері 8н. кітабына «16н.жүкқұжатында» жазылған бірнеше ұсақ пакеттер алар кезде жалпы санын жазбаша көрсетеді, қолын қояды, фамилиясын және ұйымның атауын толық көрсетеді.
Жеткізуге ұсақ пакеттерді қабылдап аларда почташы олардың қабын, мөрлерін, пломбыларын, ленталарын, жапсырмаларын мұқият қарап алады, салмақ дұрыстығын тексереді және 23н. кітабына қабылдап алынған санын көрсетіп қол қояды. Ұсақ пакеттер өндірістік объектілерде және үйде табыс ету кезінде 8н. кітабына қол қою арқылы адресаттың өзіне табыс етіледі.
Ұсақ пакеттер, алынғандығы туралы хабарламалар және қайталама хабарлаулар табысталуы мүмкін:
1) сенімхатсыз, адресатқа жақын екенін растайтын құжатын көрсеткенде, отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біріне;
2) нотариалдық расталған сенімхат және заң талабына сәйкес ресімделген, оған теңелетін сенімхат ұсынушыға құжаттардың бірін көрсеткенде;
3) кәмелетке толмаған 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенімхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екенін растайтын құжатын көрсеткенде;
4) қабілетсіз адамдардың ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенміхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екендігін растайтын құжатын көрсеткенде;
5) мектеп-интернаттардың, балалар үйлерінің және басқа мекемелердің заңды тұлға өкілдеріне, соңынан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға беру үшін – сенімхатпен, сондай-ақ жатақханаларда, интернаттарда, балалар үйінде, қонақ үйлерде, сауықтыру және емдеу мекемелерінде тұратын жеке тұлғаларға.
Әскери бөлімдер мен мекемелерге жіберілген ұсақ пакеттер жеке адресаттарға, әскери почташыларға немесе бөлімдер мен мекемелердің уәкілетті тұлғасына 8н. кітабы бойынша қол қою арқылы беріледі.
«Талап етілгенге дейін» ұсақ пакеттер адресаттың өзіне жеке басын куәландыратын құжат, не сенімхат бойынша беріледі.
Ұсақ пакеттер туралы анықтама телефон арқылы берілмейді. «Талап етілгенге дейін» жіберілген ұсақ пакеттерді сақтау үшін төлемақы алынбайды.
Ұсақ пакеттер алынғандығы туралы CN 07н. хабарламасымен түскен кезде олар почташымен жеткізуге ұсақ пакетпен бірге беріледі. Ұсақ пакетті табыстау кезінде CN 07н. хабарлама бланкісінде адресаттың қолы қойылуға тиіс.
Егер ұсақ пакет жеке тұлғаға сенімхат бойынша табыс етілсе, онда хабарламада сенілген адамның қолы және фамилиясы көрсетіледі, заңды тұлғаға табыс ету кезінде хабарламада уәкілетті тұлғаның фамилиясы, қолы және ұйымның атауы көрсетіледі. Почташы хабарламаларды жөнелту уақыты туралы 8н. кітабында тиісті белгісін және қолын қояды.
Ұсақ пакетті үйде табыс еткеннен кейін почташы хабарлама бланкісін өндірістік объектінің бақылаушы тұлғасына тексеруге береді. Өндірістік объектінің басшысы тексерілген хабарламаларға қолын және жөнелту датасымен ПМ бедерін қояды. ресімделген хабарлама көрсетілген мекен-жай бойынша жіберіледі. Алынғандығы туралы CN 07н. хабарламасы жөнелтуге тіркелмей беріледі.
Қажетті жағдайда адресаттан ұсақ пакетті беру кезінде белгіленген тариф бойынша төлемақы алынады:
ұсақ пакетті белгіленген мерзімінен асырып сақтағаны үшін;
адресатқа ұсақ пакетті әрі қарай жіберген үшін.
Төлем ақысын қабылдау кезінде 47н. дәптерінен (ДК) түбіртек беріледі, онда әрі қарай жіберілетін ұсақ пакеттің кіріс нөмірі, «Әрі қарай жіберу» белгісі және төлем ақысы жазбаша көрсетіледі. Алынған ақшаның сомасы және түбіртектің нөмірі 8н. кітабында көрсетіледі.
Жеке немесе заңды тұлғалар өздерінің атына түскен ұсақ пакеттерден бас тартқан жағдайда, олар 8н. кітабында «16н.жүкқұжатында» «Алудан бас тартамын» белгісін қоюға тиіс.
Жеткізуден қайтып келгеннен кейін почташы табыс етілмеген әр ұсақ пакетке 20н. анықтамасын толтырады.
Есеп қабылдайтын жұмыскер табыс етілмеген ұсақ пакеттердің сыртқы қабын және мөрін (лентасын, пломбасын, жапсырмасын) тексереді, қажетті жағдайда салмағын да. 23н. кітабында табыс етілмеген ұсақ пакеттердің нөмірлері және есепті қабылдау туралы белгісі көрсетіледі.
Тапсырысты кіріс ұсақ пакеттер кедендік (салымына кедендік органдармен баж салынған) және кеденсізге (кедендік органдарымен баждан босатылатын) бөлінеді.
Салымына кедендік органдармен баж салынған ұсақ пакеттер адресаттарға кедендік органдарында кедендік баж төлемін төлегеннен кейін беріледі, CN 23, «CN22» кедендік декларациясында және ұсақ пакеттің қабында ХПАО-ның «Кедендік жүк» («Груз таможенный») мөртабаны болу керек. Баж салынған ұсақ пакетті сүйемелдейтін кедендік жүк декларациясына (әрі қарай - КЖД) «тауар кедендік бақылауда» мөртабаны қойылады. Адресат алуға келген жағдайда оған CN 23, «CN22» кедендік декларациясы (бар болса) және басқа да сүйемелдеу құжаттары (КЖД, инвойс, шот – фактура) аймақ бойынша кедендік органына төлеу үшін 22н. хабарлауына қол қою арқылы беріледі.
Аймақ бойынша кедендік органына баж төленгеннен және «Босатуға рұқсат» («Выпуск разрешен») кедендік белгісімен құжаттар ұсынылғаннан кейін, ресімдеу жасаған кедендік инспектордың қойылған қолы мен күнін тексере отырып, адресатқа ұсақ пакет сүйемелдеу құжаттары ресімдеу арқылы және 22н. хабарлауына қол қойылып беріледі.
Ұсақ пакет салым тізімдемесімен түскен жағдайда (ТМД елдерінен) ол өндірістік объектіде адресаттың және өндірістік объектінің (оның орынбасарының) көздерінше ашылады және тізімдеме бойынша салымы тексеріледі. Ашудан бұрын ұсақ пакеттің сыртқы қабы мен салмағы тексеріледі. Егер адресат ашылудан бас тартса онда ол туралы 22н. хабарлауына қол қойып «Ашудан бас тартамын» белгісін жасайды.
Егер тізімдемесі бар ұсақ пакетті беру кезінде 107н. тізімдемесі болмай шықса, онда ол адресатқа беріледі, бырақ түскен заттары көрсетіліп үш данада 51н. акті жасалады. Актіге өндірістік объектінің екі жұмыскері және адресат қолдарын қояды. Актінің бірінші данасы жоғарғы бөлімшеге жіберіледі, олар оны ұсақ пакетке өңдеу жасаған ХПАО-на тексеру жүргізу үшін (қажет болса) жібереді, екінші данасы адресатқа беріледі, үшінші данасы ұсақ пакетті табыс еткен орнында қалады. Тізімдеме бойынша салым сәйкес болса акт жасалынбайды.
ХПАО-да жасалған CN 24 актісімен ақаулы ұсақ пакет түскен жағдайда ол адресатқа 51н. актісі үш данада жасалып, ашу және салымды тексеру арқылы беріледі.
51н. актісі ашу кезінде қатысқан жұмыскерлермен және адресатпен қол қойылады. 1 данасы адресатқа ұсақ пакетпен бірге беріледі, екіншісі ұсақ пакет алынған құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі және үшіншісі өндірістік объектінің құжатында қалады.
Акт жасалмайды, егер CN 24 актісімен түскен ұсақ пакеттің салымы акт жазуына сәйкес келсе.
Адресат алудан бас тартқан жағдайда актінің көшірмесі ұсақ пакетке тіркеліп, кедендік тексеру жасаған ХПАО-на жіберіледі.
Егер адресат 51н. актісін жасаудан бас тартса онда ол 22н. хабарлауына қол қойып «Ашудан бас тартамын» белгісін жасайды.
Егер адресат ақаулы ұсақ пакетті алудан бас тартса онда адресаттың белгісімен және қойылған қолы арқылы ұсақ пакет ХПАО-на жөнелтушіге қайтару үшін жіберіледі, актінің бір көшірмесі бірге тіркеледі.
5 күн ішінде ұсақ пакет алынбаған және екінші рет табыстауға мүмкіншілік болмаған жағдайда абоненттік жәшікке 22н. хабарлауы екінші рет салынады, онда «Қайталама» белгісі, өндірістік объектіде сақталатын мерзімі және сақтау үшін алынатын төлем ақысы көрсетіледі, 8н. кітабында «а/ж салынды» белгісі көрсетіледі. Екінші рет хабарлау жазылған туралы белгі ұсақ пакеттің қабында көрсетіледі.
Өндірістік объектімен табыстау үшін екі рет әрекет жасалады.
Ұсақ пакеттер өндірістік объектіде 30 күн бойы сақталады.
Адресаттың немесе жөнелтушінің арызы бойынша ұсақ пакетті сақтау мерзімі тағы 30 күнге ұзартылу мүмкін.
Өндірістік объектіде екінші рет хабарлау тапсырылған соң бір жұмыс күнінен кейін (тапсырылған күн есепке алынбайды) сақталған күндері үшін белгіленген тариф бойынша төлемақы алынады.
Тиісті елінде қайтып оралған ұсақ пакеттің сақталғаны үшін адресаттан алынбаған төлемақы жөнелтушіден алынбайды, бырақ қайтып оралған орнында 5 күннен астам сақталынса, онда төлемақы алынады, түбіртек беріледі.
«Талап етілгенге дейін» жіберілген ұсақ пакеттерді сақталғандығы үшін адресаттан төлемақы алынады,егер оны қайтарған жағдайда жөнелтушіден белгіленген тариф бойынша төлемақы алынады. .
Мына себептерге байланысты табыс етілмеген ұсақ пакеттер кері мекен-жай бойынша қайтарылады:
1) жөнелтушінің арызы бойынша;
2) адресаттардың бандерольді алудан бас тартуы;
3) адресат қайтыс болған жағдайда;
4) абонементтелетін абоненттік жәшіктің болмауы немесе адресаттың дұрыс көрсетілмеуі;
5) өндірістік объектінің өз міндеттемелерін орындауын мүмкіндігін айыратын өзге жағдайларда.
Жөнелтуші жазбаша арызбен қабылдаған өндірістік объектіден әлі жіберілмеген ұсақ пакетті түбіртектің түпнұсқасын қайтарып, кері алуына болады. Мұндай жағдайда жөнелтушіге МПТБ мен қосымша көрсетілген қызмет сомасынан басқа төлеген сомасы қайтарылып беріледі. Ұсақ пакет бір данада толтырылатын «16н.жүкқұжатында» немесе 8н. кітабына қайтару себебін көрсете отырып жазылады және кіріс ұсақ пакеттерді беруде қарастырылған тәртіпте беріледі.
Адресаты елден тыс жол жүріп кеткен жағдайда ұсақ пакет басқа елге әрі қарай жіберілу мүмкін, егер ол елі Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттары негізінде әрі қарай жіберу немесе қайтару қызметін жүзеге асыратын болса.
Әрі қарай жіберу қызметтін көрсетпейтін жағдайда, ұсақ пакет ХПАО-на қабылдаған елге қайтару үшін жіберіледі.
Ұсақ пакетті басқа елге әрі қарай жіберу берілген елдің жөнелтушісі берген арыз негізінде жүзеге асырылады. Берілген елінде жөнелтушінің әр арызы үшін тариф бойынша қарастырылған төлемақы алынады, егер бір өндірістік объектісінде бір уақытта бірнеше жөнелтімдер берілсе, онда арыз үшін төлем ақы бір рет алынады.
Қазақстан Республикасының шегінде ұсақ пакетті әрі қарай жіберу жөнелтушінің немесе адресаттың арызы негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының шегінде жаңа мекен-жай бойынша әрі қарай жіберу барысында белгіленген тариф бойынша төлемақы алынады. Жөнелтушінің арызында арнайы көрсетілген жағдайда әрі қарай жіберу ақысы адресаттан алынуы мүмкін.
Жөнелтушіден алынғандығы туралы хабарламамен қабылданған ұсақ пакеттердің қайтып оралғаны үшін және жөнелтушінің арызы түскенге дейін өндірістік объектіден жөнелтпеген ұсақ пакетті қайтару үшін белгіленген тариф бойынша жөнелтушіден салмақ ақысы алынады, бұл кезде хабарламаның ақысы алынып тасталады.
ХПАО-на ұсақ пакеттерді әрі қарай жіберу және қайтару тапсырысты ішкі бандерольдер сияқты ресімделеді және басқа да шығыс ішкі және халықаралық жөнелтімдермен бірге қапта жіберіледі.
Әрі қарай жіберілетін, қайтарылатын ұсақ пакеттерге 22н. хабарлауы жазылады, онда әрі қарай жіберу/қайтару себебі мен күні көрсетіледі. Хабарлау жинақтау картотекасына салынады және кіріс нөмірлері бойынша тігіледі. «16н.кіріс жүкқұжатында» міндетті түрде әрі қарай жіберілген/қайтарылған күні көрсетіледі.
Қайтару алдында тиісті өндірістік объектінің жұмыскері ұсақ пакетті табыс етуге барлық шаралар қолданылған ба (толық мекен-жайы болған жағдайда), оны әрі қарай жіберу/қайтару үшін негізі қанағаттанарлық бар ма екендігін тексеруге тиіс.
Ұсақ пакеттерді әрі қарай жіберу/қайтару дұрыстығын өндірістік объектілердің бастықтары немесе олардың орынбасарлары тексереді, олар міндетті түрде әрі қарай жіберу/қайтару себебі туралы белгіге қол қояды, 20н. анықтамасын ПМ бедерімен растайды. Олардың қолдарынсыз әрі қарай жіберу/қайтаруды жүргізуге тиым салынады.
Ұсақ пакеттерді әрі қарай жіберу барысында алғашқы мекен-жайлар, ал қайтару барысында адресаттың мекен-жайы сызылып тасталынады және мекен-жай бетінде жазылады:
1) әрі қарай жіберу барысында – «ӘҚЖ» әріптері және тиісті жаңа пунктің атауы;
2) қайтару барысында – «Қ» әрпі және ұсақ пакеті қайтарылатын пунктің атауы.
Жаңа мекен-жайы ХПАО-на әрі қарай жіберуге және қайтаруға жататын ұсақ пакетке 20н. анықтамасы тіркеледі. Ұсақ пакеттің қабында табыс етілмеген себебін көрсетуге болмайды.
Әрі қарай жіберілетін және қайтарылатын ұсақ пакеттер «16н.жүкқұжатына» «Белгілер» бағанында («ӘҚЖ» немесе «Қ») әріптері көрсетіліп жеке-жеке жазылады.
Қазақстан Республикасының шегінде әрі қарай жіберілетін ұсақ пакеттер тиісті жаңа өндірістік объектісіне 20н. анықтамасымен жіберіледі, онда әрі қарай жіберу себебі, жаңа мекен-жайы, адресаттың атауы, кедендік баждың сомасы (бар болған жағдайда) көрсетіледі, өндірістік объектінің бастығы (оның орынбасары) қол қойып ПМ бедерімен растайды. Жаңа өндірістік объектіге жіберілгені туралы 19н. әрі қарай жіберу хабарламасы арқылы ХПАО-на хабар беріледі.
Ұсақ пакеттер әрі қарай қапта «16н.жүкқұжатымен» жіберіледі, онда тиісті пункті және жіберген елдің атауы, берілген нөмірі, кедендік баж болған жағдайда белгісі көрсетіледі.
Ұсақ пакеттер таратылмағандар санына тек оларды тапсырудың барлық мүмкіндіктері қарастырылып, тапсырылмау себебі мұқият тексерілген соң ғана беріледі.
Таратылмаған ұсақ пакеттер айына бір рет айдың келесі есепті айынан кейін әр айдың 5 күніне дейін ХПАО-на өздерінің филиалдары және АПБТ/ҚПБТ арқылы қапта тапсырысты ішкі жөнелтімдермен бірге жазылып жіберіледі және 11н. адрес жапсырмасында «Таратылмаған» белгісі жазылады. Ұсақ пакеттер «16н.жүкқұжатына» жіберіледі, онда ұсақ пакеттің нөмірі (ШПИ), қабылдау орынның атауы, құндылығы жарияланған сомасы, үстеме төлем сомасы (бар болған жағдайда) және таратылмаған қатарына берілгенге дейін сақтау, әрі қарай жіберу/қайтару үшін жөнелтушіден алынбаған төлем сомасы көрсетіледі.
«16н.жүкқұжаты» екі данада жасалады және өндірістік объектінің бастығымен немесе орынбасарымен қол қойылады, «16н.жүкқұжатының» жоғарғы жағына «Таратылмаған» белгісі қойылады. Бірінші данасы ұсақ пакеттермен жіберіледі, көшірмесі өндірістік объектіде қалады.
Таратылмаған ұсақ пакеттерді сақтауға жөнелткен күні туралы «16н.жүкқұжатында» 8н. кітабында немесе 22н. хабарлауында тиісті белгілер жасалады (қажетті жағдайда).
ХПАО-на таратылмаған ұсақ пакеттер пайдаланушының мекен-жай деректерін анықтау немесе адресатқа жеткізу (тапсыру) немесе жөнелтушіге қайтару үшін ашылуға жатады. Ұсақ пакеттің салмағы жетіспеген, ашылған іздері, қабының, байламның, мөрдің бүлінгені және т.с. жағдайлар табылған жағдайда 51н. актісі жасалады және ведомстволық тексеру жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |