Ережесі жалпы тәртібі



Дата17.07.2016
өлшемі27.33 Kb.
«Жеңіс, естегілер, отаншылдық» тақырыбы бойынша газет

интернет-сайт немесе газеттерде жарияланған мақалаларға, фотосуреттер, үлгілі шығармалар жазған жастар мен ересек сынып оқушыларының арасында өтетін Республикалық бәйге конкурсының


ЕрежеСІ
Жалпы тәртібі


  1. Республикалық бәйге 2009 жылдың 1 қыркүйегінен 2010 жылдың 31 наурызына дейін созылады.

  2. Материалдар 2010 жылдың 7 сәуіріне дейін қабылданады.

  3. Бәйге қорытындысы 2010 жылдың сәуірінде шығарылады.

  4. Бәйгені, Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдық қолдауымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті жанындағы ЮНЕСКО кафедрасы мен үкіметтік емес ұйымдардың «Әріптес» Алматы Конфедерациясы (ҮҰАК) ұйымдастырып, өткізеді.


Сарапшылар алқасы


  1. Сарапшылар алқасы құрамына белгілі журналистер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультетінің оқытушылары, бірқатар балалар жастар мәселелерімен шұғылданатын үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері енеді.

  2. Сарапшылар тақырып бойынша озық жұмыстарды екі (2) саты бойынша іріктейді.

  3. Алқа 2010 жылдың сәуіріндегі мәжілісінде үздік жұмыстарды бекітеді.


Негізгі принциптер


  1. Мектеп оқушылары жазған шығармалар, БАҚ жарияланымдары, бейне түсірімдер мен фотосуреттер бәйгенің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беруі тиіс. Атап айтқанда: Қазақстанның патриоттық және рухани-өнегелі қазыналарына, қазақтар мен қазақстандықтардың дәстүр, әдет-ғұрып, тарихы мен мәдениетіне тарту; оның өткенімен таныстырып, бүгінгі күйі жөнінде әңгілелеу, Республиканың келешегіне көз жүгірту.

  2. Материалдар мектеп оқушылары шығармаларына немесе шығармашылық журналистік туындыларына қойылатын барлық талаптарға сай болуы тиіс.

  3. Олар ақпараттық, талданбалы, танымдық және очерктік сипатта бола алады.

  4. Материалдар жалпы жұртшылық ұғымына сай публицистикалық бағыттағы актуальды және ұғынықты болғаны абзал.

  5. Туындылар бәйге ұсынып отырған тақырып аясынан аспасын. Атап айтқанда, қазақстандықтардың жеңісі, естеріндегілері мен отаншылдығына арналған болуы міндетті.

Марапаттау
Қазақ және орыс тілдеріндегі үздік еңбектер, бейне – түсірілім мен фотосуреттер БАҚ, радио, телеарна, веб-басылым беттерінде жарияланып, айқындалады.

Жеңімпаздарға сертификаттар тапсырылады. Сондай-ақ, тұрақты түрде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын жазатын БАҚ редакциялары, оқу басқармалары, мектептер тарапынан сертификаттармен марапатталады.


Түйіндеу


  1. Сарапшылар алқасы бәйгеге түскен материалдар жөнінде рецензиялар және БАҚ, журналистер, үкіметтік емес ұйымдар, педагогтерге есеп бермейді.

  2. Бәйге материалдары екі данадан ұсынылады:

    • тасқа басылған және электронды нұсқадағы мектеп оқушыларының шығармалары – екі дана;

    • материал жарияланған газеттің екі данасы;

    • екі бейне дискіге қоса, материалдың БАҚ жүзін көргенін куәландыратын хат ұсынылады; ол мекеме жетекшісінің растайтын қолы қойылып, мөрі басылады;

    • материал тақырыбы көрсетілген, автордың қағазға шығарылған екі фотосуреті мен электронды нұсқалары.

  3. Бәйгеге тапсырылған материалдар кері қайтарылмайды.

  4. Бәйге қорытындысы бойынша 2010 жылғы сәуірде баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, тақырып бойынша жарияланған үздік туынды жеңімпаздарына сертификаттар тапсырылады.

Бәйгеге ұсынылған материалдарды одан кейінгі пайдалану құқын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті жанындағы ЮНЕСКО кафедрасы мен үкіметтік емес ұйымдар «Әріптес» Алматы Конфедерациясы (ҮҰАК) иемденеді.
Материалдар төмендегі мекен жайына жолдану тиіс:

Алматы, әл-Фараби, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті, ЮНЕСКО кафедрасы. Тел.: 8(727)377-34-43. Ахметова Ләйлә Сейсембекқызына. «Жеңіс, естегілер, отаншылдық» тақырыбы бойынша жоғары сынып оқушылары мен жасөспірімдер арасындағы бәйгеге.


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет