Ерікті медициналық сақтандыру туралы



жүктеу 30.24 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі30.24 Kb.
Ерікті медициналық сақтандыру туралы.
Денсаулық адам өміріндегі ең зор байлық. Бірақ адамдар оған сырқат бойын алып, мазалай бастаған кезде ғана назар аударады. Біздің мемлекетіміз мемлекеттік бағдарламаның шегіндегі белгілі бір медициналық көмекті ғана қамтамасыз ететін қажетті мединалық көмек алуға кепілдік береді, бірақ ол біздің азаматтарымыздың тұтыныстарын үнемі қанағаттандыра бермейді.
Қазіргі кезде көптеген сақтандыру ұйымдары ерікті сақтандыру қызметтерін ұсынып отыр, ол азаматтардың жеке тұтыныстарын есепке ала отырып қосымша медицинаалық қызметтердің мейлінше лайықты нұсқаларын қамтамасыз ете алады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылған тұлғаның медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызметтерді алу үшін медициналық мекемеге жүгінуіне байланысты шығындарының ішінара немесе толық өтем мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды қарастыратын жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Сақтандырудың бұл класы ерікті сақтандыру разрядына жатады, оның талаптары мен тәртібі сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) мен сақтанушының арасындағы жазбаша сақтандыру шарты нысанындағы келісіммен және сақтандыру ұйымдарының қызметін қадағалауды жүзеге асыратын өкілетті органмен мақұлданған сақтандыру ұйымымен өңделген Сақтандыру ережелерінің негізінде белгіленеді.
Қазіргі кезде осындай орган болып Қазақстан Республикасының қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі табылады, ол Қазақстан Республикасының 04.07ү2003 жылғы №474-ІІ «Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы» 31.12.2003ж. №1270 Жарлығына сәйкес құрылған.
Ерікті медициналық сақтандыру шартын жасау үшін сақтандыру ұйымын таңдайтын кезде мүдделі тұлғаларға бірінші кезекте сақтандыру ұйымының қолында өкілетті органмен берілген лицензияның бар-жоқтығына көз жеткізіп, Сақтандыру ережелерінің талаптарымен мұқият танысу керек. Сақтандыру ережелерімен белгілі бір ерікті медициналық сақтандыру бағдарламалары ұсыныла алады, азаматтар оларды өздерінің қарауына орай таңдап ала алады.
Ұсынылып отырған бағдарламаларда стационарлық емдеу, кешенді медициналық қызмет көрсету, амбулаторлық-емханалық қызмет көрсету, отбасылық сақтандыру, шетелдерге шығатын азаматтарды медициналық сақтандыру, балаларға арналған бағдарламалар және т.б. сияқты медициналық қызметтердің әртүрі қарастырылуы мүмкін.
Сондықтан медициналық бағдарламаны таңдайтын кезде осы класс бойынша сақтандыруды жүзеге асыратын әрбір сақтандыру ұйымының иелігінде болатын осы саладағы мамандардың кеңестерін есепке алу керек.
Сонымен қатар сақтандырушымен сақтандыру шартын жасайтын кезде сақтанушы сақтандыру шартының талаптарымен, сақтандырушының, сонымен қатар сақтанушының құқықтарымен және міндеттерімен мұқият танысу керек.

Бұл жағдайда шарт немесе сақтандыру полисі (ол полис беру арқылы жасалған болса) азаматтық заңдарға сәйкес төмендегілерді қамтуға тиіс:



  • сақтандыру объекті;

  • сақтандыру жағдайы;

  • сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері;

  • сақтандыру сыйақысының мөлшері, оны төлеу тәртібі мен мерзімдері;

  • шарттың (сақтандыру полисінің) әрекет ету мерзімі, оның жасалған күні мен нөмірі;

  • сақтандыру арақатынасының қатысушылары болып табылатын болса, сақтандырылған тұлға мен табыс иеленуші туралы нұсқау;

  • шарттың талаптарына өзгертулер енгізу жағдайлары мен тәртібі;

  • сақтандыру төлемінің талаптары;

  • тараптар туралы сәйкес мәліметтер мен деректемелер .

Шартты жасайтын кезде сақтандыру жағдайлары болып табылатын жәйттарға, оның ішіндегі ерекшеліктерге және сақтандыру шектеулеріне ерекше назар аудару керек. Сақтандыру шектеулерінде сақтандырушы сақтандыру шартын жасаудан бас тартуы мүмкін аурулардың түрлері, сондай-ақ сақтандыру ұйымы шарт бойынша жауап бермейтін негіздер қарастырылуы мүмкін.


Сондай-ақ шарттарда сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттардың тізімі, сақтанушының сақтандырушыны сақтандыру жағдайының туындағаны туралы хабарландыру мерзімі көрсетілуі керек.

Сақтандырушы мен сақтанушының арасындағы келісім бойынша сақтандыру шартында (полисінде) «ерекше талаптар» деген бөлімде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормалары мен Азаматтық кодекске қайшы келмейтін басқа да талаптар қарастырылуы мүмкін.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет