Ерінгүлділер ( la m ia ce ae) ТҰҚымдасының систематикалық ҚҰрамы



Дата07.07.2016
өлшемі119 Kb.
#184173
ЕРІНГҮЛДІЛЕР (LAMIACEAE) ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ

СИСТЕМАТИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Пшенбаева А., Тлеубергенова Г.С., Каракучукова А.Б.

(М. Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Қазақстан республикасындағы флора бойынша Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасынын құрамына 45 туысқа жататын 232 түрі кіреді. Ерінгүлділер тұқымдасының туыстық құрамына жататын басты туыстары: Төмағашшөп (Scutellaria) – 32 түрі, Жебір(Thymus) – 27 түрі, Жыланбас (Dracocephalum) – 22 түрі, Шөлмасақ (Eremostachys) – 23 түрі, Көкжалбыз (Nepeta) – 16 түрі, Қоянжырық (Lagochilus) – 15 түрі, Фломис (Phlomis) – 13 түрі. Ортанша туыстарына жатады: Жалбыз (Mentha) – түрі, Сәлбен (Salvia) – 8 түрі, Қайызғақшөп (Stachys) – 6 түрі.

Солтүстік Қазақстанда осы тұқымдасынын 20 туысқа жататын 38 түрі кездеседі.

СҚМУ-нің жалпы биология кафедрасының кеппешөп коллекциялық қорының талдау нәтижесі көрсеткішіне сәйкес: тұқымдас құрамына 13 туысқа (жалпы туыс санының 33%) жататын 34 түрі (жалпы түр санының 14,7%) кіреді.

Ерінгүлділер тұқымдасының туыстық құрамына жататын басты өкілдері: Сасықшөп (Leonurus) туысы– 7 түрі, Сәлбен (Salvia) туысы – 4 түрі, Жалбыз (Mentha) туысы – 4 түрі. Туыстық қатар: Көкжалбыз (Nepeta), Будра (Glechoma), Жыланбас (Dracocephalum), Пикульник (Galeopsis), Қайызғақшөп (Stachys) және Жебіршөп (Thymus) туысытары 2 түрден құралады. Ал Фломис (Phlomis), Сайсағыз (Hyssopus), Жұпаргүл (Origanum) туыстастары тек 1 түрден ғана құралады.

1 кестеде кафедра кеппешөп құрамына кіретін Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасының туыстық және түрлік құрамы көрсетілген:


1 кесте. СҚО Ерінгүлділер (Labiatae) тұқымдасының туыстық және түрлік құрамы




Туыс атауы

Түр саны

Түр атауы

1

Сасықшөп (Leonurus)

7

Бессаусақты с. (L. guinguelobatus)

Түкті с. (L .cardiaca)

Бозғылт с. (L. glaucescens)

Кәдімгі с. (L. tetrahit)

Татар с. (L. tataricus)

Жүрек с. (L. cardiaca)

Бозғылт c. (L. incanus)

2

Фломис (Phlomis)

1

Түйнекті ф. (P. tuberosa)

3

Сәлбен (Salvia)


4

Далалық с.(S. stepposa)

Шалғындық с. (S. pratensis)

Далалық с. (S.tenguicola)

Шөлдік с. (S.decerta)

4

Сайсағыз (Hyssopus)

1

Дәрілік с. (H. officinalis)

5

Жұпаргүл (Origanum)

1

Кәдімгі ж. (O. vulgare)

6

Қайызғақшөп (Stachys)

2

Батпақ қ. (S. palustris)

Орман қ.(S. sylvatica)

7

Пикульник (Galeopsis)

2

Тілік п. (G. bifida)

Әсем п. (G. speciosa)

8

Жыланбас (Dracocephalum)

2

Киікотгүлді ж. (D. thymiflorum)

Руйш ж. (D. Ruyschiana)

9

Будра (Glechoma)

2

Шырмауық б. (G. hederacea)

Өрмелегіш б. (G. benth)

10

Көкжалбыз (Nepeta)

2

Өрмелегіш к. (N. glechoma)

Мысық к. (N. cataria)

11

Томағашөп (Scutellaria)

4

Кәдімгі т. (S. galericulata)

Күмәнді т. (S. dubia)

Қалпақтәрізді т. (S. galerilata)

Биік т. (S. altissima)

12

Жалбыз (Mentha)

4

Дала ж. (M. arvensis)

Шалғындық ж. (M. pratensis)

Австрия ж. (M. аustriaca)

Бұрыш ж. (M. piperita)

13

Жебіршөп (Thymus)

2

Кәдімгі ж. (T. vulgaris)

Тасшөп ж. (T. serpyllum)

1 кестеден байқағанымыздай, кафедраның кеппешөп тізіміндегі Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасының түрлік құрамы бойынша ең көп кездесетін 7 түрі бар, Сасықшөп (Leonurus) туысы, соның ішінде кең таралғаны түрлерге: бесаусақты с. (L. guinguelobatus), түкті с. (L. cardiaca), бозғылт с. (L. glaucescens), кәдімгі с. (L. tetrahit), татар с. (L. tataricus), жүрек с. (L. cardiaca).

Жалбыз (Mentha) туысының 4 түрі сипатталады: дала ж. (M. arvensis), шалғындық ж. (M. pratensis), бұрыш ж. (M. piperita).

Томағашөп (Scutellaria) туысының Қазақстан республикасындағы флораның 32 түрі бар, ал СҚО-нын 4 түрі (жалпы түр санының 12,5%) сипатталады: кәдімгі т. (S. galericulata), күмәнді т. (S. dubia), қалпақтәрізді т. (S. galerilata), биік т. (S. altissima).

Пикульник (Galeopsis) туысының 2 түрі сипатталады: тілік п. (G. bifida), әсем п. (G. speciosa).

Сайсағыз (Hyssopus) туысы1 түрмен сипатталған: дәрілік с. (H. officinalis).

СҚО-дағы Ерінгүлділер (Labiaсеae) тұқымдасының таралуы жөніндегі талдау нәтижесі бойынша, жиі кездесетін түрлердің диаграммасы құрылды (1 сурет).

1960-2010 жылдар аралығындағы далалық тәжірибе уақытында кафедра студенттері жинаған кеппешөптерден зерттеуге алған тұқымдас кеппешөбіне талдау жасады (2 кесте).

Сайсағыз (Hyssopus) туысы 1 түрмен сипатталған, ол Дәрілік с. (H. officinalis).

1-сурет. Ерінгүлділер (Labiaсеae) тұқымдасының жетекші туыстары


Кафедра кеппешөп жинақтамасында Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасына жататын 392 кеппешөп беттері бар. Олардың ішінен кеппешөп беттер саны бойынша көп кездескен түрлерге мыналар жатады: Жыланбас (Dracocephalum) туысы117 дана, Будра (Glechoma) – 36 дана, сасықшөп (Leonurus) – 33 дана, Сәлбен (Salvia) – 32 дана.

Мята (Mentha) туысының кеппешөп саны 14 дананы құрайды, ал Қайызғақшөп (Stachys) туысы – 10 дана.


2-кесте. Жалпы биология кафедрасы Кеппешөп Қорының

Ерінгүлділер тұқымдас туыстарының кеппешөп парақ саны






Туыс

1960-1970

жж.


1970-1980

жж.


1980-1990

жж.


1990-2000 жж.

2000-2010 жж.

Барлығы

1

Сасықшөп (Leonurus)

4

12

5

3

9

33

2

Фломис (Phlomis)

3

47

7

2

4

63

3

Сәлбен (Salvia)

4

8

8

4

8

32

4

Сайсағыз (Hyssopus)

-

-

1

-

1

2

5

Жұпаргүл (Origanum)

-

-

-

2

4

6

6

Қайызғақшөп (Stachys)

-

4

-

2

4

10

7

Пикульник (Galeopsis)

-

2

-

-

-

2

8

Жыланбас (Dracocephalum)

18

84

4

10

1

117

9

Будра (Glechoma)

4

24

4

2

2

36

10

Көкжалбыз (Nepeta)

2

-

-

-

-

2

11

Томағашөп (Scutellaria)

3

34

-

1

1

39

12

Жалбыз (Mentha)

6

2

2

3

1

14

13

Жебіршөп (Thymus)

3

15

8

1

9

36




Барлығы

47

232

39

30

44

392

Сирек кездесетін туыстарға Сайсағыз (Hyssopus) – 2 дана, Жұпаргүл (Origanum) 6 дана, Пикульник (Galeopsis) – 2 дана, Котовник (Nepeta) – 2 дана жатады.

Сонымен, жиналған кеппешөптер беттеріне сәйкес, кең таралған өсімдіктерге Пустырник (Leonurus), Мята (Mentha), Шлемник (Scutellaria) туыстары жатады.

Пустырник (Leonurus) туысы 33 дана құрайды. 1960 жылы не бары 4 дана жиналынса, 1970-1980 жылдары 12 данаға дейін көбейген. Ал 1980 ж-дан – 2013ж-ға дейін 17 дана жиналды.

Сайсағыз (Hyssopus) туысы кафедра кеппешөп жинағында 2 кеппешөп бетімен көрсетілген.

1970 жылдары Томағашөп (Scutellaria) туысының 34 данаға тарта кеппешөп беттері жиналған. 1960-1980 жылдары 37 түр жиналған, ал 1980 жылдан бастап тәжірибе уақытында кеппешөп беттері бір-бірден жиналды.

1970 жылдары Жыланбас (Dracocephalum) туысының 84 дана кеппешөп беті саналынса, кейін әр жыл сайын жиналған үлгілер саны күрт төмендеді, 2010 жылдары жиналған түр саны 1-ге дейін жетті, барлығы 1980-2010 жылдары 15 дана жиналған.

Жылдар бойынша ең көп кеппешөп 1970-1980 жылдары (232 дана) жиналған, ал қалған жылдарда шамамен бірдей көрсеткіш 30-дан 47-ге дейін (2 сурет).



2 сурет. Жылдар бойынша кеппешөп динамикасы


Солтүстік Қазақстан облысының флорасы арасында эндем түрі бар, ол Қоянжырық (Lagochilus acutilobus (Ledeb) Fisch. et Mey), бірақ жалпы биология кафедрасының кеппешөп қорында бұл түр жоқ.

Ерінгүлділер (Lamiaceae) тұқымдасы өкілдерінің тәжірибелік маңызы зор. Жабайы өсетін түрлері далалық және шалғындық аралас шөптер құрамына жатады. Көптеген түрлері көктем-жаз мезгілінде сыртқы көріністеріне ерекше әсемдік береді.

Көпшілігі халықтық және ресим медицинада қолданылады. Соның ішінен фармацевтикаға маңызды шикізат көздеріне бессаусақты сасықшөп (Leonurus guinguelobatus), кәдімгі жұпаргүл (Origanum vulgare), дала сәлбені (Salvia stepposa), бұрыш жалбыз (Mentha piperita), кәдімгі жебіршөп (Thymus vulgaris), тасшөп жебіршөп (Thymus serpyllum).

17 түрі эфир-майлы өсімдіктерге жатады. Ерінгүлділер (Labiaсеae) тұқымдасының көптеген өкілдері эфир майларына бай. Оны гүлдену мен жеміс беру уақытында тіптен көбейеді, дәл осы уақытта жинау ұсынылады.

Аталған топтың көптеген түрлері парфюмериялық өндірісте тіс пастасын, әтір, иіссулар т.б. өндіруде қолданылады.

Сүтқоректі жануарлар эфир-майлы қорекпен қоректенбейтіндіктен, мал азықтық түрлері айтарлықтай кездеспейді.




Әдебиет:

  1. Байтенов М.С. В мире редких растений. Алма-Ата: изд. Кайнар, 1985.

  2. Иллюстрированный определитель растений Казахстана. Т. 2. Алма-Ата, 1972 г.

  3. Флора Казахстана. – Алма-Ата, Изд. АН КазССР, 1956-1966. – Т. 1-9.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет