Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата25.04.2023
өлшемі0.87 Mb.
#472748
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам. Джордж Клейсон

АЛТЫНШЫ ДАУА
Келешекке жетер табысты қамты
- Əр адамның ғұмырын оның балалық шағынан егде шағына дейін
кезең қамтиды. Бəріміздің де өмір жолымыз осы, одан ауытқуға
ешкімнің де қауқары жоқ, егер Жаратқан өзіне бұрынырақ
қ
айтармаса.Сондықтан да, қауқары кетпей тұрып, артында қалатын
ə
улеті үшін адам өзіне лайық табыс табуға əзірленуі керек деймін. Бұл
сабақ сендерге болашақта ештеңе үйрене алмайтын егде кезде толық
ə
миян ұстап жүруге үйретеді.- деп бастады Арқат алтыншы дəрісін
шəкірттерге.- Байлықтың өсу заңын біле тұра ақша жинаған адам, ылғи
да келешек туралы ойлауы керек. Дер кезінде алдын ала
ойластырылған жылдарға жететіндей кейбір салымды жоспарлаған
абзал.
Мығым болашақты қамтудың жолдары көп. Лайықты да жасырын
жер тауып, оған өз жинағыңды көміп тастауға болады. Алайда,
қ
аншалықты жасырсаңыз да, ондай қазына ұрылардың табындысына
айналуы қиын емес. Сондықтан бұл жолмен жүруге кеңес бермеймін.
Артығымен үй мен жер бөліктерін сатып алуға болады.Егер олар
дұрыс таңдалып, болашақта өз құнын сақтай алса, онда одан түсетін
табыс не сату түсімі аталмыш мақсатқа лайық қызмет етуі əбден
мүмкін. Шағын соманы өсімгерге тапсырып, оны тұрақты түрде
толықтыра беруге де болады. Үстеме пайызын қосқанда, ол келешекте
қ
омақты өсім бола алады.Мен Аңсан есімді етікшіні білем, ол маған
сегіз жыл бойы өсімгерге апта сайын екі күміс теңге тапсырып
тұрғанын айтты.Жуырда өсімгер салымды есептесе, айтарлықтай сома
болыпты. Əрбір төрт жылдағы ширек сома өсімін қосқанда, оған мың
қ
ырық күміс бақыр қорланыпты. Мен оған енді он екі жыл бойы тағы
да апта сайын екі күміс салуды ұсындым да, өсімгер оған төрт мың
күміс төлейтіндігін айттым. Ол сома - қартайып өлгенше жететін қор.
Егер де ұсақ жарнаның өзі осындай пайда келтірсе, ендеше əр адам
ө


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет