Ерітінділерінің коллигативті қасиеттері
Ерітінді буының қысымы еріткіш буының қысымынан кем болуы. Раульдың 1-ші заңы:
Ерітінді үстіндегі қаныққан будың қысымы еріген заттың мольдік үлесіне тура пропорционал:
(Р0 – Р)/Р0=n/(n+n0);
(Р0 – Р)/Р0=N2
Р0-таза еріткіштің бу қысымы
Р-ерітіндінің бетіндегі бу қысымы
n-еріген заттың мольдік үлесі
n0- еріткіштің мольдік үлесі
Қаныққан бу қысымы температураға тәуелді.
Ерітіндінің температурасы артқан сайын бу қысымы да артады. Қаныққан бу қысымы атмосфералық қысыммен теңескенде сұйық қайнайды.
Осмос- жартылай өткізгіш арқылы өтетін бір жақты диффузия құбылысы.
Изотонды ерітінділер- Осмостық қысымы бірдей ерітінділер.
Ерітінділердің таза еріткіштерінен төменгі температурада қатуы және жоғары температурада қайнауы ;
Ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы мен қату температурасының кемуі еріген заттың концентрациясына пропорционал болады:
∆t0 қату температурасы = К*Cm
∆t0 қайнау температурасы = E*Cm
Е – эбуллиоскопиялық тұрақты, Е(Н2О) = 0,520
К – криоскопиялық тұрақты К(Н2О) = 1,860
Жылулықты сан жағынан бағалау үшін (қыздырғанда дененің алатын жылуын) жылусыйымдылық деген ұғым пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |