Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Үстеме төлеммен халықаралық сәлемдемені қабылдау



бет69/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   114
ОМПО дайын кітап

3.3 Үстеме төлеммен халықаралық сәлемдемені қабылдау

Үстеме төлемі бар құндылығы жарияланған халықаралық сәлемдемелерді қабылдау барысында өндірістік объектінің жұмыскері осы Ережелердің 827 тармағында көрсетілген әрекеттерден басқа қосымша тексеруге міндетті:


1) Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттарына сәйкес екі жақты келісім бойынша осы елмен сәлемдемелерді айырбас жасау белгіленгендігін;
2) құндылығы жарияланған сәлемдеме қабында Ұлттық банкімен қабылдау күні белгіленген бағамы бойынша үстеме төлем сомасының көрсетілгенін және бағалау сомасы белгіленген шекті сомадан аспайтындығын;
3) үстеме төлемнің TFP-3 почталық аударым бланкісін толтыру дұрыстығын,үстеме төлемақысының көрсетілуі,алушының атауы мен адресі жөнелтушімен көрсетілген адресіне сәйкес келу керек. Почталық аударым бланкісі құндылығы жарияланған үстеме төлемімен әр сәлемдемеге толтырылады,және де бір жіберушімен немесе бір алушының адресіне жіберілгеніне байланысты емес.
4) заңды тұлғамен жіберу барысында банктік деректердің бар болуын;
5) TFP-3 халықаралық почталық аударым бланкісінің қайырма бетіндегі түбіртекте жөнелтушімен қай жөнелтім үшін үстеме төлем жіберілу керек екендігі, қабылдау орнының атауы, берілген күні, адресаттың мекен-жайы көрсетілгендігін;
6) TFP-3 халықаралық почталық аударым бланкісіндегі деректерімен сәлемдеме қабындағы және СР 71 сүйемелдеу бланкісіндегі деректер сәйкестігін.
СР 71 сүйемелдеу бланкісіне «Remboursement» («Үстеме төлем») көрсетілген CN29 жапсырмасы жапсырылады (қызыл сары түсті үшбұрыш) немесе қолдан белгі қойылады.
Сәлемдеменің мекен-жай бетінің жоғарғы бөлігіне CN 29 бис «Remboursement» («Үстеме төлем») жапсырмасы және СР 95 «Remboursement» жапсырмасы жабыстырылады.
TFP-3 халықаралық почталық аударым бланкісінің қайырма бетіндегі түбіртекте құндылығы жарияланған сәлемдеменің нөмірі (ШПИ) қойылады.
Үстеме төлем үшін төлем сомасы қосымша алынады, түбіртекте «Үстеме төлемімен» белгісі көрсетіліп клиентке беріледі.
Үстеме төлем бланкісін жолда жоғалу мүмкіншілігін тудыртпайтындай етіп СР 71 сүйемелдеу мекен-жай бланкісіне бекітеді.
Құндылығы жарияланған сәлемдемені қабылдау барысында TFP-3 халықаралық почталық аударма бланкісіне ПМ бедері қойылмайды.
Тиісті елінде құндылығы жарияланған сәлемдеме адресатынан TFP-3 халықаралық почталық аударма бланкісінде жөнелтушімен көрсетілген үстеме төлем сомасы алынады және жөнелтушімен көрсетілген мекен-жай бойынша почталық ақша аударыммен жіберіледі. Үстеме төлемнің почталық аударымын жіберу төлемі адресаттан алынады.
Әскери бөлімдер мен мекемелерге үстеме төлемімен сәлемдемелер қабылданбайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет