§ 2 Шет елдерге әуе көлігімен жөнелтілетін халықаралық сәлемдемелерді өңдеу
Әуе көлігімен шетелге жөнелтілетін сәлемдемелік почтаны өңдеу жерүсті сәлемдемелері үшін қарастырылған тәртіпте жүргііледі, бірақ учаске жұмыскерлері әуе сәлемдемелерін ең алдымен өңдейді және таяуда шығатын рейспен жібереді.
Әуе сәлемдемелерімен депешалар тиісті жеріне осы ереженің 69 тармағында көрсетілген тәртіпке сәйкес 5 данада жасалатын CN38н. Жүкқұжатымен жіберіледі.
Жөнелтуге дайындалған жазбаша хат-хабарлармен депешалар және CN38н. жүкқұжаттар (CN41н. – әуе көлігімен жіберілетін жерүсті депешалары S.A.L үшін) 16н. Жүкқұжаттарына (2 данада) тіркеледі. Олар сәлемдемелерді өңдеу учаскесінен ПТБ алмасу учаскесіне (қозғалыс бөлімі) тапсырылады және ол жақтан әуе компанияларының өкілдеріне немесе әуежайдың жерүсті қызметіне 16н. жүкқұжаттарының негізінде сүйемелденеді.
§ 3 Шет елдерден жерүсті көлігімен келетін халықаралық сәлемдемелерді өңдеу
Шетелден ҚР-ның халықаралық почта алмасу пунктерінің алатын сәлемдемелері ХПАО-ға 16н. жүкқұжаттарға депешалар мен тапсыру. CN37н. жүкқұжаты тіркеліп түседі. CN37н. жүкқұжаттарының көшірмелеріне кеден органының инспекторымен ХПАП шекаралас орналасқан қызмет аймағына оның жеке нөмерлік мөрімен және қолымен куәландырылған, почтаны кедендік қамтамасыздандырумен шығару туралы шекара кеденінің «Жіберуге рұқсат» мөртаңбасының бедері қойылуға тиіс. ХПАО-ға депешалар кегеннен кейін ХПАО-дағы кеден кедендік қамтамасыздандырудың тұтастығын (пломба, БПҚ) тексереді және оны алады. ХПАО-ға түскен почтаны кеден инспекторы қабылдайды және тексереді.
Сәлемдемелік почтаны өңдеу цехына түскен сәлемдемелермен депешаларды цех жұмыскерлері 16н. жүкқұжаттарындағы және CN37н. тапсыру жүкқұжаттарындағы жазбаларымен атап тексеріледі, жеке әр депеша бойынша сүйемелдеу CN37н. тапсыру жүкқұжаттарында көрсетілген қаптардың санымен сәйкестігі салыстырылып тексеріледі. Сонымен бірге қаптар мен сәлемдемелердің сыртқы жағдайы, байламдарының плобаларының, БПҚ тексеріледі. Қап жасырмалары бойынша депешалардың дұрыс жіберілуі тексеріледі. Содан соң сәлемдемелер мен қаптар өлшенді, нақты салмағы қойылады.
Депешалардың, әсіресе құндылығы жарияланған сәлемдемелермен уақытылы түсуін бақылау жіберген мекемелерден оларды жөнелту тәртібінде жүзеге асырылады. Ол үшін қаптарды ашатын жұмыс орнында әр алмасу орны бойынша жерүсты және әуе көлігімен (автоматты режімде депешалардың есебі ҚАЖ БҚ-да жүргізіледі) жіберілетін кіріс депешаларды есепке алу журналы жүргізіледі.
Әр сәлемдеме жіберілген нөмірін ( жіберілген орнында жабсырылған 13таңбалы штрихкодта көрсетілген сәлемдемелердің теңестіру нөмірі) сканерден өткізіп КАЖ БҚ керек. Онда
Сәлемдемелік почтаны өңдеу кезінде түскен депешаларды ашу кезектілігі сақталады. Ең бірінші әуе депешалары алдымен сүйемелдеу құжаттары бар бас қап сонан соң қалғандары ашылады. Ақаулы депешалар болған жағдайда олар ең алдымен тексеріледі. Сондай-ақ жалпы массадан “Консигнация” жүйесі бойынша түскен топтастырылған сәлемдемелермен депешалар бөлінеді және олар басым тәртіпте кедендік тексеріске берілді.
“Консигнация” жүйесі бойынша жіберілетін топтастырылған жөнелтілімдермен депешалар қоғамның басқа почта әкішіліктерімен жасаған шарттары негізінде түседі. Топтастырылған сәлемдемелерді өңдеу құндылығы жарияланған сәлемдемелерді өңдеу тәртібіне ұқсас жүргізіледі, бірақ кедендік тексеріске жөнелтушімен және депешаны сүйемелдеушімен (әр сәлемдеме үшін жеке кедендік декларацияны алмастыратын) жасалған жиынтық шотымен қоса бір CN23н. кедендік декларациясымен беріледі, онда жөнелтушінің және алушының мекен-жай деректері, тауардың құны туралы мәлімет, сәлемдемеге салынған заттардың тізбесі, олардың саны, салмағы көрсетілген. Тексерістен кейін кеден инспекторы “Босатуға рұқсат” (“Выпуск разрешен”) мөртаңбанын, жеке нөмерлік мөрін және жиынтық шоттарға қолын қояды.
Депешалардың әр қаптарын ашқан кезде CN71н. сәлемдемелерін сүйемелдеу мекен-жайлары CP87н. сәлемдемелік картадағы жазбалармен салыстырылып тексеріледі, сәлемдемелердің салмағы және ҚР-ның пайдасына сәлемдемелік карталар бойынша аударымдардың дұрыстығы тексеріледі сүйемелдеу мекен-жайларда сәлемдемелердің нақты салмағы көрсетіледі.
CP71н. сүйемелдеу мекен-жайлардың деректері негіінде жеке екі данада тізбе жасалады:
- ақаулысәлемдемелерге;
- әуе сәлемдемелерге;
- осы өндірістік объектілерде берілуге тиісті сәлемдемелерге;
- басқа өндірістік объектілерге жіберілетін сәлемдемелерге;
- заңды тұлғалардың атына жіберілген сәлемдемелерге (мекемелерге және ұйымдарға – үш данада)
- ҚР-да тіркелген шетел елшіліктеріне, сауда өкілдіктеріне және миссияларға жіберілген сәлемдемелерге.
Бір тізбеге жазылатын сәлемдеменің саны 30-дан ауспауы тиіс.
Тізбеге жазылған сәлемдемелер үш жұмыскер (кеден инспекторы және екі байланыс жұмыскері) қызмет көрсететін жұмыс орнында тексеріледі. Тізбелермен бірге кедендік тексеріске сәлемдемелерге сүйемелдеу мекен – жайлары және кеден декларациясы көрсетіледі.
Кедендік тексеріс үшін әр сәлемдемені ашар алдында оның деректері, оған қоса салмағы сүйемелдеу мекен – жайлардағы деректермен және тізбелердегі жазбалармен салыстырылып тексеріледі.
Егер сәлемдемелердегі салым CN23н кеден декларациясында көрсетілгеннен жоғары немесе сәлемдемеге салынған тауарлардың жалпы құны 1000 (мың) АҚШ долларынан және жалпы салмағы 31кг. асатын болса, не сәлемдемедегі тауарлар заңды тұлғалардың мекен-жайына ауысатын болса кеден инспекторы кедендік бажды есептеу туралы шешім қабылдайды. Әрі қарай ХПАО кеден брокері сәлемдемелерге салынғандарды толық тізбелеп және әр затқа кедендік алым соммасын көрсетіп бағдарламалық қамсыздандыруда кедендік жүк декларациясын (әрі қарай – ҚЖД) кедендік бақылау құжатын (әрі қарай – БҚБ) жасайды және кедендік баж есептейді.
Сәлемдемелердің берілуін бақылау және бажды төлеу үшін ҚЖД 5 данада жасалады, оның екеуі сәлемдемемен бірге жүреді және жіберілген өндірістік объектіде алушыға адресат тұратын қызмет аймағындағы кеден органына баж төлеу үшін беріледі. СР87н. сүйемелдеу мекен-жайға және CN23 кедендік декларацияға кеден инспекторы “Кедендік жүк” (“Жүк кеден бақылауында”) мөртабанының бедерін қояды және жеке нөмірлік мөртабанымен және қолымен растайды: сәлемдемеге басқа сүйемелдеу құжаттар қосымша берілуі мүмкін, баждық сәлемдеме салымына шот-фактуралар, лицензиялар, инвойстар және т.б.
Тексерілген сәлемдеме мұқият алғашқы орамына оралады, байланады және өлшенеді. Сәлемдемеге тексерістен кейін салмағын және “Тексерістен кейінгі салмағы” белгісімен-мен ресми белгілер үшін бағанда сүйемелдеу мекен-жайына қояды.
CP71н. cүйемелдеу мекен-жайға және CN23 кедендік декларацияға кеден инспекторы тексерілген бажсыз сәлемдемелерді “Босатуға рұқсат” мөртаңбан бедерін қояды. Сәлемдемеге және бланкіге сәлемдеменің тексерілгеннен кейінгі салмағы және оператордың қолы қойылады.
Әр сәлемдеме мұқият бастапқы орамына салып бітеледі және жеке қапта тіклей жіберілген орынның өндірістік объектісіне жіберіледі.
Сәлемдемемен бірге қапқа суйемелдеу мекен-жайы, шот фактура, лицензия, сертификат бар болған жағдайда кеден декларациясы салынады. Қаптар “Сақтандыру” қаптары үшін почта ережелерінде қатыстырылған әдіспен бітеледі.
Қапқа қатырма қағазға немесе басқа берік материалға жапсырылған. 17н жапсырма тіркеледі, жапсырманың оң жақ бетіне “Халықаралық сәлемдемемен”, “Сақтандыру” жіберілген жердегі өндірістік объектінің атауы сәлемдемені тексеретін алмасу орны, салмағы және қаптың нөмері немесе БПҚ көрсетіледі. Жапсырмаға сәлемдемені өңдеген және қапты бітеген екі жұмыскер қол қояды. Сонан соң оған ПМ бедері қойылады. Жапсырманың қайырма бетіне мекен – жай жапсырмасы жапсырылады, онда сәлемдеменің түрі, сәлемдеменің жіберілген орны, сәлемдеменің берілген ШПИ нөмірі, толық мекен – жайы және алушының толық атауы көрсетіледі. Сәлемдеменің еліне қайта жіберілген немесе қайтарылған жағдайда тиісті В немесе Д белгілері қойылады.
Тиісті орны бойынша сәлемдемелермен қаптарды жөнелерде 16нысан жүкқұжаты жасалады. Онда ШПИ нөмірін, жіберілген орнын, сәлемдеменің түрін көрсетіп тіркейді , кеден бажы немесе тапсыру туралы хабарлама болған жағдайда ол туралы «почта жөнелтімдердегі белгілер» атты 7 бағанда белгі қойылады.
Қаптар 16н жүкқұжатына тіркелгеннен кейін олар осы жүкқұжаттың кошірмесіне қол қою арқылы сәлемдемелік почтаны жіберу жоспарына сәйкес жөнелтуге беріледі. Почталық қауіпсіздік қызметі қаптардың жасалуына бақылау жүргізуі тиіс.
Егер тексеру кезінде сәлемдеме қандай да бір себебтермен кеденмен шығарылмаған және жіберген елге қайтаруға жататын болса цехтың жұмыскері оның қайтарылуын ресімдейді. Бұл жағдайда сәлемдемелерде және сүйемелдеу мекен-жайларында франсуз тілінде қайтарылу себебі көрсетіліді. Мысалы, ветеринарлық сертификаттың және т.с.с. болмауы. Одан басқа, бастапқы жіберілген орны қызыл қарындашпен айқастыра сызылады және “Retour” белгісі жасалады. Не ол қайтарылатын сәлемдемеге және сүйебелдеу мекен-жайына тіркелген, “Retour” (“Қайтару”) қайтару туралы белгісімен және CN15 жапсырмасымен жолдануға тиіс сәлемдемені қайтару жане берілмеу себебі осы жапсырманың арнайы бағдарында көрсетіледі.
Оның ішінде есептелген тарифтердің үлесі CP17н. сүймелдеу мекен-жайларына және СЗ87н, сәлемдемелік картаға тіркелетін, CP77н. тарифтік ведомостарда көрсетіледі. Кеден инспекторы сәлемдеменің суйемелдеу мекен-жайына және CN37н. тапсыру жүкқүжаттың «Шетелде қайтаруға жатады» мөртабаның, жеке мөрі мен қолын қояды. Осы жүкқужаттың бір данасы кеден инспектордың, жеке мөрі мен қолын қояды. Осы жүкқұжаттың бір данасы кеден инспекторда, екіншісі цехтың қужатарында қалады, ал қалғаны депешамен бірге жіберілді.
Достарыңызбен бөлісу: |