Насостар. Насостардың негізгі сипаттамалары.
Үйкеліс күшін, жергілікті кедергілерді жеңіп жəне энергия шығындап сұйықты төменнен жоғарыға құбыр бойымен аппараттарға жеткізетін гидравликалық машиналар - насостар. Химия өндірісінің үдерістері жəне аппараттарының негізі 27 Қозғалтқыштан шығатын энергия насоста сұйық ағынының энергиясына айналып оның қысымын жоғарылатады.
Насостардың негізгі сипаттамаларына олардың өнімділігі, тегеуріні жəне қуаттылығы жатады.
Өнімділік Q (м 3 ⁄сағ) насос құбырға насоспен бір уақыт ішінде айдалатын сұйықтың көлемімен анықталады жəне ол насостардың 2 тобы үшін əрқилы болады: динамикалық насостар үшін тəжірибелік зерттеулермен, көлемдік насостар үшін конструктивті өлшеммен анықталады.
Тегеурін Н (айдалатын сұйықтың ұзындығы, м). Тегеурін насоспен айдалатын сұйықтың бірлік салмағына беретін меншікті энергиясымен сипатталады. Сұйықтыққа берілетін энергия оның құбыр бойымен бір аппараттан екінші аппаратқа айдалысы кезіндегі барлық шығындарды жабу үшін қажет. Сондықтан талап етілетін тегеурін құбыр өлшемдеріне қарай, бекітуші арматураға жəне басқа да құрылғыларға байланысты анықталады.
Соратын жəне айдайтын тегеуріндер аралығындағы əртүрлілікті насостың өзі қалыптастырады. Сонда қарқынның теңдеуі:
Мұндағы -насостан шығатын сұйықтың айдаушы құбырдағы қысымы, Па; – насосқа кіретін сұйықтың сорушы құбырдағы қысымы, Па; һ – пен қысымдарын өлшеу нүктелері арасындағы вертикальды арақашықтық, м; – сұйықтың айдаушы құбырдағы жылдамдығы, м/с; – сұйықтың сорушы құбырдағы жылдамдығы, м/с.
Əдетте, соратын жəне айдайтын құбыршалардың диаметрлері тең, демек . Осыған байланысты теңдеуі қарапайым түрге келеді:
Достарыңызбен бөлісу: |