Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Халықаралық сәлемдемелерді буып-түю



бет60/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   114
ОМПО дайын кітап

1.1 Халықаралық сәлемдемелерді буып-түю

Сәлемдемелердің буылып-түйілуі ішіне салынғандардың сипатына, жіберілу шарттарына және жол ұзақтығына сәйкес болып, ішіне салынғандардың өңдеу және тасымалдау кезінде бүлінуіне, орамын, мөрін, пломбасын, байламын, таспасын және т.б. бүлдірместен қол сұғуға жол бермейтіндей, сондай-ақ, басқа жөнелтімді бүлдірмейтіндей, өндірістік объектілердің жұмыскерлеріне ешқандай залал тигізбейтіндей есебімен жөнелтушілердің өздерімен таңдалады.


Мекен-жайды жазып болғаннан кейін сәлемдеме орамында қызметтік белгілерді жазу және мөрқалыптар мен жапсырмаларды салу үшін жеткілікті бос орын қалдырылуы тиіс.
Сәлемдемені буып-түю ыдысы осы Ережелердің және ДПО Актілерінің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сәлемдемелер картоннан, ағаштан, фанерден немесе полимерден жасалған жәшіктерінде, сондай-ақ жұмсақ қабықшада (мата) жіберушімен буып-түйілу тиіс.
Баспасөз өнімі бар сәлемдемелер қағаздан жасалған буып-түюде қабылдану мүмкін, бұл кезде егер сәлемдеменің салмағы 5 кг астам болса, буып-түюде қаттылық үшін картоннан жасалған төсем (жоғары және төмен жағынан) болуы тиіс.
Сырт киімнің заттары, кілем тәріздес және басқа да жұмсақ бұйымды заттары бар сәлемдемелерді буып-түю кезінде жөнелтушіге сәлемдеме салымын алдын ала полиэтиленді пленкаға немесе су өтпейтін материалға буып-түюге ұсыныс жасалады.
Сәлемдеменің жұмсақ қабықшасы, сонымен қоса жәшіктің жиектеу матасы бір түсті ашық өңде, машинаның ішкі тігісімен тігілген берік бүтін кесектен немесе бірнеше біртектес кесектен болуы тиіс.
Матамен тігілген жұмсақ буып-түюдегі және қатты ыдыстағы сәлемдемелерде сыртқы тігістер тек сәлемдеме мекенжайының сол жағынан біртектес жіппен (жеке тігіспен) жасалады.
Қымбат металдар мен тастар, сондай-ақ солардан жасалған бұйымдар, нумизматикалық монеттер және коллекциялар сәлемдеме бағасының сомасына қарамастан, матамен тігілген қатты ыдыста қабылданады.
Сәлемдемелердің ішіне салынғандарының ерекшелігіне қарай мына шарттар сақталуы керек және олардың орындалуы туралы жөнелтуші ескертілуі тиіс:
1) осал және сынатын заттар қатты ыдысқа салынады да ағаш үгіндісі толтырылады немесе жоңқамен, мақтамен және т.с.с. нығыздалады. Халықаралық алмасуда бұндай сәлемдемелер Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттары негізінде осал заттары бар сәлемдемелерді тасып әкелуге рұқсат етілген елдер үшін ғана қабылданады;
2) кинофильмдер, кинотаспалар, магнит таспалары, компакт-кассеталар және компакт-дискілер арнайы ыдыста оралуы тиіс (метал, платикалық);
3) тұқым, шекілдеуіктер, жаңғақ, кептірілген жеміс, ұн және басқа сусымалы заттар тығыз матадан, полиэтилен пленкадан жасалған қаптарда, мықты қағаз пакеттеріне оралып, жәшікке не картон қорапқа салыну тиіс;
4) сұйық және сұйық күйге оңай айналатын заттар (шырын, шәрбат, май, қайнатпа, бал, жемістер және басқалар) ішіндегісі ағып кетуге мүлде жол бермейтін жабық ыдыста жіберіледі және жоңқамен, паролонмен, қиқыммен нығыздалған ағаш жәшікке буып-түйілуі тиіс. Балық салынған банкілер де осындай тәртіппен жіберіледі. Сұйық және сұйық күйге оңай айналатын заттарды, жидектерді целлофан және полиэтилен пакетпен жіберуге тыйым салынады;
5) көшет түсті матадан тігілген себетке немесе желдеткіш тесіктері бар жәшіктерге буып-түйілу тиіс. Себет/жәшік түбіне тығыз полиэтилен пленка салынады;
6) бояу ұнтақтары тығыз полиэтилен пленкадан істелген пакеттерге немесе май сіңген тығыз қағазға оралу тиіс, сосын фанер, картон немесе метал жәшіктеріне салынуы тиіс;
7) аралар сәлемдемелерден шығып кету мүмкіндігі болмайтын арнайы торкөзді қораптарға салынады. Аралары бар сәлемдемелер ауа еркін кіретін көлеңкелі орында сақталуы керек. Бұндай сәлемдемелерді тығыз жабылатын шкафтарға салуға қатаң тыйым салынады;
8) фабрикалық өңдеуден өтпеген аң және кемірушілер терілері, сондай-ақ жүн, қылшық, шаш, мамық салынған сәлемдемелер алдымен матаға (қапқа, полиэтилен пленкаға) буып-түйіліп, содан кейін жәшікке не картон қорапқа салынуы тиіс;
9) радиолампалар мен дәл аспаптар (өлшеуші т.б.) жолда ішіне салынғандары қозғалып, зақымдануына жол бермейтіндей етіп төсеніштері бар қатты ыдысқа салынуы тиіс. Шыны бөлшектері бар радиолампалар мен дәл аспаптар шаршы торкөз түрінде жасалған жәшіктерде буып-түйілуі мүмкін. Шаршы торкөз ішінде орнықтыратын арнайы жүйе орнатылуы тиіс, ол құралды (лампаны) мықтап тіреп тұрады және қабырғаларға соғылудан сақтайды;
10) тірі өсімдіктер (жүзім сабағы, көшеттер т.б.) және де сынбайтын ірі габаритті заттар, үшкір ұштары мен қырлары жоқ және өздерінің көлемі жағынан белгіленген көлемдегі сәлемдеме ыдысына сыймайтын болғанда, олар жіберу үшін қаптық материалға (матаға) оралған күйде қабылданады;
11) сынбайтын тұтас және былғанбаған заттар, сондай-ақ, көлемі мен салмағы белгіленген нормадан аспайтын, бөлшектенбейтін (сызу тақтасы, балалар шанасы, шамадан, бидон, т.б.) заттар, өткір қырлары бардан басқасы, жәшіктерге не матаға буып-түйілмей-ақ, ашық жіберіле алады;
12) жас жеміс-жидектердің қатты сорттары салынған сәлемдемелер ағаш не фанер жәшікпен қабылданады, олардың бүйір қабырғаларында желдеткіш тесіктері не көлденең ойықтары болуы тиіс;
13) қаптарда буып-түйілген автодөңгелектер тек таза күйінде қабылданады.
Фабрика-зауыт орамындағы (ағаш жәшіктердегі және мықты картон жәшіктердегі) бөлінбейтін заттар, белгіленген көлемде болғанда және салынғандарының сақталуын қамтамасыз етсе, қосымша буып-түюсіз, жерүсті көлігімен жіберуге қабылдауға рұқсат етіледі.
Матамен тігілмеген ағаш (фанер) жәшіктегі сәлемдемелер жөнелтушімен жәшік қабырғасының тетіктері бойынша бүтін берік шпагатпен байланады. Ұзындығы 30-ден асатын сәлемдемелерге байлам сәлемдеменің бойынан бір рет және көлденең екі рет өткізіледі. Ұзындығы 30-ден аспайтын сәлемдемелерге байлам айқастыра байланады. Байлам қатты тартылып байланады және түйіскен жерін босатып және жылжытып алмайтындай етіп түйіндеп байлайды. Байламның ұшы сәлемдеменің бүйір бетінің сол жағына (мекен-жайдан) шығып тұруы керек. Сәлемедеменің байламына жылжуға жол берілмейді.
«Сақтандыру» мөрқалыбының бедері (пломба) тура түйін маңынан (түйін сәлемдеме қабырғасында болмауы керек) қойылады.
Гофрокартон жәшіктеріндегі, жұмсақ қабықшасындағы және матамен тігілген қатты ыдыстардағы сәлемдемелер байланбайды.
Матамен тігілген сәлемдеменің сыртқы тігісіне «Сақтандыру» мөрқалыбының бедері міндетті түрде сыртқы тігістің шетіне қойылу есебімен мөрленеді, бедерлерінің ара қашықтықтары 10 см-ден аспауы тиіс. Егер сәлемдеме мекен-жайы биркада жазылса, онда шпагат ұшы биркаға мөрленеді.
Гофрокартон жәшігіне буып-түйілген сәлемдемеде түйіскен орындары қағаз лентасымен жапсырылады, қағаз ленталарының түйіскен жеріне қиғашынан айқастыра сәлемдеме қабылдаған орынның домалату құрылғының бедерлері қойылады. Жәшік қабырғасын лентамен жапсырған кезде домалату құрылғының бедері жапсырылған лента бойынан қойылады, бұндай әрекетте екі жақтан бедердің бір бөлігі лентада, бір бөлігі жәшік қабырғасында болу тиіс.
Гофрокартон орамындағы клапандардың түйіскен орындары және қабырғалары атаулы скотчпен жапсырылу мүмкін.
Желім лентасымен домалату құрылғысы болмаған кезде сәлемдемені «крафт» қағазымен жапсыруға және ПМ бедерін түсіруге болады, бұндай жағдайда бедердің бір бөлігі лентада, бір бөлігі жәшікте болу тиіс. ПМ арақашықтықтары 10 см-ден аспауы керек.
Сәлемдемелер қағаз орамында қабылданады, егер жарияланған құндылығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есеп беру көрсеткішінің үш еселік мөлшерінен аспаса.
Заңды тұлғалармен жіберілетін сәлемдемелер белгіленген тәртіп бойынша өздері иемденген мөр бедерлерімен мөрлену немесе пломбылану мүмкін.
Егер заңды тұлғалар сәлемдемелерді картонды буып-түюде жіберетін болса, клапан түйіскен жерлері фирмалық қағаз лентасымен мөрленеді немесе қарапайым қағаз ленталарының түйіскен бұрышына заңды тұлға иемденген мөр бедері қойылады. Мөр бедерлері бірдей болуы тиіс, олар жәшік қабырғасына жапсырылған лентаға да қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет