Еркін күрес пен айналысатын спортшылардың Қайта қалпына келтіру жүйесін жетілдіру мазмұНЫ



бет17/19
Дата19.09.2022
өлшемі151.24 Kb.
#460938
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Дип. Еркін күрес пен айналысатын спортшылардың қайта қалпына келтіру жүйесін жетілдіру

t – критерийді есептеп, шыққан нәтижесін іріктелген (Р = 0,05) мәндік деңгейдегі дәрежелік еркіндікте кестелік мәнімен және еркіндік дәрежесімен

f = - 2 = 8 + 8 – 2 = 14^ (16)



t = = = 2,2 (17)
Табылған мән 2.2 –ге тең және 5 % мәндік деңгейде (Р < 0,05) таблицалық 14 дәрежелік еркіндікте 8.42. Бұдан іріктеп тексерулердің айырмашылығы статистикалық дұрыс деген ақиқат шешім алынды.
Дене дайындығы көрсеткіштерінің өзгерістері. Спортшының физикалық жұмысқа қабілеттілігі мен функционалдық жағдайының бастапқы деңгейі велоэргометрлік тесттілеу арқылы анықталды. Сонымен қатар, оның орындалуы біраз уақытпен балуан үшін арнайы емес жаттығуларды жасауды талап етті. Сондықтан, зерттеудің дұрыс жүруін бақылауға ұзақтығы 5 минуттық еркін күрес әдісі қолданылды.
Зерттеудің басында және аяғында жүргізілген велоэргометрлік тесттілеудің қорытындыларын талдай келе, балуандардың дайындық және жарыс кезіндегі нәтижелері бойынша екі топтыңда жұмысқа қабілеттілікке арналған көрсеткіштері жоғарылағаны анықталды, оған тестті орындау барысындағы (p<0,01) қуаттылығы дәлел бола алады. Зерттеу тобының эксперимент аяғындағы жүктеме қуаттылығының орташа статистикалық мәні балуандарда 420 ватты құрады (экперменттің басында 350 ватт).
Табалдырықтықты жүктемедегі балуандардың тамыр соғу жиілігінің зерттеуі, эксперимент мәліметтері бойынша анағұрлым жоғары болды (р<0,05) 250, 239,7(233,6;250) шартты бірлікті құраған бақылау тобымен салыстырмалы түрде. Сонымен бірге, эксперименттің соңында жүргізілген тест бойынша, бақылау тобымен салыстырғанда эксперименттік топ балуандары жоғары қуаттылық дәрежесіндегі көрсеткішке ие болды(p 0,01).
Велоэргометрлік сынаманы орындау барысындағы балуандардың максималдық ТСЖ мәнін салыстыра қарайтын болсақ, функционалдық жағдайын бағалаудың бұл тәсілі бойынша эксперименттің аяғында екі топтада көрсеткіштер жоғарылады (p<0,01), сондықтан орташа статистикалық көрсеткіштерді салыстыруда ақиқатты айырмашылықты көрсетпейді.
Жүктемеден кейін, бақылау нүктесіндегі (1,3 және 5 демалыс минутында) ТСЖ-ның қалыптасу динамикасын талдай келе, зерттеудің аяғында екі топтыңда көрсеткіштері айтарлықтай жақсарғанын байқадық. Соның ішінде бақылау тобында бұл көрсеткіш (p<0,01) демалыстың 1-ші минутында анықталды (3 және 5 минутта (p>0,05)),, ал эксперименттік топта барлық бақылау нүктелерінде (p<0,01). Хронотроптық қалыптастыру индексімен анықтағандай, жоғарыда айтылған көрсеткіштер ТСЖ қалпына келу жылдамдығымен расталды. Зерттеу тобында 1 минутта 32,9(30,7;34,3)%, 3 минутта 42,7(41,6;43,3)% және 5 минутта47,6(46,8;48,1)% болды. Бұл зерттеу тобындағы балуандардың дене жүктемесіне жақсы көндігуімен және олардың жоғары жұмысқа қабілеттігін көрсетеді.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығын нақтылау мақсатында жарыстың нәтижелігіне талдау жүргізілді. Нәтижелігін бағалау еркектер арасындағы Біріншілік жарысы хаттамаларының қорытындысы негізінде жүргізілді. Зерттеу тобының спорттық нәтижесі - бақылау тобымен салыстырғанда жоғары екендігі анықталды. Зерттеу тобының 3 балуаны жарыстың чемпиондары болса, бақылау тобының бір балуаны күміске ие болып екеуі қола жүлдегер атанды. Қалған орындардың бөлінуі тағы да зерттеу тобындағы балуандардың жарыста нәтижелі өнер көрсеткендерін айғақтайды. Тағы да қосатын жайт, зерттеу тобының 4 балуаны Спорт шебері нормативін орындаса, бақылау тобының тек 2 спортшысы осы нормативті орындады.
Күрестегі (еркін күрестегі) қайта қалпына келтіру тәсілдерін дұрыс қолдана білу сұрақтарын шешудің ең тиімді жолы - қайта қалпына келтіру іс-шараларына кешенді қарау болып табылады. Сонымен қатар, қарқыны мен көлемі әртүрлі жаттығу жүктемесінің салдарын есептеу керек яғни асыра машықтану жағдайының алдын алып, жарақаттану қаупін сейілту қажет.
Физикалық қайта қалпына келтіру тәсілдерін қолдану арқылы жоғары дәрежелі балуандарды дайындау ерекшеліктері: жаттығу жүктемесінің дәрежесі мен қарқындылығын тиімді арттыра алу мүмкіндігімен анықталады.
Қажетті бұлшық ет топтарына төменгі жиіліктегі вибромассажды қолдану арқылы балуандардың функционалдық жағдайына жедел түзетулер (оперативную коррекцию) енгізуге және әртүрлі дайындық кезеңдерінде жұмысқа қабілеттіліктерін арттыруға болады. Машықтану қызметі мен қайта қалпына келтіру іс-шараларының кешенін үйлесімді қолдана білу арақатынасы жоғары дәрежелі балуандардың спорттық көрсеткіштерінің жоғарылауына әсер етеді.
Жарыс алдындағы дайындық кезеңінде арнайы жаттығулардың көлемінің артуына байланысты, балуандардың ағзасының әртүрлі қызметтерінің қалыптасу үрдісінің баяулайтыны байқалды. Зерттеу нәтижелері қуатты жүктеме күндері ғана емес сондай-ақ демалыс күндері де қайта қалпына келтіру тәсілдерін, вибромассажды қолдану керектігі дәлелденді. Қайта қалпына келтіру константасы айтылған процедураларды қолданған зерттеу тобында жоғары болса, керісінше ондай тәсілдерді қолданбағандарда көрсеткіш - төмен болды.
Физикалық қайта қалпына келтіру тәсілдері екі түрлі бағытта қолданылады: бірінші жаттығудың алдында жұмысқа қабілеттілікті арттыру үшін және жаттығудан кейін ширығуды яғни шаршауды басу үшін және жүйке-бұлшыт ет аппаратының қызметін қалпына келтіру үшін. Жаттығу алдында жүйке-бұлшыт ет аппаратын ширықтыру үшін вибромассажды жүктемеге көбірек жауап беретін бұлшық еттерге қолданса тиімді болады. Вибромассаждың қоздырушы әсері бар 25 Гц жиіліктегі сеансы 15 минуттай жүргізіледі.
Айтылған әдістемені қолдану барысында арнайы жұмысқа қабілеттілікті арттыру үрдісін басқаруға мүмкіндік пайда болады. Ұсынылып отырған әсер ету тәсілдерінің кешені бұлшық еттердің жиырылу көрсеткіштерінің артуына, орташа алғанда 4-5% тыныштық күйде және 17% қарқынды жүктемеден кейін мүмкіндік береді.
Балуандардың арнайы жұмысқа қабілеттілігіне вибрамасаждың әсері вибрацияның жиілігі мен жүйке-бұлшық ет аппаратының бастапқы жағдайына байланысты болады. 15 Гц жиіліктегі вибромассаж жаттығу жүктемесінің көлемін меңгерген кезде қайта қалыптасу үрдісіне және бұлшық ет тонусының төмендеуі мен тамыр соғу жиілігінің көрсеткіштеріне де әсер етеді. 25 Гц жиіліктегі вибромассаж қарқынды жаттығу бағдарламасының алдында орындалғанда жылдамдық пен күш қасиеттерінің жоғарлауына тиімді әсер береді.
Балуандардың жаттығу бағдарламасы мен қайта қалпына келтіру іс-шараларын құрастыру кезеңінде берілетін тәжірибелік ұсыныстардағы бағалы, құнды кеңес, ол спортышының арнайы бұлшық ет жұмысына бейімделу заңдылығын ескеру, сондай-ақ ағзаның жағдайын объективті бағалау үшін жаттығу бағдарламасын жекелей құру болып табылады.
Кешенді эксперименттік зерттеу жұмыстарының нәтижесі, балуандарды дайындауда қайта қалпына келтіру іс-шараларын тиімді қолдану үшін, төмендегідей тәжірибелік ұсыныстарды жасауға мүмкіндік берді:

  • Субмаксималдық көлемдегі жоғары қарқынды жаттығуларды орындау кезінде спортшының генетикалық статусымен бейімделу мүмкіндіктерін, ағзаның қайта қалпына келу қабілеттерін ескергенде нәтижелерінің өсуі мүмкін.

  • Егерде кешенді қайта келтіру тәсілдерімен уақытында қамтамасыз етілмесе, қарқынды жүктеменінің үлкен көлемін орындау спорттық нәтижеге әкелмеуі мүмкін. Төменгі жиіліктегі вибромассаж сенанстарын жаттығу алдында және жаттығудан кейін қолдану ағза қызметінің асыра шаршауын азайтып, жарақаттанудың алдын алады.

  • Жаттығу бағдарламаларын құрастыру кезінде, міндетті түрде арнайы жұмысқа қабілеттілігінің өсуінің жекелей ерекшеліктерін ескеру керек. Қуатты машықтану сабақтарында белсенді жұмыс атқаратын бұлшық ет топтарына, төменгі жиіліктегі вибромассажды пайдаланған тиімді.

  • Әртүрлі жаттығу бағдарламалары дене жүктемелеріне тікелей, содан кейін ұзақ уақытты бейімделу әсерін береді. Осыған байланысты, жаттығуларды таңдау, жүктеме көлемі мен олардың орындалу реті ұзақ жаттығу әсерін қамтамасыз етуі керек. Эксперименттік нұсқаны құрастыру мен жүзеге асыру жаттығу жүктемесінің көлемін бөлуге қайта қалпына келтіру іс-шараларын оңтайландыруға мүмкіндік береді. 25 Гц жиіліктегі вибромассаж қарқынды жаттығу бағдарламасының алдында орындалғанда балуандардың жылдамдық пен күш қасиеттерінің жоғарлауына тиімді әсер береді.

Зерттеу мәселесі жоғары дәрежелі балуандардың жаттығу және жарыс қызметтерін талдау арқылы педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуден, қуатты бұлшық ет жұмысы жағдайында қайта қалпына келтіру тәсілдерінің тиімдісін таңдаумен негіздендіруден құралды.
Зерттеу жұмыстарының педагогикалық бөлімі балуандардың жоспарлық және есеп құжаттарын зерттеуден, күнделіктерін өңдеуден, жаттығудың жалпы және жекелей ерекшеліктерін анықтаудан, дайындықтың жылдық цикл кезеңдеріндегі әртүрлі жүктемелердің тиімді көлемін жоспарлау мен бағдарламалаудан құралды. Жүктеме параметрлеріне және спорттық нәтижелеріне талдау жасалды, сол арқылы зерттеудің көкейкестілігін негіздендіріліп, зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары анықталды.
Жалпы зерттеу үрдісінде қолданылған әдістердің кешені, еркін күреспен шұғылданушы балуандардың жаттығуы барысында, қайта қалпына келтіру тәсілдерінің тиімділігі туралы объективті мәліметтер алуға мүмкіндік берді. Талдау мен жинақтау және оларды тәжірибеге енгізу жоғары дәрежелі балуандардың дайындықтарын басқару барысын жетілдіруге әсер етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет