Ережесі Нормативтік сілтемелер



жүктеу 390.65 Kb.
бет1/3
Дата08.07.2016
өлшемі390.65 Kb.
  1   2   3
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнде

білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
 Нормативтік сілтемелер

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Жарлығымен бекітілген «Білім туралы» Заңы (2011 жылдың 24 қазанында өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген, 2010 жылдың 13 сәуірдегі №168, 2010 жылғы 1 қарашадағы №506 және 2011 жылдың 16 наурыздағы №94 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген “Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі” (бұдан әрі – Ереже);

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген “Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі”.



  1. Негізгі ұғымдар




    • Білім алушы – бакалавриаттың кәсіптік білім бағдарламаларын игеруші студент немесе магистратураның кәсіптік білім бағдарламаларын игеруші магистрант.

    • Үлгерімді ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың кәсіптік оқу бағдарламаларын және жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.

    • Оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі.

    • Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – білім алушылардың білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

    • Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

    • Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, дәрісханалық және дәрісханадан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру.

    • Транскрипт (Transcript) – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген, тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар, белгіленген нысандағы құжат.

    • Аралық (межелік) бақылау бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.

    • Оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы.

    • Емтихан сессиясы - білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі.

  • Белсенді үлестірмелі материалдар – сабақ үстінде білім алушыларға тақырыпты шығармашылықпен, әрі жемісті игеруі үшін таратылатын белсенді көрнекілік құралдар (дәрістер тезистері, сілтемелер, мысалдар, анықтамалар, өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар).

  • Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау - әр түрлі тапсырмалар (жазбаша жұмыс, тесттер, практикалық жұмыстар, портфолио, ауызша сауалнамалар т.б.) негізінде білім алушылардың нақты пән бойынша білім жетістіктерін анықтау.

  • Білім алушының өзіндік жұмысы (БАӨЖ) - барлық танымдық іс-әрекетте шығармашылық ойлауды дамытатын және интеллектуалды қабілетін оятатын білім алушының жеке жұмыс нысандарының жиынтығы.

  • Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысы (БАОӨЖ) - оқытушының басшылығымен және оның тапсырмаларымен жүргізілетін дәрісханалық және дәрісханадан тыс өзіндік жұмыс.

  • Білім алушының оқу жетістіктері – білім алушының оқу үрдісінде қол жеткізген деңгейін көрсететін білімі, ебдейлігі мен дағдысы.


2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін

бақылау және бағалау
1. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеруді университет өзі дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың емтихан тапсыру және сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде жүзеге асырады.

2. Білім беруді ұйымдастырудың тиімділігін, оның сапасының деңгейін және білім алушылардың білім жетістіктерін анықтауды университетте тіркеуші офисі іске асырады.

3. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша білімді бақылау және бағалау негізінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес анықталады, оны дәстүрлі бағалау шкаласына аудару 1-кестеге сәйкес жүргізіледі.

Кесте 1


Пән бойынша бағалау жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық

құрамы, %

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

4. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, дәрісханалық және дәрісханадан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан жинақталады.

5. Үлгерімнің ағымдық бақылауы кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын орындау, білім алушының өзіндік жұмысы, аралық бақылау) 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланып, ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.

Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де қолданылады.

6. Аралық бақылау әрбір пән бойынша бір академиялық кезеңде екі рет өткізіледі.

7. Білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

8. Білім алушылардың аралық аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізу тіркеуші офисіне жүктеледі.

9. Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады және пәннің барлық кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру түрі болып табылады және академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды көздейді.

10. Сараланған (дифференциалдық) сынақтар білім алушылардың зертханалық және есептеу-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) ойдағыдай орындағандығын, сондай-ақ олардың бекітілген кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби практикадан өткендігін тексеру нысаны болып табылады.

Сараланған (дифференциалдық) сынақтар балдық-рейтингтік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады және сол жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда көшіру балына есептеуде ескеріледі.

11. Білім алушылардың кәсіби  практикадан (оқу, оқу-танысу, педагогикалық, өндірістік т.б.) өтуі кезінде бағалануы сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде 100 балдық (100 пайыздық) бағалау жүйесіне сәйкес қойылады. Білім алушының практикада болу мерзіміндегі жұмысы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 60%, практика есебін қорғауы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 40% болып есептеледі.

Пән бойынша бақылау түрі тек курстық жұмысты (жобаны) қорғау болған жағдайда, білім алушының білімін бағалау сараланған (дифференциалдық) сынақ түрінде 100 балдық (100 пайыздық) бағалау жүйесіне сәйкес қойылады. Білім алушының курстық жұмысты (жобаны) орындауына 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 60%, курстық жұмысты (жобаны) қорғауы 100 пайызға дейін, салмақтық үлесі 40% болып есептеледі. Бұл жағдайда курстық жұмыстың (жобаның) бағасы мемлекеттік стипендияны, курстан курсқа көшіру балына есептеуде ескеріледі. Пән бойынша курстық жұмысты (жобаны) тапсыру беріліп, бірақ сол пәннен бақылау түрі емтихан болған жағдайда курстық жұмысты (жобаны) бағалау пән бойынша ағымдық бағалауға енгізіледі.

12. Емтихан сессиялары қысқы және жазғы болып бөлінеді.

Тіркеуші офисінің жазбаша рұқсатынсыз емтихан өткізу рәсіміне қатыспайтын тұлғалар жіберілмейді.

13. Факультет деканының (институт директорының) емтихан сессиясына жіберу туралы өкімінде білім алушының аты-жөні, курсы, мамандығы және академиялық тобы көрсетіледі.

Емтихандық сессияға жіберу екі кезеңнен тұрады:

1) бірінші кезеңде факультет деканының (институт директорының) жалпы шешімімен оқу ақысын толық төлеген, пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ білім алушылардың сессияға жіберілуі жүзеге асырылады;

2) екінші кезеңде тиісті пән бойынша үлгерімнің ағымдық және аралық бақылау қорытындысымен анықталатын рейтинг бағасы негізінде емтиханға автоматты түрде жіберілу жүзеге асырылады. Аталған рұқсат беру емтихан ведомостарындағы әрбір білім алушының тегінің тұсына тіркеуші офисі тиісті белгі қоюымен орындалады.

Аталған пән бойынша жіберу рейтингісін алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Курстық жұмыстарын (жобаларын) тапсырмаған білім алушылар тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

14. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде емтиханда алған бағасы мен академиялық кезең ішіндегі үлгерімнің ағымдық бақылаудағы бағалануының орташа балы есептеледі.

Емтиханда білім алушының үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

15. Оң баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», D, D+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен білім алушының сынақ кітапшасына алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан ведомосына ғана жазылады.

16. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң білім алушыға оның оқу жетістіктерінің бағасы болып табылатын қорытынды баға қойылады.

Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингісінің бағасы (орташа рейтинг) мен қорытынды бақылау бағалары кіреді.

17. Үлгерімді ағымдық бақылаудың бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) пән бойынша қорытынды бағаның 60%-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40 %-ын құрайды.

18. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болып, білім алушының транскриптіне жазылады.

19. Білім алушы қорытынды бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.

20. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

21. Факультет деканы (институт директоры) кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы жағдайына, қызметтік себептерге байланысты) білім алушыға емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат бере алады.



Факультет деканы (институт директоры) білім алушыға денсаулығына, сәбиінің дүниеге келуіне, жақын туыстарының қайтыс болуына, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырған жағдайда емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруына рұқсат береді.

22. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі.

23. Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімімен беріледі.

24. Барлық оқыту нысанына арналған емтихандар кестесін тіркеуші офисі факультет деканымен (институт директорымен) бірлесе жасайды.

Емтихандар кестесін бірінші проректор-оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді. Сессия басталғанға дейін екі апта мерзімінен кешіктірмей емтихандар кестесі білім алушылар мен оқытушылар назарына жеткізіледі.

25. Емтиханға келгенде білім алушының қолында емтихандық сессияға жіберілгендігі туралы мөр басылған сынақ кітапшасы болуы міндетті.

26. Қорытынды бақылау өткізу үшін тіркеуші офисі тарапынан емтихан қабылдаушыға білім алушылардың академиялық кезеңде жинаған балдары мен жіберілу рейтингісі көрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді.

27. Білім алушының пән бойынша дәрісханалық жұмысының, оқытушымен өзіндік жұмысының және аралық, қорытынды бақылау (емтихан) жұмыстарының әрқайсысы, сондай-ақ сабақтардағы әрбір жауап, тапсырылған жеке тапсырма, әрбір зертханалық жұмыс және реферат 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады. Білім алушылардың білімін бағалауда тапсырма түрінің ерекшелігі мен күрделілігін анықтайтын коэффициенттер (салмақтық үлес) беріледі. Сол тапсырма бойынша білім алушының ағымдық бақылау бағасы 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланған бағасын осы салмақтық үлеске көбейту арқылы есептелінеді (2- кестеде жеке тапсырмалар түрлері бойынша салмақтық үлестер 3-бағанда келтірілген).

28. Ағымдық бақылау бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы (БАӨЖ-дағы) ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағаларынан жинақталады. Бағалау приципі 1-қосымшада көрсетілген.

Дәрісханалық сабақтардағы және білім алушының өзіндік жұмысын тапсырудағы (БАӨЖ-дағы) ағымдық бақылау бағасы пән ерекшеліктеріне байланысты тарсырмалар түрлері бойынша бағалануы 2-кестеде берілген.


Кесте-2

Білім алушылардың білімін ағымдық бағалау шкаласы




Тапсырма

түрлері


Салмақтық үлесі


Орындалған әрбір тапсырма 0-100 балл (пайыз) аралығында бағаланады




Орташа арифметикалық қосынды (%)



t1- 1-ағымдық бақылау (%)

Орындалған әрбір тапсырма 0-100 балл (пайыз) аралығында бағаланады




Орташа арифметикалық қосынды (%)

t2- 2-ағымдық бақылау(%)

1

апта


2

апта


3

апта


4

апта




5

апта


6

апта


7

апта


8

апта


9

апта


10

апта


11 апта

12 апта

13

апта


14 апта

15 апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

І

Дәрісханалық жұмыс, оның ішінде


0,60







60







60

1

Сабаққа қатысу

0,15


























































2

Сабақтағы белсенділік





























































3

Бақылау жұмысы





























































4

Зертханалық жұмыс





























































ІІ


СӨЖ, оның ішінде:

0,40







40







40

1

ЕГЖ (презентация)





























































2

Үй тапсырмасы





























































3

Реферат, баяндама
































































Ағымдық бақылау

1

























100




























100

2-кестедегі дәрісханалық және білім алушының өзіндік жұмысындағы тапсырмалардың түрлері пән ерекшеліктеріне байланысты құрылымдалады, сабаққа қатысуға 0,15 салмақтық үлес міндетті түрде беріледі, қалған тапсырмалардың тізімі мен салмақтық үлесі оқытушының таңдауымен өзгертілуі мүмкін. Дәрісханалық жұмыс бойынша қосынды салмақтық үлес 0,60-тан аспауы және білім алушының өзіндік жұмысы бойынша қосынды салмақтық үлес 0,40-тан аспауы қажет.

Есептеулерге түсіндірме: 11-бағандағы нәтиже сол тапсырма түрі бойынша әрбір аптадағы білім алушының алған бағаларының (100 пайызға дейін) орташа арифметикалық қосындысы түрінде анықталады.

Тиісті тапсырма бойынша 12-бағандағы ағымдық бақылаудың бағасы сәйкес жолдардағы 11-бағандағы орташа арифметикалық қосындының 3-бағандағы салмақтық үлеске көбейтіндісі түрінде анықталады.

Әрбір тапсырманың 12-бағандағы нәтижелері қосылып, ағымдық бақылаудың нәтижесін береді.

2-ағымдық бақылаудың қорытынды бағасы да осы тәртіппен шығарылады.

Есептеулер бүтін санға дейінгі дәлдікпен жүргізіледі.

Осы келтірілген тәртіппен білім алушының кез-келген кезеңдегі (мысалы алғашқы 1-3 апта аралығындағы) ағымдық бақылауының бағасын есептеуге болады.

29. Білім алушының пән бойынша білімінің салмақтық үлесі бойынша 60%-ын оқытушы бағалайды (ағымдық бақылау). Қорытынды бақылаудың (емтиханның) салмақтық үлесі бойынша 40%-ы тіркеуші офисі арқылы білім алушының ауызша жауап түрінде, жазбаша жауапты эксперттік комиссияның бағалауымен (штрих-код түрінде) немесе тест түрінде өткізу арқылы анықталады.

30. Жазбаша (ауызша) түріндегі аралық бақылауды (модульді) бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады.

31. Ауызша емтиханды бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады.

32. Жазбаша емтиханды өткізу кезінде білім алушыға 3 сұрақ беріледі. 1-ші сұрақ - ең жоғары 100 пайызға дейін, 2-ші сұрақ – ең жоғары 100 пайызға дейін, 3-ші сұрақ – ең жоғары 100 пайызға дейін бағаланады. Аралық бақылаудың және емтиханның қорытынды бағасы 3 сұрақ бойынша барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы түрінде шығарылады. Бұл есептеулер бүтін санға дейінгі дәлдікпен жүргізіледі. Жазбаша емтиханды

бағалау кезінде оқытушы қойған емтиханның қорытынды бағасы 4-кестеде көрсетілген пайыздық бағалардың аралығына сәйкес келген жағдайда бағалау білім алушының пайдасына шешіле отырып, келесі жоғары баға қойылады. Мысалы, оқытушы емтихан бағасына 91 пайыз қойған жағдайда, бұл бағаның 4-кестедегі бағалау шкаласында болмауына байланысты келесі жоғары балл 92 пайыз таңдалады.

33. Тест түрінде өткізілген аралық бақылауда білім алушыға 20 сұрақ беріледі. Аралық бақылаудың тест түріндегі бағалау көрсеткіші 3-ші кестеде берілген.

Кесте 3


Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)


Тест балы

Әріптік жүйе

бойынша бағасы

Пайыздық

құрамы, %

20

А

100

19

А-

94

18

В+

89

17

В

84

16

В-

79

15

В-

75

14

С+

74

13

С

69

12

С-

64

11

D+

59

10

D

50-54

9-0

Ғ

0

Ал, тестілеу емтиханында білім алушыға 50 сұрақ беріледі. Бағалау көрсеткіші 4-кестеде берілген.


Кесте 4
  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет