Есеп және қаржы кафедрасы 5В050800 «Есеп және аудит»



бет3/3
Дата20.02.2020
өлшемі388 Kb.
#448007
1   2   3
ОҚу бағдарлама метод каз


Есеп 5

Есеп шарты



  1. Төменде келтірілген шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіңдер

  2. Шаруашылық операцияларын тіркеу журналы негізінде № 1 журнал-ордер мен № 1 тізімдемені құруе

Есепті шешу үшін бастапқы мәліметтер:

Ай басындағы кассадағы калдық 25 000 тенге.

Тенге

№№

Операция атауы

Сомасы

Д-т

К-т

1.

Есеп беретін тұлға Ивановқа шаруашылық мұқтаждығы үшін кассадан берілді.

10 000








2.

Еңбек ақы төлеу үшіен есеп айырысу шоттан түсті.

90 000







3.

Төлеу ведомостысы бойынша еңбек ақы берілді.

75 000







4

Есеп беретін тұлға Петровқа шаруашылық мұқтаждығы үшін кассадан берілді.

6 000







5.

Иванов кассаға жұмсалмаған соманы қайтарды.

3 000








6.

Тауарды сатудан нақтв ақша кассаға түсті

50 000







7.

Түсім есеп айырысу шотына қабылданды

50 000







8.

Есеп айырысу шотынан шаруашылық мұқтаждығы үшін кассаға ақша түсті

40 000







9.

Кассадан материалдық көмек берілді

4 000







10.

Киреевке кассадан іс сапар шығындары үшін ақша берілді

5 000








Есеп 6

Есеп шарты



  1. Шаруашылық операцияларын тіркеу журналын құрастыру

  2. Есеп айырысу шотындағы калдықты ай аяғына есептеу

  3. № 2 журнал-ордер мен № 2 тізімдемені құру

  4. Есепті шешу үшін бастапқы мәліметтер:

І. Ай басындағы калдық 52 000 тенге.

ІІ. Шаруашылық операциялары:



  1. Есеп айырысу шотына жарғылық капиталға жарна ретінде төленген сома есептелді. ( 10 000 тенге)

  2. Есеп айырысу шотына сатып алушыларда түскн түсім есептелді (20 000 тенге).

  3. Сатып алушылардан аванс түсті (25 00 тенге).

  4. Есеп айырысу шотына банк қарызы түсті (15 000 тенге).

  5. Арендаторлардан түскен табыс есептелді (8 000 тенге).

  6. Есеп айырысу шотынан жабдықтаушыларға ақша төленді (6 000 тенге).

  7. Есеп айырысу шотынан бюджетке корпоративті табыс салығы төленді (9 000 тенге).

  8. Есеп айырысу шотынан аккредитивқойылды (13 000 тенге)

  9. Есеп айырысу шотынан қате ақша есептелді (5 000 тенге)

  10. Есеп айырысу шотынан бюджетке ҚҚС төленді (11 000 тенге)

  11. Есеп айырысу шотынан ЖЗҚ төлемдер төленді (6 000 тенге)

Қосымша 2
Бухгалтерлік құжаттар және оның тағайындалуы



Атауы

Сипаттамасы

1

Жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық

Жұмысқа қайта орналасқандарды есепке алуда қолданылады

2

Жеке карточка

Барлық категория жұмысшыларына карточка толтырылады

3

Ғылыми жұмысшының есеп кітапшасы

Ғылыми жұмысшыларға отдел кадр жұмысшысы бір түпнұсқада форма толтырады

4

Басқа жұмысқа ауысу жөніндегі бұйрық

Жұмысшының бір цехтан келесі цехқа(бөлімге) ауысу кезінде қолданылады

5

Еңбек демалысына жіберу жөніндегі бұйрық

Жыл сайынғы және басқа да еңбек демалысына толтыруда қолданылады

6

Еңбек шартын тоқтату жөніндегі бұйрық

Жұмысшыларды жұмыстан босату кезінде қолданылады

7

Жұмыс уақыты және еңбекақымен есептесу жөніндегі табельдік есеп

Барлық категориядағы жұмысшылардың жұмыс уақытын есептеуге қолданылады

8

Есеп айырысу – төлем ведомосі

Еңбекақыны есептеуде, төлеуде және зейнетақыға қосымшаға қолданылады

9

Есеп айырысу ведомосі

Зейнетақысын және енбекақысын төлеуде және зейнетақыға қосымша қосуда қолданылады

10

Төлем ведомостісі

Зейнетақыны және еңбекақымен есептесу кезінде қолданылады

11

Материалдық емес активтер бойынша дивединттермен есеп айырысу ведомосі

Бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуда қолданылады

12

Жеке бас шоты

Жеке бас шоты еңбекақы мен зейнетақының өткен кезеңіндегі мәліметтері үшін қолданылады

13

Жұмысқа орналасу есебіне сәйкес жеке тұлғаның карточкасы

Босатылған жұмысшылардың дербес есебінде қолданылады

14

Ақпараттық карточка

Жұмысқа орналасу орталығына мәліметтер беруде пайдаланылады

15

Жұмысқа орналастыру жөніндегі хабарлама

Жұмысқа орналасу жөніндегі хабарлама азаматтарға беріледі (олардың келісімімен)

16

Негізгі құралдарды жөнелту -қабылдау жөніндегі акт

Негізгі құралдардың әрбір обьектілері бойынша есептеуде қолданылады

17

Құрастырылған, өңделген және жаңартылған обьектілерді тапсыру акті

Негізгі құралдарың жөндеудегі,құрастырудағы және жаңартылған обьектілерді толтыруда қолданылады

18

Негізгі құралдардың істен шығу актісі

Негізгі құралдарды істен шығаруда қолданылады (автотранспорттық құралдардан басқа)

19

Автотранспорттық құралдардың істен шығу актісі

Жеңіл және жүк тасымалы автомобильдері, тіркемесі және жартылай тіркемесі бар автомобильдерді істен шығаруда қолданылады

20

Негізгі құралдарды түгендеу карточкасы

Негізгі құралдардың барлық түрлеріне, сондай – ақ топтық және бір топтық негізгі құралдарды есептеуде қолданылады

21

Жалға алынған негізгі құралдардың карточкасы

Жалға алынған негізгі құралдар есебінде қолданылады

22

Негізгі құралдардың түгендеу тізімі (орналасу орны бойынша)

Негізгі құралдардың орналасуы мен жауапты тұлға бойынша есепте қолданылады

23

Келіп түскен жүк есебі туралы есеп

Келіп түскен материалдарды бақылауда және есептеуде қолданылады

24

Негізгі қорлар бойынша мүліктік карточкалар есебі

Негізгі қорлар бойынша мүліктік карточкаларды тіркеуде қолданылады

25

Негізгі құралдардың қозғалыс есеп карточкасы

Негізгі құралдарды классификациялық тобы бойынша документтерді қайта өңдеу қозғалысында қолданылады

26

Сенімхат

Кәсіпорынды басқару құқығына ие болатын тұлғаға қолданылады

27

Сенімхат берілген есеп журналы

Берілген сенімхаттармен және олардың алынғанын көрсететін қолхаттарды тіркеуде қолданылады

28

Кіріс ордері

Кәсіпорынға жабдықтаушылардан және қайта өңдеуден келген материалдар есебінде қолданылады

29

Материалдарды қабылдау актісі

Материалдық құндылықтардың саны мен сапасын жеткізушілердің мәліметтері бойынша салыстыруда қолданылады

30

Жасау, сақтау және өндірістік процестерде материалдардың жетіспеушілі жіне жоғалу туралы акті

Өңдеуде, сақтауда және өндіріс процесінде жоғалған материалдық құндылықтардың басын ашуда қолданылады

31

Табиғи шығындардың шамаларының шегі туралы материалдардың актісі


Кәсіпорынға жеткізушілерден және өңдеуден түскен материалдардың табиғи шығын шамасын басын ашып алуда қолданылады

32

Материалдардың (тауарлардың) бұзылу, сынуы туралы акты

Кәсіпорынға бұзылу, сынуы нәтижесінде өтіп кеткен материалдарды, есептен шығаруға, қайта бағалауға жататын материалдарды есепке алу үшін қолданылады

33

Лимиттік жол картасы

Өндірістік қажеттілікке материалдарды өткізудің қойылған лимитін қалыпты тексеру үшін, өнім дайындау кезінде жүйелі қолданылатын материалдарды өткізіп жіберуді рәсімдеуде қолданылады

34

Материалдарды ауыстыру талап актісі

Материалдар демалысының шекті мөлшерін немесе материалдар айырбасында және қоймадан материалдарды есептен шығаруда қолданылады

35

Демалуға талап акті теліндемесі (Материалдардың ішкі ауыспалылығы)

Кәсіпорынның ішкі материалдық құндылықтарының қозғалысы есебінде қолданылады

36

Жабдықтарды қабылдау актісі; жабдықтардың монтажға қабылдау актісі; жабдықтардағы ақаулар туралы акті

Қоймаға құрылғыларды қондыру үшін жабдықтарды қабылдау актісі.қоймаға келіп түскен жабдықтарды қолдану мүмкін болмаған жағдайда қайта тексеріледі.құрылғыларды қабылдау кезінде монтаждық бөлім жұмысын бастамаса онда келесідей «құрылғыларды монтажға қабылдау – жеткізу » құрылғыларды рәсімдейді

37

Материалдар есебі карточкасы

Қоймадағы материалдардың сұрпына, көрінісіне және өлшеміне байланысты материалдарың қозғалысы есебінде қолданылады

38

Құжаттың қабылдау – тапсыру тізілімі

Бухгалтерияға кіріс – шығыс құжаттарын тіркеуге қолданылады

39

Қоймада қалған материалдар есебі

Кәсіпорындарда (ұйымдарда) жүргізеді, материалдардың шұғыл-бухгалтерлік (сальдо) әдісіне есептік

40

Ғимараттарыд тексеру, бөлу кезінде алынған материалдық құндылықтардың акті

Жұмыс өндірісі кезінде қолданылатын ғимараттар мен құрылыстарды қайта бұзу нәтижесінде кірістелген материалдық құндылықтарды рәсімдеу кезінде қолданылатын форма


41

Құралдардың түпкілікті қорын толттыру ведомосі

Түпкілікті қорды толықтыру ведомосі.кәсіпорынның өзгермелі аспаптар қорының өзгермесінің есебі үшін қолданылады

42

Бағалы емес құжаттардың карточкалық есебі

Жұмыскерге немесе бригадирге (бригада үшін) цехтың үлестірме көмбесінен ұзақ қолдану үшін бағалы емес тез бұзылатын құралдар есебі үшін қолданылады

43

Құралдарды жөндеуге тапсырыс (бейімдемелердің)

Жөндеуге берілген құралдар есебі үшін қолданылады

44

Сақтандырғыш, арнайы аяқ киімнің және арнайы формалық киімнің жеке карточкасы

Кәсіпорын сақтандырғыш, арнайы аяқ киімнің және арнайы формалық киімдерді жеке жеке арнайы нормаларға сай беріледі.Карточка бір дана болады және ол цех басшысында сақталады

45

Бағалы емес материалдардың істен шығу актісі

Тез бұзылатын жіне бағаылық емес материалдардың бұзылуы мен жоғалуын рәсімдеуде қолданылады

46

Құрал жабдықтарды істен шығару және жарамдыларға айырбастау акті

Жарамдығы өтіп кеткен және оларды жарамдыға айырбасталған , істен шыққан құрал жабдықтарды рәсімдеуде қолданылады

47

Сақтандырғыш, арнайы киімнің және арнайы формалық киімді беру акті

Кәсіпорын сақтандырғыш, арнайы аяқ киімнің және арнайы формалық киімдерді жеке жеке арнайы нормаларға сай беріледі және оларды арнайы автоамтталған өңдеуде қайтарылады

48

Бағалы емес материалдардың істен шығу актісі

Шаршаған, ескірген, жарамсыз аспаптар, арнайы аяқ киімдер мен арнайы киімдерді рәсімдеуде қолданылады

49

Жеңіл автомобильдердің жолдық парағы

Жеңіл автокөліктің жүргізушісіне қызметақысын есептеуде, диспетчер немесе уәкіл бір данамен жаздыртады

50

Ауыр жүк автомобильдерінің жолдық парағы




51

Жол парақтары

Жолаушы,жеңіл және арнаулы автомобильдік көліктік жүргізушілері көліктің жұмысының есебінде қолданылады

52

Жол қозғалысы есебі журналы

Жүргізушілерге берілген қолхаттың жолдағы парақ қозғалысымен автошаруашылықтармен тексеріс үшін қолданылады

53

Жол қозғалысы есебі журналы

Жүргізушілерге берілген қолхаттың жолдағы парақ қозғалысымен автошаруашылықтармен тексеріс үшін қолданылады

54

Материалды – транспорттық теліндеме

Тауарлы материалдық құндылықтардың қозғалысы және автомобильдік көлікпен тасымалдарының есептері үшін қолданылады

55

Құрылыс машиналарының жолдық парағы

Құрылыс ұйымдарының құрылыс машиналарының актомобильдік жүрістің сағаттық төлемаұысын есептеуде қолданылады

56

Құрылыс машинасының жұмысы туралы баяндама

Құрылыстық машиналардың механизациялық тресттер жұмысы есебінде қолданылады

57

Мұнаралы кранның жұмысы туралы баяндама

Көпірлердің, портал оқтардың , мұнаралы кранның тресттерінде қолданылады

58

Құрылыс машиналары туралы баяндама (тетіктің)

Басқарма механизацияларында, құрылыс ұйымдары, құрылыс машиналары тресттерінде қолданылады

59

Құрылыстық машинаның (тетіктің) жұмысының есебінің картасы

Құрылыстық машиналардың қайта өңдеуде қолданылады

60

Құрылыстық машинаның (тетіктердің) жұмысының есебінің журналы

Ірі және ұсақ құрылыс машиналарының күнделікті жұмысы мен есебін тексеру үшін қолданылады

61

Орындалған жұмыс туралы анықтама (қызмет атқаруларда)

Құрылыстық машиналармен және тапсырыс иелерімен басқарма механизмінің және жолдағы парақ пен баянаттың жұмыстың орындалғанын растау үшін қолданылады

62

Түгендеу

Қоймадағы шикізат, дайын өнім, тауар және өзге де материалдардың нақты есебінде қолданылады

63

Тауарлық –материалдық құндылықтарды түгендеу тізімдемесі

Шын мәніндегі тауарлы – материалдық құндылықтардың нақты шағылысын көрсетеді (шикізаттың, материалдың, дайын өнімдерде қолданылады)

64

Негізгі материалдарды түгендеу тізімдемесі

Түгендеу тізімдемесі(ғимарат, машина құралдары мен жабдықтары , транспорт құралдары, жабдықтары, есептеуіш техника және т.б) негізгі құралдардың түгендеуінің деректерін рәсімдеу үшін қолданылады

65

Тауарды түгендеуінің актісі

Тасымалданған тауар құнын түгендеуде қолданылады

66

Сақтауға қабылданған тауарлы материалдық құндылықтардың түгендеу тізімдемесі

Жауапты сақтауға арналған тауарлы материалдық құндылықтарды түгендеу кезінде қолданылады

67

Түйіншектерде және жабдықтың бөлшектерінің, аспаптарда және өзгеде бұйымдарды , бағалы металлдарды түгендеу тізімдемесі

Асыл металдарды, жартылай фабрикаттарды, түйіншіктерде және жабдықтың бөлшектерінің, аспаптарды және өзгеде бұйымдардыы түгендеуде қолданылады

68

Жолдағы материалдар мен тауарлардың түгендеу актісі

Түгендеу кезінде жолда болған материалдардың саны мен құнын есептеуде қолданылады

69

Бағалы металдарды түгендеу акті, оның ішінде табиғи алмаздың және олардан алынатын асыл металдар

Өндірісте қолданылатын және сақталатын асыл металдар, асыл тастар, табиғи алмаздарды , бұйымдарды түгендеу кезінде қолданылады

70

Жөндеуі бітпеген негізгі құралдар түгендеу актісі

Жөндеу жұмыстары бітпеген ғимарат, ғимарат, машина, жабдықтардың, энергетикалық қондырғылардың және басқа да негізгі құралдарды түгендеуде қолданылады

71

Келешек кездің шығынының түгендеуінің актісі

Келешек кезеңнің шығындарын түгендеуде қолданылады

72

Ақшалай құралдарды түгендеу акті

Түгендеу нәтижесі кезіндегі нақты ақшалай қаражаттар мен кәсіпорын кассасындағы ақша қаражаттармен салыстыру

73

Қымбат және қатал есептіліктің құжатының бланкінің түгендеудің тізімдемесі

Нақты шын мәніндегі түгендеудің қорытындыларымен қатал есептілік құжатпен салыстыруда қолданылады

74

Сатып алушымен, жеткізушілермен және өзге борышқорлармен және несиегерлермен есептің түгендеу актісі

Жеткізушілермен, өзгеде борышқорлармен жәнеде несиегерлермен, алушылармен есептік түгендеудің нәтижесін рәсімдеуде қолданылады

75

Айырмашылық ведомості

Негізгі құралдарды және тауарлы –материалдық құндылықтарды түгендеу нәтижесінде қолданылады

76

Кассалық кіріс ордері

Кассаға келіп түскен ақша қаражаттарын және өңделген ақпараттың қолданыстағы есептеуіш аппараттардың ақша түсімін рәсімдеуде қолданылады

77

Кассалық шығын ордері

Кассадан ақша қаражаттарын рәсімдеуде қолданылады

78

Кіріс және шығын кассалық құжаттың тіркеу журналы

Кіріс және шығыс кассалық құжатты тіркеу үшін қолданылады

79

Кассалық кітап

Кассадағы ақша қозғалысы есебі

80

Кассирдің қабылдаған және кассадан шыққан ақша есебінің кітабы

Кәсіпорынның кассасынан сеніп тапсырылған (үлестірушіге) қызметақыны және одан қалған қалдықты сонымен қатар төленген құжаттар жөніндегі ақша есебі құжатында пайдаланылады

81

Рационализаторлық ұсынысқа өтініш

Рационалистік ұсыныстар бланктерге сиялармен толтырылады

82

Рационализаторлық ұсынысқа өтініштер тіркеу журналы

Рационалистік ұсыныстарға өтініштер тіркеуде қолданылады

83

Жаңашылдың, индустриялық меншіктің нысанының авторының карточкасы

Ұйымға қабылданған рационалистік ұсыныстың, өнертабыс, пайдалы қалып, индустриалдық үлгілердің жұмыс жасауы, патент бөлімінің бастығы толтырады

84

Индустриялық меншіктің нысандарына өтінішті тіркеу журналы

Ұсынылған өнертабыс, пайдалы қалыптың және индустриялдық үлгілердің өтінімдерін тіркеу құжаты

85

Рационализаторлық ұсыныстың, индустриялық меншіктің нысанының қолдану жөніндегі акті

Рационализаторлық ұсыныстың, индустриалдық үлгілердің, пайдалы қалыптың әрқайсысының пайдалануын рәсімдеу


86

Рационализаторлық ұсыныстың, индустриялық меншіктің нысанының кабылданғаны жөніндегі анықтама

Рационализаторлық ұсыныстың, өнертабыстың , пайдалы қалыптың, индустриалдық үлгінің және оған қосымша сызбаларды растайтын құжат

87

индустриялық меншіктің нысанының игерушілікке қабылдаған тіркеу журналы

Ұйымда, мекемеде және кәсіпорын пайдаланылатын индустриалдық үлгілердің, пайдалы қалыптардың өнеркәсіптерді тіркеуде қолданылады

88

Орындалға жұмыстың құны мен шығынның құны туралы анықтама


Бұл анықтама алғашқы есептік құжат болып табылады және орынедалған жұмыстың көлемеі мен жұмыстың мақсатын көрсетеді

89

Орындалған жалпы жұмыс журналы

Орындалған құрылыс монтаж жұмысы есебіне қолданылады

90

Аяқталған құрылыс нысаны обьектісінін актісі

Аяқталған Білім ғимаратына қолданылады

91

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрылысы аяқталған эксплутацияны қабылдау актісі

Аяқталған құрылыс нысанында қолданылады.Негізгі қорлардың бірі болып табылады

92

Ауыл шаруашылығындағы оның ішінде малдың, құстың , қоянның сатып алынған жөніндегі түбіртегі

Әр түрлі шаруашылық қожалықтарынан қабылданған малдың, құстың, қоянның сатып алынғандығынын көрсететін құжат

93

Жұмыртқа сатып алуға арналған түбіртек

Әр түрлі шаруашылық қожалықтарынан келіп түскен жұмыртқа өнімдеріне арналған алғашқы құжат

94

Картопқа, көкініске, жүзімге, ауылшаруашылық өнімдерімен шикізатты сатып алу жөніндегі түбіртегі

Сатып алғанды растайтын, жеке тұлғалардан кәсіпорынға күніне келіп түскен ауылшаруашылық өнімдеріне есеп жүргізуде қолданады

95

Жеке тұлғалардан малды, құсты және қоянды сатып алу түбіртегі

Кәсіпорынның есеп жүргізу құжаттарына сәйкес жеке тұлғалардан қабылданған малды, құсты және қоянды рәсімдеуде қолданылады

96

Жеке тұлғалардан және шаруашылық серіктестіктерден сүт және сүт өнімдерін сатып алудағы түбіртек

Шаруашылықтың әр түрлі субьектілерінен қабылданған сүт және сүт өнімдерін қабылдау пунктіне рәсімдеу үшін қажет

97

Қант қызылшасын сатып алудағы түбіртек

Шаруашылықтың барлық түрінен қабылданған қант қызылшасын рәсімдеуде қолданады

98

Дәнді және майлы дақылдарды, шөп дәндерін сатып алу түбіртегі

Дәнді және майлы дақылдарды, шөп дәндерін сатып алуғандығын рәсімдеу үшін қажет құжат

99

Жеке тұлғалардан малды, құсты және қоянды сатып алу түбіртег

Жеке тұлғалардан малды, құсты және қоянды сатып алғанын растайтын кәсіпорын есебін үшін қажет құжат

100

Жеке тұлғалардан және шаруашылық серіктестіктерден сүт және сүт өнімдерін сатып алудағы түбіртек

Жеке тұлғалардан және шаруашылық серіктестіктерден сүт және сүт өнімдерін қабылдау пунктіне арналған құжат

101

Дәнді және майлы дақылдарды, шөп дәндерін сатып алу түбіртегі

Дәнді және майлы дақылдардың, шөп дәндерін тапсыруға арналған құжат

102

Шикізаттың және сойылған малды сатып алудағы түбіртек

Бұл құжат шикізаттың және сойылған малдың есептерін рәсімдеу үшін қолданылады

103

Махоркалық шикізатты сатып алудағы түбіртек

Мем лекетке сатылған махоралық шикізаттың саны мен сапасын көрсететін құжат

104

Мақта шикізатын сатып алуға қабылдау квитанциясы

Шаруашылықтың барлық формларының субъектілерінен мақта шикізатын сатып алуды рәсімдеуге арналған форма

105

Эфирмайларын сатып алудағы түбіртек

Мемлекетке сатылған эфирмайларының саны мен сапасын көрсететін құжат

106

Көкөністің сорт тұқымдарын сатып алудағы түбіртек

Ұйымның есептері үшін сатып алуды растайтын кәсіпорынның алғашқы құжаты болып табылады

107

Темекіні сатып алуға қабылдау квитанциясы

Мемлекетке мемлекеттік шаруашылықпен сатылған темекінің саны мен сапасын рәсімдеуге арналған форма

108

Зығыр, кендір және кенфаны сатып алудағы түбіртек

Мемлекетке сатылған зығыр, кендір және кенфанын саны мен сапасын көрсететін құжат болып табылады

109

Көкөністің сорт тұқымдарын сатып алудағы түбіртек

Ұйымның есептері үшін сатып алуды растайтын кәсіпорынның алғашқы құжаты болып табылады

110

Піллләні сатып алудағы түбіртек

Пілләнің сапасы мен санын мемлекетке растайтын құжат болып табылады

111

Жүнді сатып алудағы түбіртек

Әр түрлі шаруашылық субьектілерінен сатып алынған және қабылданған теріні толтыруда қолданады

112

Тірі шикізатты және елтіріні сатып алудағы түбіртек

Тірі шикізаттыжәне елтіріні сатып алуда қолданылады

113

Қоян терісін, қоянның және малдың сойымын сатып алудағы түбіртек

Бұл форма қоян терісін, қоянның және малдың сойымын сатып алу үшін арналған

114

Тұрғылықты халықтан ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу түбіртегі

Халықтың ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуда қолданады

115

Материалдық емес активтердің инвентарлық карточкасы

Кәсіпорынға қабылданған материалдық емес активтердің барлық түріне қолданады

116

Актокөліктік тасымалдардың салыстыру актісі

Кәсіпорын және ұйым-жүк тасушылар (жүк қабылдаушылар) және автокөліктің кәсіпорындарының және ұйымдар бір реттік тоқсанға жасаланатын деректерді беруге міндетті

117

Пішен және сабанның сатып алу акті

Сена мен сабанның сатып алуда рәсімделеді

118

Материалдық емес активтердің қабылдау -тасымалдау акті

Материалдық емес активтердің кәсіпорында қабылдау – тасымалдау актісін толтыруда қолданады



Қосымша 2
Оқу практикасының есеп беруінің титулдық парағы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Есеп және қаржы кафедрасы



Оқу практикасынан өткендігі туралы есеп беру

Орындаған: 09___ топ студенті______________

(Аты-жөні толығымен)

Тексерген :аға оқытушы____________________

(Аты-жөні толығымен)
Орал 2016

Қосымша 3
Диплом алдындадағы оқу практикасының күнделігі үлгісі

А4 форматында орындалады

09210 топ сутденті Амірғалиев Диас Ақылбекұлының оқу практикасындағы күнделігі

Күні

Орындалған тапсырма

Орындалғандығы туралы белгі

16.06.2015ж

Бухгалтерлік баланс

Орындалды

17.06.2015ж

Бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты жазу әдісімен шаруашылық операциялар мен бухгалтерлік шоттарды жазып көрсету


Орындалды

18.06.2015ж

Ағымдағы активтің есебі: ақшалай қаражаттар және оның эквиваленті

Орындалды

19.06.2015ж

Бухгалтерлік құжат және оның мақсаты

Орындалды

20.06.2015ж

Бухгалтерлік құжат және оның мақсаты

Орындалды

21.06.2015ж

Тәжірбие бойнша есеп беру

Орындалды



Қосымша 4

Мазмұны

Кіріспе


1.Бухгалтерлік баланс

2. Бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты жазу әдісімен шаруашылық операциялар мен бухгалтерлік шоттарды жазып көрсету

3. Ағымдағы активтің есебі: ақшалай қаражаттар және оның эквиваленті

4. Бухгалтерлік құжат және оның мақсаты

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі



Қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет