Ерұлан Кенжебекұлы, теңгенің девальвацияланғанына екі аптадай уақыт өтсе де оның неліктен бір реттік және кенеттен болғаны, неге дәл 25 процент болғаны төңірегіндегі пікірталас толастар емес



Дата20.06.2016
өлшемі46.7 Kb.
#149091
ҚР Ұлттық банкі үйлестіру департаментінің директоры Ерұлан Жамаубаевтың «Жеті күн» бағдарламасына берген сұхбаты (15 ақпан 2009 жыл)

- Ерұлан Кенжебекұлы, теңгенің девальвацияланғанына екі аптадай уақыт өтсе де оның неліктен бір реттік және кенеттен болғаны, неге дәл 25 процент болғаны төңірегіндегі пікірталас толастар емес. Қазақстанның көптеген сауда әріптестері өз валюталарын біздегіден де анағұрлым көп девальвациялады. Мәселен, Ресей төл ақшасын 44, Украина 52 процентке құнсыздандырды. Яғни, осы елдердің өнім өндірушілерінің пайдасына әлі де әжептеуір үлес қалып отыр. Қайсыбір уақыт өткеннен соң тағы да осы айырмашылықты жоюға мәжбүр болып жүрмейміз бе?

- Қазіргі қанша сараптаушылар болса, сонша пікір болады. Бұл мәселе төңірегінде көптеген әңгімелерді, пікірталастарды көріп, естіп жүрміз. Бірақ, біздің ұлттық валютамыздың құнсыздануы барысында біз көптеген мемлекетерде болған девальвациялық процестерді ескере отырып, соны сараптай отырып жүзеге асырған болатынбыз. Әрине, егер де 25 пайыздан көбірек болса, бұл біздің тауар өндірушілер үшін және экспорттаушы кәсіпорындар үшін тиімдірек болатын еді. Ал, жай қарапайым халық үшін бұл әрине, зиянды процесс болатын еді. Егер де біз 25 пайыздан төменірек істесек, мүмкін, жалпы халық үшін жақсы болатын еді де бірақ, біздің кәсіпорындардың бәсекелестік жағдайына әлі де жеткіліксіз мөлшер болып табылатын еді. Өздеріңіз айтып отырған Ресейдегі девальвациялық процестер баяу болғаны оларға зиянын тигізгені туралы қазір де көптеген пікірлер естіп жүрміз. Бір қызығы, сол Ресейдің сарапшылары Қазақстандағы болған девальвацияны керісінше, мақтайды. Олар айтады, Қазақстан бір ғана күрт девальвациялық процесті жүргізіп, яғни, осы ауыртпалық бір күнде ғана болып өтті. Ал, Ресейдегі 4-5 ай бойы жүргізіліп отырған девальвациялық процес кезінде Ресей аптасына шамамен 10 млрд АҚШ доллары көлемінде өзінің алтын-валюта резерві қорын жоғалтып отырды. Мұны да ескеруіміз керек. Яғни, Ресей Орталық банкі 2008 жылдың қазан айынан осы 2009 жылдың қаңтар айына дейін шамамен өзінің алтын-валюта резервтерінің 200 млрд АҚШ доллары шамасында резервтерін жоғалтқан болатын. Осы төңірегінде де жаңағы айтып жүрген сараптаушылар барлық оң және теріс жақтарын толығымен сараптаса деген өзіміздің пікірімізді білдіргіміз келеді. Ал, қазіргі кездегі долларға деген 1 АҚШ долларына деген теңгенің 150 теңге бағамы және де біз қойған бағдар бұл плюс және минус 5 теңге шамасында бұл біз нақты көздейтін бағдар.

- Ресейдің Орталық Банкі сол елдегі девальвацияның кезең-кезеңмен жүргізілуін банктерге түсетін ауыртпалықты азайту мақсатында жасалғанын айтты. Бізде қалай?

- Егер де кезең-кезеңімен немесе баяу жүргізген девальвация банктер үшін тиімді болатын еді. Ал, көп жағдайда бұл осы валюталық нарықта спекульяциялық дейміз, алыпсатарлық операциялар жүргізетін субъектілерге де өте тиімді болатын еді. Ал, күрт девальвация осындай алыпсатарлық операциялардың ауызын ауыздықтап, яғни, жол бермеуге мүмкіндік беріп отыр. Девальвация болардың алдында стресс-тес деп аталады яғни, байқау немесе болжам жасалған болатын. Бұл банктердің жағдайын анықтайтын белгілі бір порцесс. Әрине, 15 пайыздық девальвация, ол банктер үшін қолайлы болатын еді де олардың қаржылық жағдайына онша нұқсан келмейтін еді. Ал, 25 пайыздық девальвация бір 5 банктің жағдайына өзіні әсерін тигізеді. Бірақ, оның ішінде айтып отырған 2 ірі банк бар. Ол Тұран Әлем Банк пен Альянс банк. Бірақ, бұған мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырғандықтан өздеріңіз білесіздер, бұл банктердің жағдайы орнықты. Сондықтан, 25 пайыздық девальвация банктердің қызметіне анау айтқандай қатты әсер етті деп айтуға болмайды.


- Қазір биліктің бар назары базардағы бағаны бақылауға ауған. Өйткені, кейбір аймақтарда импорттық тауарлардың ғана емес, отандық өнімдердің де бағасын көтеруге әрекет жасалды. Осы тұста мемлекеттің нарыққа араласуы туралы да тұжырымдар айтылуда. Сіздің пікіріңіз қандай?

- Мемлекеттің араласуы, бұл дұрыс процесс деп түсінуіміз керек. Бұл экономикалық та, әлеуметтік те қажеттілік деп түсінуіміз керек. Әрине, бұл экономикаға үкіметтің араласуы тұрақты болмауы керек. Бұл белгілі бір қажет болған жағдайда, әлеуметтік немесе экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайында, бұл мемлекеттің белгілі-бір тауар нарығында бағаның қалыптасуына өзінің әсері болуы керек. Екінші бір жағдай, бұл тағы да көптеген сараптаушылар дейміз, айтып жүреді біздің бағалардың бәрі осынша осынша немесе бірнеше есеге өседі деп. Бұл да дұрыс емес. Себебі, экономикамыздағы күнделікті тұтынып отырған азық-түліктердің 2-ден 3 бөлігі және де ең қажеті деген тұтыну тауарларының азық түлікке жатпайтын олардың да 2-ден 3 бөлігі өзіміздің отанымызда өзіміздің елімізде өндірілетін тауарлар. Оларға бағаның өсуіне ешқандай негіз жоқ. Әрине, импортталатын тауарлардың бағаларының өсуіне біраз мүмкіндік берулі мүмкін. Себебі, олардың жаңағы шетел валютасына алынып отырғанын бәріміз білеміз. Бірақ, тағы да айтып өту керек, олардың да құрамына көңіл бөлсек, олар не шетелден келіп жатқан тауарлар болуы мүмкін, Белорусия болуы мүмкін, Австралия болуы мүмкін, тағы да басқа өздерінің мемлекеттерінің девальвация жүргізілген мемлекеттер болуы мүмкін. Олардан келген тауарлардың бағасының өзгеруіне тағы негіз жоқ. Себебі, олар әрине, доллармен шаққанда өзінің валютасында сол күйінде қалып отырады бізге келгенде. Сондықтан да, бұл жерде Үкіметің белгілі-бір шаралар істеп, баға процесіне өзінің аралсуы керек.




- Банк саласындағы ахуалға қайта оралсақ. Осы аптада БТА-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Әбіләзовтің банкке мемлекеттің кіруінен кейін бірқатар шетел кредиторларының қаржы құрылымынан сыртқы міндеттемелерін мерзімінен бұрын қайтаруды талап еткені, дәл осындай талаптардың жақында шетел кредиторларына қарыз басқа да қазақстандық банктерге қойылуы мүмкін екендігі жазылған хаты пайда болды. Мұндай талаптардан құлағдарсыз ба?

- Бұл талаптарды заң тілімен айтқанда, қандай да бір банктер шетелден қарыз алғанда шетелдің кредиторлары немесе қарыз берушілер мен арасында бір келісім-шарт болады. Немесе белгілі бір тараулары болады. Сол тараларды «ковенант» деп атайды. Яғни, егер де банк ісінде қандай да бір күрт өзгеріс болса, форс-мажор болса, онда сыртқы кредиторлар өздерінің қарыздарын толығымен немесе алдын ала қайтарып беру туралы талап қоюы мүмкін. Бұл талаптарды әрине, қойып жатқан болса, заң мамандары немес заңгерлер банктің заңгерлері немес кредитор банктердің заңгерлері отырып бір келісім-шартқа бір келісімге келуі керек. Әрине, бұл сұрақ көбінесе мемлекет тарапынан осы банкке кіріп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әлеуметтік әл-ауқат қоры тарапынан болатын келісім сөздер. Сондықтан, бұл бір күндік мәселе емес. Бұл біраз уақытқа созылатын мәселе болғандықтан осы екі тараптың белгілі бір келіссөзге келуіне келуімен аяқталатын процесс деп түсінеміз.




- Соңғы сауал. ТұранӘлем банкінің бұрынғы менеджерлерінің ақпараттық шабуылына ұшырап отырған осы аталған қаржы құрылымының салымшылары мен оның қызметін пайдаланушыларға не айтар едіңіз?

- Әрине, қазір бұқаралық ақпарат құралдары соның ішінде өздеріңіз білесіздер мына интернет торабында көптеген пікірлер, көптеген әңгімелер, қауесеттер жүр. Әрине, олардың бәріне сене берудің қажеті жоқ. Себебі, осы айтып отырған банктің де өзінің ресми басшылығы бар. Және де мемлекет тарапынан қатысып отырған «Самұрық-Қазына» қорының да басшылығы бар. Солардың ресми ақпараттарына сену керек деп ойлаймын.



«Хабар» телеарнасы, «Жеті күн» бағдарламасы, 15 ақпан 2009 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет