Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет32/35
Дата25.04.2023
өлшемі0.87 Mb.
#472748
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Ежелгі Бабылдағы ең бай адам. Джордж Клейсон

№ 5 Сазбітік
Тағы да түнгі аспанның сəнін толған ай келтірді. Соңғы жазбаны
түсіргелі көп уақыт өткенін есіме алдым. Содан бері он екі ай
ө
тіпті.Бірақ бұл жолы мен сазпараққа ештеңе жазбаймын, себебі, бүгін
мен барлық қарыздан құтылдым. Бұл күні зайыбым екеуміз үлкен той
жасадық, өйткені, көптен күткенімізге жеттік қой.
Қ
арызгерлерді соңғы рет аралап шыққалы талай жайттар болды
ғ
ой, бəрі жадыңда қалмайды.Ақпар досым өзінің дөрекі қылығы үшін
менен кешірім сұрап, мені ең жақын əрі нағыз досы екенімді


мойындады.
Алқахат қарт болса, сонша жаман кісі емес болып шықты, ол да
маған: «Сен бір кезде əркім езгілеп, ойына келген бейне илейтін бір
уыс саз болатынсың, енді сен найзаның ұшы да сызат қалдыра
алмайтын кесек қолаға айналыпсың. Егер саған күміс не алтын бақыр
керек болып қалса, менен кез келген уақытта келіп ала аласың» деді.
Мені құрметтейтін ол ғана емес екен. Менімен көптеген адамдар
сыйласа əңгімелесетін болды. Əйелім маған қарағанда, жанары оттай
жанып кетеді де, ал менің өзіме деген сенімім онан сайын арта түседі.
Бірақ мəселе менде емес, маған сəттілік əперген жоспарда ғой. Ол
маған барлық қарыздан құтылуға жол ашты, ал əмияныма
сыңғырлаған алтын мен күміс толтырды.Бұл жоспарды өмірден өзінің
мол сыбағасын алғысы келетін əркімге де ұсынар едім. Ол бұрынғы
құ
лға өз қарызын төлеуге мүмкіндік берсе жəне байлыққа қол жеткізсе,
онда ол кез келгенге де басыбайлы болуға жəрдемдеседі. Алайда, мен
бұл жоспарды бітірген жоқпын,өйткені, оның мені бай адамдар
санатына қосарына сенем.
Ноттингемдік университет
Ньюарк-на-Тренте
Ноттингем
7 қараша 1936ж.
Британдық ғылыми зерттеу
экспедиция жетекшісіне,
профессор Франклин Колдвеллге.
Хилла, Месопотамия.
Құ
рметті профессорым.
Бабыл үйіндісін одан əрі қазу кезінде Сіз осы қаланың Табасар атты
түйе саудагерінің рухымен кездессеңіз, маған бір жайға көмек етіңізші.
Бірнеше мың жыл бұрын оның сазпарақтарға қалдырған хаты үшін
оған біздің Англиядағы университеттің бірнеше қызметкерлері
атынан мəңгілік алғысымызды жеткізерсіз.
Менің Сізге бір жыл бұрын жазған хатым есіңізде болар, əйелім
екеуміз оның сол жоспарын қолға алып, біршама қарыздан құтылып,
еңсемізді
түзеуді
ойластырудамыз.Мен
мұны
достарымыздан
жасырып келсем де, Сізден жасыра алмаймын əрі өзіңіз біздің


қ
аржылық жағдайымызды білесіз ғой.
Жылдар бойы жиналған қарызымыз берекемізді кетіріп, еңсемізді
көтертпей келеді.Тіпті, өзіме деген сенімім азайды, сатушылардың бірі
дау шығарып, университеттен қуыламын ба деген үрей бойды билей
бастады.Біз үнемдеген əр шиллиңді (шиллинг) төлесек те, жағдай
жақсарар емес.Оған қоса күнделікті тірлікке де қаржы жеткізе алмай,
қ
арызға белшемізден батудамыз.
Жағдайымызды құлдыратқан қайдағы бір қарғыс шеңберінен шыға
алмай отырмыз. Онымен күрестің мəні болмауда. Арзан үй жалдауға да
шамамыз жоқ, өйткені, кəзіргі қожайынға берешегімізден шыға
алмаудамыз. Жағдайымызды жақсартатындай үміт отын көре алмай
отырғанымыз қынжылтады.
Осы арада Сіздің танысыңыз – Бабылдағы ежелгі түйе саудагерінің
ө
з жоспарымен жолыға кеткені. Ол біздің жанымызды қозғап, тыныш
таптыратын емес, оның жүйесін қолданып көргелі тəуекел еттік.
Қ
арызымыздың тізімін жасап, барлық қарызгерлерді аралап шықтым.
Бұрынғыдай қарыз төлеудің мүмкін еместігін жеткіздім,олар
барлық есеп-қисабымды қарап, амалсыз келісті.Оларға қарыз төлеудің
барынша тиімді жолы табысымның жиырма пайызын ғана
пропорциональ түрде бөліп беру екенін айттым.Бұл жоспар бəрімен де
екі жылдан сəл аса уақытта есептесіп болатынымды қамтиды.Бұған
қ
оса, олардан қай сатықты да несиеге емес, тек қана қол ма қол ақшаға
ғ
ана сатып алатын болдық.
Сатушылардың бəрі де қайырымды жандар екен. Біздің азық сатушы
қ
артымыз ақылды кісі екен, өз ойын былай білдіргенде, өзгесі бірден
ұқ
ты: «Егер сендер бар сатықты ақшаға алатын болсаңдар əрі
қ
арызды қоса төлеп отырсаңдар, бұл бұрынғы жағдайдан əлдеқайда
артық қой.Өйткені, қарыздарың соңғы үш жылда мүлдем кемімеген».
Ақырында барлық қарызгерлермен табысымның жиырма пайызын
бөліп тұрақты төлеу кезінде, олардың мені мазаламауларына
жазбаша келісудің сəті түсті.
Сосын
табыстың
жетпіс
пайызына
қ
алай
күн
көруді
ойластырдық.Оның үстіне, он пайызды өзімізге жинауды да қолға
алдық.
Бұл шынында да, тартымды əрекет екен. Бізге есеп-қисаппен
айналысу да ұнады,тіпті, жетпіс пайызбен де күн көруге болады екен.
Біз тұрғынжай жалақысын төлеуден бастап едік, қожайын бізге
біршама жеңілдік жасады. Сосын жоғарғы шай сұрпынан бас тарттық
та, арзан ақшаға да керемет азық алуға болатынына көз жеткіздік.


Хатқа жазуға бұл хикая сонша ұзақ, дегенмен, аталмыш жоспарды
жүзеге асыру соншалықты күрделі іс емес екен.Біз оны қолға алып,
ө
зімізге өзіміз риза болудамыз. Ісіміздің оңға басып, бізді бұрынғы
қ
арызымыздың
қ
ыр
соңымыздан
қ
алмай,
ө
кшелеуі
де
сап
басылғандықтан, қандай жеңілдік тапқанымызды сөзбен айтып
жеткізу мүмкін емес.
Жинаққа айналдырған табысымыздың он пайызы турасында ерекше
тоқталған жөн.Иə, жинағымыз біршама уақыт бойы молайды. Бірақ,
алдын ала күлмей тұра тұрыңыз. Ақшаны жұмсағаннан гөрі оны
жинау лəззаты керемет екен.Оны қайта-қайта санаудың өзі жан
семіртер қылық!
Сыңғырлаған ақша дыбысымен жанымызды рахатқа бөлеген соң, біз
оған барынша тиімді қолданым таптық.Іздеп-іздеп, бізге ай сайын сол
он пайызды тауып беретін салым түріне кезіктік. Бұл жайт біздің
жайма шуақ өмірге оралуымыздың сəтті мезеті болып шықты.
Салымымыз тұрақты түрде өсетінін білгендіктен, кəзір біз айтып
жеткізбес қорғаныс сезімін бастан кешудеміз.Дəріс беру маусымын
аяқтағанымда, біздің қолымызда ғұмырға жетерлік дөңгеленген сома
құ
ралмақ.
Мұның бəрі бұрынғы табыс мөлшерінен құралып отырған
қ
аржы.Бұған сенуге болмас, бірақ шындығымыз - осы.Біздің қарызымыз
тұрақты түрде төленуде, ал жинағымыз сонымен бірге жарыса
молаюда.Оның үстіне біздің қаржылық ахуалымыз айтарлықтай
ө
згерді. Ақыры біз тірліктің ағынымен малтығаннан, қаражат
жоспарымен өмір сүрудің арасында орасан айырма барын ұқтық.
Келесі жылы, бар қарызымыздан құтылған кезде, біздің салымымыз
еселене түсіп, тіпті, саяхатқа да артылады.Біз енді бұдан былай
күнделікті
шығынымызды
табыстың
жетпіс
пайызынан
арттырмауды шегелеп тұрып шештік.
Бізді «жербетілік тозақтан» жоспары құтқарған ежелгі бабылдық
кісіге ерекше алғысымызды білдіру ниетімізді енді түсінген боларсыз.
Ол мұның бəрін біліпті. Ол осы жайтты өзі де кешкен болды.Жəне де
ө
зінің осы бір ащы тəжірибесін өзгелердің де тұтынуын қалаған екен.
Сол себепті де ол ұзақ уақытын иленген сазды жазбалы параққа
айналдыру машақатына жұмсапты.
Оның тағдырлас бауырларына айтары шынында да бар болып
шықты,жəне де ол қалдырған мəліметтің маңызы сол, тіпті, бес мың
жыл өткесін де, сазпараққа жазба түскен күндегідей өзекті болып
қ
алуда.


Шын жүректен,
Сіздің - Альфред Шрузбериңіз.
Археология бөлімшесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет