Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 3 Құндылығы жарияланған сәлемдеме



бет68/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 3 Құндылығы жарияланған сәлемдеме


3.1 Құндылығы жарияланған халықаралық сәлемдеме салымы және жарияланған құндылығы

Халықаралық кәдімгі сәлемдемелерде Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттары негізінде жіберуге және кіргізуге рұқсат етілген тұтыну тауарлары жіберіледі.


Сәлемдеменің жарияланған құндылығы тиісті елінің шектелген сомасынан аспау керек.
Сәлемдеменің жарияланған құндылығы жөнелтушімен салымның нақты бағасы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында анықталады және салымының нақты бағасынан аспауға тиіс.
Құндылығы жарияланған сомасы сәлемдеменің қабында және СР 71 сүйемелдеу мекен-жайында көрсетіледі.


3.2 Құндылығы жарияланған халықаралық сәлемдемелерді қабылдау

Құндылығы жарияланған халықаралық сәлемдемелерді қабылдау кәдімгі халықаралық сәлемдемелер үшін белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.


Жөнелтуші халықаралық сәлемдемелерді тапсырар алдында қосымша көрсету тиіс:
1) СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісінде және сәлемдеменің мекен-жай бетінің үстінгі оң жақ бөлігінде жарияланған құндылықты Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын (цифрмен және жазбаша). Сәлемдемеде және сүйемелдеу мекен-жай бланкісінде сәлемдеме табыс етілмеген жағдайда ол туралы өкімін;
2) Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттары негізінде CN 23 кедендік декларациясында салымды, әр заттың санын, салмағын және құнын бөлек көрсетуге, сондай-ақ салымның жалпы сомасын және жалпы салмағын;
3) шектеуге жататын салымы бар сәлемдемені тапсыру барысында қажетті құжаттарды қосуға (сертификат, мал дәрігерлік куәліктер және т.б.).
Халықаралық сәлемдемелерді қабылдау барысында өндірістік объектінің жұмыскері қосымша міндетті:

        1. Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттарына сәйкес тиісті елімен алмасу белгіленгендігін және жарияланған құндылығы шектелген сомадан аспағанын тексеруге;

        2. сәлемдеме салым заттарына шығаруға, кіргізуге тыйым немесе шектеу салынғандығын тексеруге. Сәйкес келмеген жағдайда сәлемдемені жөнелтушіге қайтаруға;

        3. сәлемдеменің ішіне өзінің және адресаттың мекен-жай көшірмесін салуға ұсыныс жасауға. Сәлемдеме табыс етілмеген жағдайда оны не істеу керек екендігі туралы жөнелтушімен өкімнің көрсетілуін тексеруге;

        4. жөнелтушінің көзінше сәлемдемені буып-түюге, өлшем сәйкестігін тексеруге. Сәйкес келмеген жағдайда пысықтауға қайтаруға. Сәлемдемеде, CN 23 кедендік декларациясында, СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісінде тиісті орынның, адресат атауының жарияланған құндылық сомасының және белгілердің сәйкестіктерін тексеруге;

        5. СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісінде және CN 23 кедендік декларациясында жазу дұрыстығын және жөнелтушінің қойылған қолының бар болуын тексеруге;

        6. СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісінде көрсетілген сомасын және CN 23 кедендік декларациясында әр заттың құндылығын, жалпы құндылықтың көрсетілгендігін тексеруге;

        7. баға сомасын АҚА (жүздік үлеске дейін) аударып сәлемдеме мен СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісіндегі жарияланған құндылықтың жанына көрсетуге;

        8. сәлемдемеге «V» белгісімен СР 74 жапсырмасының үстінгі бөлігін жапсыруға, онда латын әрпімен жіберетін орынның атауын, сәлемдеменің нөмірін көрсетуге (немесе ШПИ жапсырылған СР 74 жапсырмасын);

        9. СР 74 жапсырмасының астыңғы бөлігін СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісіне жапсыруға;

        10. жіберу әдісін анықтауға (әуе немесе жерүсті көлігі), әуе көлігімен жіберу барысында жөнелтушімен көрсетілмеген жағдайда «Par avion» («Авиа») жапсырмасын жабыстыруға немесе белгіні қолдан жазуға;

        11. сәлемдемені өлшеуге, қабына жапсырылған СР 74 жапсырмасының астына және СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісіне нақты салмақты көрсетуге (килограмда және жүздік грамда);

        12. 1н. дәптерінен (ДК-нен) «құндылығы жарияланған» белгісімен түбіртек жазуға.

  1. Құндылығы жарияланған халықаралық сәлемдемелерді жіберу үшін салмақ алымынан басқа жарияланған құндылығы және қызмет көрсету алымы алынады, сондай-ақ қосымша қызмет көрсетілген жағдайда төлемақы.

  2. Өндірістік объектіде қабылданған құндылығы жарияланған сәлемдемелер 16н. жүкқұжатына жарияланған құндылық сомасын көрсету есебімен, кәдімгі сәлемдемелер сияқты жүйеленген тәртіп бойынша өңделіп жөнелтуге жіберіледі.

  3. Құндылығы жарияланған халықаралық авиа сәлемдемелерді қабылдау тәртібі кәдімгі халықаралық авиа сәлемдемелерге белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

  4. Құндылығы жарияланған халықаралық қызметтік сәлемдемелерді қабылдау тәртібі кәдімгі халықаралық қызметтік сәлемдемелерге белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

  5. Алынғандығы туралы хабарламамен құндылығы жарияланған халықаралық сәлемдемелерді қабылдау кәдімгі халықаралық сәлемдемелерге белгіленген тәртіп бойынша қосымша көрсетумен жүзеге асады. Сәлемдемеде және СР 71н. сүйемелдеу бланкісінде «Avis de reception» («Алынғандығы туралы хабарлама») немесе «A.R» әріптері көрсетіледі және жөнелтушімен толтырылған CN 07 бланкісі тіркеледі.

Қабылдау туралы түбіртегінде «Айрықша белгісі» бағанында «Хабарламамен» белгісі көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет