§ 10 EMS жөнелтімдерін әрі қарай жіберу, қайтару
Мекен-жайдың дұрыс көрсетілмеу салдарынан EMS жөнелтімін қайтармас бұрын дұрыс мекен –жайын анықтауға және жаңа мекен-жайы бойынша жөнелтімді жеткізуге әрекет жасауға қажет. EMS жөнелтімдерінде дұрыс мекен-жайын анықтау міндетін жеңілдету үшін адресаттың телефон нөмері көрсетілуге тиіс .
Адресаты бас тартқан немесе табыс етілуі мүмкін емес EMS жөнелтімін қайтару дереу жүргізілуге тиіс.
EMS жөнелтімін қайтару кезінде өндірістік объектінің жұмыскері 20 н. анақтамасын толтырадв және EMS жөнелтіміне тіркейді . EMS жөнелтімін қайтару кезінде жөнелтушіге жіберу үшін алынған алымдардың сомасы қайтарылмайды.
Қайтарылған EMS жөнелтімі жөнелтушіге сүйемелдеу EMS Е1н. жүкқұжатына қол қою арқылы жеткізіледі .
Егер EMS жөнелтімі жеткізуге жатпайтын болып саналса, EMS жөнелтімінде жеткізілмеу себебі көрсетіледі жіне жөнелтім жөнелту пунктіне қайтарылады. Жеткізілмеудың түсіндіретін себебі EMS жөнелтімінде немесе осы жөнелтімге тіркелетін , өзі жабысатын жапсырмаға қолмен жазылуға немесе мөрқалып бедерімен көрсетілуге тиіс.
Егер EMS жөнелтімін қайтару EMS қызметі арқылы жүргізіледі . Халықаралық EMS желісінде басқа жедел қызметтер арқылы қайтаруға рұқсат беріледі .
Егер EMS жөнелтімі немесе оның ішіндегі бөлігі тіркелінсе немесе кеденмен не қандай да бір басқа мемлекттік органмен тоқтатылса телефон , факс немесе электронды почта арқылы Жөнелткен операторға дереу хабар беру қажет.
Егер қандай да бір EMS жөнелтімі басқа елге (онблыс,қала) жіберілгендігі байқалған жағдайда ол қолданыстағы ең тез маршруттары бойынша тиісті орнына жіберілуіне тиәс.
Дұрыс жеткізілмеген EMS жөнелтімдері бойынша факс арқылы екі жақсы , яғни “Жіберген әкімшілік” (“Жөнелтуші филиал” ) және әрі қарай жіберілген жөнелтім тасымалдаушы рейстің нөмері және есептелген келеті уақыты “Жіберілген әкімшілігіне” (“ Жіберілген филиалы”) дереу хабардар ету қажет.
Дұрыс жеткізілмеген ыдыс тасымалдаушыға қайтарылуға тиіс. Ыдысты жіберуге байланысты шығын “Жіберген әкімшілік” есебіне жатқызылады .
Достарыңызбен бөлісу: |