Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Кәдімгі халықаралық шығыс сәлемдемелерді өңдеу



бет64/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   114
ОМПО дайын кітап

2.6 Кәдімгі халықаралық шығыс сәлемдемелерді өңдеу

Өндірістік объектінің операциялық терезесі арқылы қабылданған сәлемдемелер 16н. жүкқұжатына жазылады, онда сәлемдеменің нөмірі (ШПИ) және тиісті орыны көрсетіледі. Сәлемдемелер жүкқұжатқа өсу нөмірі нөмірі (ШПИ) бойынша жазылады, ал бір 116н. сүйемелдеу бланкісімен (103н. бойынша) қабылданған сәлемдемелер нөмірден нөмірге дейін олардың жалпы саны көрсетіліп жазылады. Ерекше назар аударатын сәлемдемелер үшін 16н. жүкқұжаттың “Белгілер” бағанында (хабарламамен, абайлаңыз және т.б.) белгілері қойылады.


Әрі қарай жіберілетін және қайтарылатын сәлемдемелер 16н. жүқұжатына “Белгілер” бағанында жеке-жеке “ӘҚЖ” немесе “Қ” әріптерін көрсете отырып жазылады.
Әр жүкқұжатта және оның көшірмесінде жүкқұжаттың құрастырылған күнімен ПМ бедері қойылады.
Автоматтандырылған өндірістік объектілерде 16н. жүқұжаты 2 данада ұқсас деректермен қалыптастырылады, ПМ бедері қойылмайды, күні автоматты түрде қойылады.
16н. жүкқұжатында барлық жазулардан кейін асты сызылады және сәлемдемелердің жиынтық саны цифрмен және жазбаша көрсетіледі, өндірістік объектінің жұмыскері лауазымын көрсете отырып қолын қояды.
5 немесе одан да көп сәлемдемелер бөлек 16н. жүкқұжатына жазылады.
16н. жүкқұжатында ескертусіз және қойылмаған қолсыз түзетулерге жол берілмейді. “Абайлаңыз” белгісінен басқа ұсақ сәлемдемелер барлық кезеңде “Сақтандыру” қаптарында ішкі 16н. жүкқұжатына жазылып жіберіледі.
Бөлек 16н. жүкқұжаттары мен “Сақтандыру” қаптары жалпы 16н. жүкқұжатына жазылады. Жалпы жүкқұжатта сүйемелдеу құжаттардың саны көрсетіледі (цифрмен).
ХПАО-мен тікелей алмасу жасайтын өндірістік объектілер сәлемдемелерді бағыттар бойынша (ТМД және қиыр шығыс) 2 данадағы 16н. жүкқұжатына жазады.
Сәлемдемелер жіберілгеннен кейін шығыс жүкқұжаттары негізінде «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтердің статистикалық есебін жүргізу тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісі толтырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет