Жылусыйымдылық – заттың бірлік мөлшерін 1К-ге қыздыру үшін қажет жылудың мөлшері. 1 г затты 1К-ге қыздыруға кететін жылудың мөлшері меншікті жылусыйымдылық (Смен.) деп, ал 1 моль зат үшін жұмсалатын жылуды мольдік жылусыйымдылық (См) деп атайды.
Жылулық процестің жүру жолына байланысты болатындықтан, жылусыйымдылық та жолға байланысты өзгереді.
Тұрақты қысымда анықталған жылусыйымдылық – изобарлық жылусыйымдылық – (Ср), ал тұрақты көлемдегі – изохорлық жылусыйымдылық – (СV) деп аталады. Сонымен бірге орташа жылусыйымдылық (температура аралығында) және шынайы (нағыз) жылусыйымдылық (берілген температурада) деген ұғымдар бар.
Егер бір моль затқа q жылу мөлшері берілсе, оның температурасы Т1 -ден Т2-ге дейін жоғарылайды. Жылулық пен температура өзгерісінің арасындағы байланысты – теңдеумен бейнелейді:
С q /T 2- T 1 ,
мұндағы С - орташа жылусыйымдылық, Дж/К.
Гесс заңы Физика-химиялық процестердің (химиялық реакция, еру процесі, фазалық өзгерістер және т.б.) жылу эффектілерін қарастыратын термодинамиканың тарауын термохимия деп атайды. Жылу эффектісі – физика-химиялық процесс жүргенде бөлінетін немесе сіңірілетін жылудың мөлшері. Жылу бөлінетін болса экзотермиялық, сіңірілетін болса – эндотермиялық процесс деп аталады. Тұрақты қысымда (P=const) жүретін процестің жылу эффектісі системаның энтальпиясының өзгерісіне (∆Н) тең. Жылу бөлінсе ∆Н таңбасы теріс, сіңірілсе – оң деп қабылданған: ∆Н0 – эндотермиялық процесс. Тұрақты көлемде (V=const) жүретін процестің жылу эффектісі системаның ішкі энергиясының өзгерісіне (∆U) тең. ∆U0 – эндотермиялық процесс.
Ең алғаш термохимияның екі заңы белгілі болды.
Біріншісі – Лавуазье және Лаплас заңы (1780 ж.): химиялық қосылыстың ыдырау жылулығы осы қосылыстың түзілу жылулығына абсолюттік шамасы бойынша тең, ал таңбасы жағынан қарама-қарсы болады. Гесс заңы термохимияның 1840 жылы тәжірибе жүзінде дәлелденген негізгі заңы болып саналады; оны термодинамиканың 1-заңының химиялық түрі деп айтуға болады: егер реакцияны бірнеше жолмен жүргізуге болатын болса, онда энтальпияның жалпы өзгерісі (тұрақты қысымдағы реакцияның жылу эффектісі) реакцияның жолына тәуелді емес.
Достарыңызбен бөлісу: |