Ерте замандағЫ Қазақстан кіріспе. Қазақстан тарихы курсының мақсаты мен міндеттері Жоспар Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»



бет20/44
Дата18.02.2024
өлшемі0.83 Mb.
#492319
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Лекция (1)

Бақылау жұмысы
1.Орыс хан тұсындағы Ақ орда
2.Әмір Темір империясы
3.Моғолстан мемлекетінің саяси өмірі
4.Әбілхайыр хандығы мен ойраттар
5.Алтын орда мемлекетінің ыдырауы


Әдебиеттер
1.Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. 4.1. Тексты. СПб., 1898;
2. Исследования. СПб.,1900; Сочинения. Т.1. –М.,1963;
3.Султанов Т.И. Письма золотоординских ханов. Тюркоязыческий сборник. –М.,1975, 234-285 б.
4.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан – летопись трех тысячалетиий. –А., 1992.
5.Захир ад-дин Бабур. «Бабурнаме». –Ташкент,1960.
6.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. Т. 2, -А., «Атамұра», 1998;
7.Алибек С.Н., Мырзабеков Қ. «Қазақстан тарихы».-Алматы, 2002;
8.Алиев У. Қазақстан тарихы. –Ташкент, 1998;


XV ғасырдың екінші жартысы мен XVIІІ ғасырдағы Қазақстан
Лекция №10


Қазақ халқының қалыптасуы: алғышарттары, кезендері және этникалық құрамы.


Жоспары
1.Қазақ халқының құрылуының тарихи алғышарттары.
2.“Қазақ” этнонимінің әлеуметтік, саяси мәні
3.Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторларының әсер етуі.

Демограф ғалымдарының зерттеулерi негiзiнде қазiргi кезеңде дүние жүзiнде мыңнан астам халықтар бар деп есептеледi. Әрбiр халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшiн көптеген тарихи кезеңдердi басынан өткiзуiне тура келедi. Бұл күрделi процесс бiр немесе екi ғасырдың iшiнде болмайды, халық болу үшiн бiрнеше ғасырларды керек етедi. Мәселен, Қазақстан жерiнде халық болып құрылу процесi алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейiн қола дәуiрi мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңi) темiр дәуiрi (б.д.д. VII-IV ғғ.) кезеңдерiнен немесе бұл кезде өмiр сүрген ру-тайпалардың өсiп-өркендеуiнен басталады. Олар негiзiнен Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бiрлестiктерiнен құралған. Археологиялық деректерге сүйенетiн болсақ, олар мал шаруашылығымен, егiншiлiкпен, металл өндiру және оны өңдеумен айналысқан.


Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуiрдегi кезеңдерiн зерттеп жүрген ғалымдардың пiкiрлерiне қарағанда, бiздiң жерiмiзде қола дәуiрi /Андрон, Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi/ мен темір дәуiрiнде өмiр сүрген тайпалардың /сақ, сармат т.б./ иран тiлдес болғандығы айтылады. Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуiнше бұл кездегi тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгiлерi бар европеидтiк нәсiлдер екендiгi көрсетiледi. Қазақ халқының бастауы болып табылатын, керек болса, сақ тайпаларының тiкелей жалғасы болып үйсiн, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректерi "өзi сары, көзi көк, ат жақты сэ /сақ/ тайпалары үйсiндердiң арасында жүр" – деп көрсетедi. Бұл сақтардың жалғасы үйсiндер екендiгiне ешбiр талас тудырмайды.
Қазақ халқының шыққан тегi туралы көптеген аспектiлерi iшiнен өзектi ретiнде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерiн бөлшектеп алған жөн. Жоғарыда айтылғандай Орта Азия мен Қазақстан өңiрiнде осы екi процестiң екеуi де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегi тарихын екi аумақты кезеңге: үндi-еуропалық және түрiктiк кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезеңде лингвитсикалық тiл жағынан Қазақстан тұрғындары үндi-еуропалық топтың ежелгi иран тобына кiредi, яғни бұл кез б.з. дейiнгi III-I мыңжылдықтарды қамтиды.
Екiншi кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелi тайпалардың, соның iшiнде ғұндардың, Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сармат тайпаларының жалғасы-үйсiн мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет