Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының 2012 жылғы 1-тоқсандағы негізгі нәтижелері



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
#9072
  1   2   3





Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының 2012 жылғы 1-тоқсандағы негізгі нәтижелері

2012 жылғы қаңтар-мамыр айларында 15 бақылау іс-шарасы жүргізілді, оның үшеуі бойынша ақпарат «құпия» белгісімен қосымша ұсынылады.

Үстеме бақылауды қоса алғанда, 12 бақылау іс-шарасының шеңберінде 100 объект тексеріліп, 390,3 млрд.теңге бюджет қаражаты бақылаумен қамтылды.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 56,5 млрд.теңгені, соның ішінде шығыстар бойынша – 23,8 млрд.теңгені, кірістер бойынша – 32,1 млрд.теңгені, мемлекет активтерін пайдалану кезінде – 0,08 млрд.теңгені, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама саласында – 0,5 млрд.теңгені құрады.

Есепті кезеңде бақылау объектілері 637,6 млн.теңгені қалпына келтірді.

Анықталған бұзушылықтарды және жұмыста орын алған кемшіліктерді жою мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметіне (бұдан әрі – Үкімет), мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде 105 ұсыным және тапсырма жіберілді.

Іс жүргізу шараларын қолдану үшін құқық қорғау органдарына жіберілген 9 бақылау материалы, қазіргі таңда тергеу алды тексеруде жатыр.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның, 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасының іске асырылу барысының тиімділігіне, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – АШМ) жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша 2010-2011 жылдары бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген бақылаудың қорытындысы аталмыш бағдарламалардың жекелеген нысаналы индикаторларына қол жеткізілмегенін, жоспарланған іс-шараларды іске асырудың, олардың орындалу барысына бақылаудың қамтамасыз етілмегенін көрсетуде.

Бақылау барысында бюджет және өзге де заңнаманың жалпы 5 303,5 млн.теңгеге бұзушылықтары анықталды.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – АӨК бағдарламасы) АШМ-ның 2010-2014 және 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларының жекелеген мақсаттарын, міндеттері мен іс-шараларын қайталай отырып әзірленген.

Бағдарламада қарастырылған төрт нысаналы индикатордың жалпы экспорт көлемінде аграрлық саланың экспорттық әлеуетін 8%-ға дейін ұлғайту жөніндегі бір индикаторына қол жеткізілмеген. Азық-түлік тауарларының ішкі нарығындағы қажеттіліктің 80%-дан астамын отандық өнімдермен қамтамасыз ету жөніндегі нысаналы индикаторға ішінара қол жеткізілген.

Іске асырылуы жоспарланған іс-шаралардың жалпы санынан қаржыландыру көлемі 3 443,2 млн.теңге болатын 8 іс-шара орындалмаған.

Ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге арналған қаражатты жоспарлау кезінде АШМ ірі қара малдың санын ресми статистикаға сәйкес есепке алған. Бұл деректер статистикалық көрсеткіштердің асырып көрсетілгенін білдіреді. Сонымен, шығындардағы алшақтық 1 700,0 млн.теңгені құраған.

2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасындағы (бұдан әрі – Салалық бағдарлама) тоғыз міндеттің үшеуі, атап айтқанда: халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізуі; орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінен суды пайдаланатын халықтың санын ұлғайту; су көздері мен сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер қажетті деңгейде іске асырылмаған.

Салалық бағдарламада 7 231 елді мекенде сумен жабдықтауды жақсарту көзделгенімен, тек 3 417 елді мекенде немесе жоспарланған мөлшердің 47%­ында ғана күтілген нәтижелерге қол жеткізілген.

Қазақстан Республикасының су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау жөніндегі бас схема белгіленген мерзімінде бекітілмеген, ал оны әзірлеуге 2008-2010 жылдары 304,7 млн.теңге жұмсалған.

Су есептеу қондырғыларын орната отырып, сумен жабдықтау желілерін тікелей тұтынушылардың учаскелеріне жеткізуге қатысты бөлігінде жекелеген жобалар бойынша техникалық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелеріне сай келмейді. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар жобалау сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу үшін алған 226,5 млн.теңге трансферттерді сметаларды түзетуге пайдаланған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, мониторингілеу және бағалау ережесін бұза отырып, бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескерілместен, 2010-2011 жылдары Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сумен жабдықтауға қатысты 60 жоба бойынша жобалардың жалпы құны 8 447,6 млн.теңгеге қымбаттағанымен, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Салалық бағдарламаны іске асыру кезінде су құбырлары желілерін салу және реконструкциялау саласында жалпы 8 591,9 млн.теңгені құрайтын 16 жобаның мерзімі белгіленген нормативтен 5 айдан 20 айға дейін асып кеткен.

АШМ мен жергілікті атқарушы органдар сумен жабдықтаудың салынған объектілерін пайдалануға уақтылы енгізу жөнінде пәрменді шаралар қабылдамаған.

2008 жылы салынған «Ақмола облысының Бурабай кентін Көкшетау өнеркәсіптік су құбырына қосу тармағы» объектісі елді мекен ішінде таратушы желілердің болмауына байланысты, осы уақытқа дейін жұмыс істемей тұр. Объектінің сметалық құны 929,5 млн.теңгені құрайды.

Жамбыл облысы Талас ауданының Ақкөл ауылында су құбырлары желілерін жаңартуға 2007 жылдан бері республикалық бюджеттен 583,0 млн.теңге жұмсалған. Бұл ретте құрылыс-монтаж жұмыстары осы уақытқа дейін аяқталмағандықтан әрі ауылға су кіргізілмегендіктен, Ақкөл ауылының тұрғындары сырттан жеткізілетін суды сатып алуға және пайдалануға мәжбүр болып отыр.

Жобада іске қосу жұмыстарына қаражат қарастырылмағандықтан, жалпы құны 557,3 млн.теңгені құрайтын екінші көтеру сорғы станциясының орнатылған жабдықтары мен кешенді тазарту құрылысының объектілері 2010 жылдан бері жұмыс істемей тұр.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы №1328 қаулысының 5 және 7-тармақтарын бұза отырып, жұмыс комиссиясы сметалық құны 823,3 млн.теңге болатын «Павлодар облысы Шідерті кентінің сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерін дамыту және жаңарту» объектісін ондағы құрылыс-монтаж жұмыстары 27,1 млн.теңгеге аяқталмаған болса да қабылдап алған.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша құрылыс басқармасы» және «Екібастұз қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемелерінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 8-тармағын бұза отырып, мемлекеттік сараптама жасалмастан, сметалық құны 362,1 млн.теңгеге Солтүстік Қазақстан облысы Боголюбово ауылында сумен жабдықтау жүйелерін жаңарту жөніндегі жоба жүзеге асырылған, 2011 жылы Екібастұз қаласының сумен жабдықтау жүйелерін жаңарту жобасының құны 14,3 млн.теңгеге ұлғайтылған.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Үкіметке АӨК бағдарламасының ережелерін салалық бағдарламаларды әзірлеудің тәртібіне сәйкес келтіру, әрбір міндет бойынша оларды шешудің дәрежесін сипаттайтын сандық және сапалық өлшем шамалары түріндегі нақты көрсеткіштерді белгілеу мәселелерін қарастыру жөнінде ұсыныс берілді. АШМ-ға, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдеріне бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою және қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауды қамтамасыз етпеген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне (бұдан әрі – ИЖТМ) геология және жер қойнауларын пайдалану мәселелерін іске асыруға бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген бақылау барысында бюджет және өзге де заңнама талаптарының жалпы 343,9 млн.теңгеге бұзушылықтары, геологиялық ақпаратты пайдаланғаны және тарихи шығындарды өтемегені үшін жалпы 1 923,7 млн.теңге қаражаттың бюджетке уақтылы түспегені анықталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1530 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында минералдық шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның (бұдан әрі – МШК­­-ні дамыту бағдарламасы) іске асырылу сапасы төмен. ИЖТМ-ның Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – Комитет) Республикалық бюджеттік комиссияның шешімдерін ескерместен, 635,6 млн.теңге республикалық бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған.

Комитет 340,5 млн.теңге қаражатты МШК-ні дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шараларда қарастырылмаған жобалау-сметалық құжаттаманы жасауға бағыттаған. Тиімсіз жоспарлаудың салдарынан, 040 «Өңірлік, геологиялық-түсірілім, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары» бағдарламасы (бұдан әрі – 040 бағдарлама) бойынша 292,4 млн.теңге бөлінбей қалған.

Бақылау кезінде 040 бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан және 2011 жылғы қарашада аяқталуы көзделген 29 жобаға бөлінген қаражаттың 92,2%-ы игерілген. Бұл ретте 19 жоба бойынша орындалған жұмыстардың нәтижелері жөніндегі есептер «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – «Қазгеоақпарат» РГАО» ММ) тапсырылмаған.

Өңірлік геологиялық зерттеулерге және геологиялық түсіру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу белгіленген талаптар бұзыла отырып жүргізілген. Нәтижесінде, жүргізілген жұмыстардың мазмұны, құны және тиімділігі талаптарға сай болмағандықтан, 2009-2010 жылдары жасалып, 60 %-ы іске асырылған жалпы 45,5 млн.теңгені құрайтын үш шарт 2011 жылдың қараша айында бұзылған. Аталған шарттар бойынша 2011 жылға қарастырылған 10,6 млн.теңге бюджет қаражаты игерілмеген.

Осындай жағдай Комитеттің және «Қазгеоақпарат» РГАО» ММ ның арасында да орын алып, шарттарға сәйкес келмеуіне немесе оларды одан әрі іске асырудың орынсыздығына байланысты, шарттар бойынша аванс төлемдері, сондай-ақ орындалған жұмыстарға ішінара төлем жүргізілген жалпы 144,8 млн.теңгенің 7 шарты бұзылған.

Геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауы туралы ақпарат жинау мен пайдалануға беруге ұсыну тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған, жер қойнауы туралы мемлекеттік дерекқор жүйесіз жүргізілуде.

«Қазгеоақпарат» РГАО» ММ қорының ақпараттық базасы өңіраралық департаменттердің қорларымен интеграцияланбаған. Шарттардың бұзылуына байланысты, интеграция бойынша жұмыс 2011 жылы тоқтатылған.

Комитет өңіраралық департаменттер қорларының деректерін, ақылы және қайтарымсыз негіздегі ақпарат көлемін, сондай-ақ 2010-2011 жылдары республикалық бюджет кірісіне іс жүзінде төлемақы есебіне түскен қаражатты ескере отырып, нақты ұсынылған геологиялық ақпаратты есепке алуды ұйымдастырмаған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 қарашадағы №1357 қаулысымен бекітілген Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпарат және оны оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарда пайдалану тәртібі туралы ережені бұза отырып, Комитет «Қазақстан Республикасы шөгу бассейндерін кешенді зерделеу» жобасына арналған геологиялық материалдарды «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ-ға төлемақы алмастан ұсынған. Сөйтіп, республикалық бюджет кірісіне 1 605,6 млн.теңге түспей қалған.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі мен «Голд Ленд» ЖШС арасында жасалған келісімшарт бойынша Ақмола облысы Щучинск ауданындағы Новоднепровск кен алаңы шегінде кейіннен алтын өндіруді барлау үшін алаңы 200 шаршы шақырым болатын лицензиясы бар барлық аумақты геологиялық зерделеуге мемлекеттің шеккен тарихи шығындары 1 854,3 мың АҚШ долларын құраған.

Комитет пен «Голд Ленд» ЖШС арасында жасалған қосымша келісімге сәйкес, 0,66 шаршы шақырым аумақтағы тарихи шығындар 55,6 мың АҚШ долларына азайтылған. Нәтижесінде, республикалық бюджет 265,7 млн.теңге шығын шеккен.

2010-2011 жылдары геологиялық ақпаратты пайдаланғаны үшін республикалық бюджет кірісіне 201903 коды бойынша 9 пайдаланушыдан жалпы 52,4 млн.теңгені құрайтын төлем түспеген.

«Қазгеоақпарат» РГАО» ММ-ның геологиялық қорында пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібі бұзыла отырып, қор материалдары (геологиялық ақпарат) бөгде пайдаланушылардың сыртқа алып шығуына берілген. Геологиялық ақпаратты беру есебі ұйымдастырылмаған, материалдар берілетін негіздерге сілтемелер көрсетілмеген.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті Қазақстан Республикасының аумағында бекітілген ставкаларға сәйкес қосымша құн салығын өтеу үшін Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне қаражаттың бөлінуіне тиісінше бақылаудың жоқтығына ИЖТМ-ның назарын аударды. Үкіметке техногендік минералдық түзілімдер бойынша шығындардың мөлшерін айқындау тетігін регламенттейтін нормативтік құжат әзірлеу, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-дан және басқа тоғыз пайдаланушыдан геологиялық ақпаратты пайдаланғаны үшін 1 658 млн.теңге төлемақыны өндіріп алып, кейіннен республикалық бюджет кірісіне аудару жөнінде қажетті шаралар қабылдау ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – «РВЗ» РМК) қызметтік және арнайы автокөлік құралдарын пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне жүргізілген бақылаудың барысында қызметтік және арнайы автокөлік құралдарының пайдаланылуына тиісті бақылаудың қамтамасыз етілмегені атап өтілді.

«РВЗ» РМК-нің 2011 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарында автокөлік құралдарын сатып алуға жалпы 139,2 млн.теңге қаржы қарастырылған, алайда, іс жүзінде, жалпы 180 млн.теңгеге 47 автомашина сатып алынған, яғни қаржы 40,8 млн.теңгеге көп жұмсалған.

Сатып алынған автомашиналар кейіннен аумақтық филиалдарға бөлініп, «РВЗ» РМК-нің орталық аппаратының басшы қызметкерлеріне қызмет көрсету үшін бекітілген.

Бақылау барысында мемлекеттік нөмірі Z 261CX, «Kyron» маркалы «Ssang Yong» автомобилінің 2011 жылғы шілде айында, сатып алынғаннан кейін екі айдан соң, апаттық жағдайда тұрғаны анықталды. Келтірілген материалдық залалдың құны 1 034,7 мың теңгені құрағанымен, кінәлі адамдар залалдың құнын өтемеген.

«РВЗ» РМК-нің балансындағы автокөлік құралдарының бензин шығыстарының белгіленген нормативтерін бұза отырып, жанар-жағармай материалдары нормадан жалпы құны 2,6 млн.теңге болатын 27 999 литрге артық жұмсалған.

«Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының 1-тармағын бұза отырып, мемлекеттік басқару органы «РВЗ» РМК үшін қызметтік жеңіл автомобильдердің тиесілілік нормативін бекітпеген.

Есеп комитеті бақылаудың қорытындысы бойынша ведомстволық бағынысты «РВЗ» РМК-нің балансындағы көлік құралдарын пайдаланудың тиісті дәрежеде ұйымдастырылмағанына АШМ-ның назарын аударды.

Үкіметке нормативтік құқықтық актілермен:

1) ветеринария саласындағы автокөліктерді арнайы көлік құралдарына жатқызудың және автомашиналарды арнайы автокөлік құралдарына жатқызу рәсімдерін реттеудің өлшемдерін;

2) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарға қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиісілілік нормативін белгілеу мәселелерін қарастыру ұсынылды.



Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне (бұдан әрі – ИЖТМ) индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту үшін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бақылау барысында бюджет және өзге де заңнама талаптарының жалпы 9 281,6 млн.теңгеге бұзушылықтары анықталды.

ИЖТМ индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту үшін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бөлінген қаражаттың атаулы және нысаналы сипатын қамтамасыз етуді тиімсіз жүзеге асыруда, жоспарланған іс-шаралар белгіленген мерзімдерінде орындалмаған, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – ҮИИДМБ) бірқатар бағыттарының және ИЖТМ-ның стратегиялық жоспарларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілмеген.

Бақылау кезінде 2010-2011 жылдары бөлінген жалпы 15 870,8 млн.теңгенің 14 041,5 млн.теңгесі (88,5%-ы) игерілмей, екінші деңгейдегі банктерде депозиттік және ағымдағы шоттарға орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67 және 156-баптарын бұза отырып, 7 590,5 млн.теңге тиісті қаржылық-экономикалық негіздемесіз заңды тұлғаларға бөлінген, 1 900,0 млн.теңгенің бюджеттік өтінімі қалыптастырылмаған. ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптама жүргізілместен, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ-ға (бұдан әрі – «ЯТП» АҚ) жалпы 722,4 млн.теңге қаражат бөлінген.

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Металлургия-металлөңдеу» индустриялық паркі» ЖШС (бұдан әрі – «ММ» ИП» ЖШС) Қарағанды қаласындағы индустриялық парктің инфрақұрылымының құрылысын белгіленген мерзімде бітірмеген. Сонымен, металлургия және машина жасау жобаларын іске асыру, сондай-ақ олардың өнімдерін шығаруды ынталандыру бойынша инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі міндеттер орындалмаған.

Қарағанды облысында индустриялық парк салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру үшін бөлінген 21 462,5 млн.теңге бюджет қаражатының 15 212,5 млн.теңгесі 3 жыл бойы «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның депозиттік шоттарында жатқан.

Бюджет кодексінің 157-бабының талаптарын бұза отырып, 2010 жылы индустриялық парктің инфрақұрылымын салу жөніндегі ЖСҚ-ны әзірлеу кезінде техникалық-экономикалық негіздемеде қарастырылмағанымен, бюджеттік инвестициялық жобаға құрылыстың қосалқы компоненттері мен объектілері жалпы 3 754,7 млн.теңгеге қосымша енгізілген.

Сонымен қатар, техникалық талаптарының өзгеруіне байланысты, ЖЭО-3-тен индустриялық паркке кіреберіс теміржолдың құрылысы бойынша жұмыстар сметада қарастырылған мөлшерден 258,7 млн.теңгеге кем орындалған. 2010 жылы «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бастамасымен басталған сот дауының нәтижесінде Қарағанды қаласындағы индустриялық парктің инфрақұрылымының құрылысы тоқтатылған болатын. Бақылау кезінде нақты жұмыстар 18,5%-ға орындалған. Кіреберіс теміржолдың, Қарағанды-Павлодар және Қарағанды-Қарқаралы жолдарындағы сметалық құны 2 432,0 млн.теңге болатын автомобиль жол торабының құрылысы басталмаған.

«ЯТП» АҚ ғылымды қажет ететін ядролық технологияларды дамыту және оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізу үшін жағдай жасау жөніндегі міндетті толық көлемінде іске асырмаған.

«ЯТП» АҚ Курчатов қаласында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде технопарктің материалдық-техникалық инфрақұрылымының бірінші кезегін, сондай-ақ инженерлік коммуникацияларды және объектілерге кіреберіс жолдарды салу жөніндегі жұмыстарды аяқтамаған, мұнай-газ құбырларын тазарту жөніндегі ұтқыр технологиялық кешенді жасамаған. Игерілмеген қаражаттың көлемі 966,3 млн.теңгені құрады.

2010 жылы «ЯТП» АҚ-ның шоғырландырылған шығындары 261,5 млн.теңгені, соның ішінде 2010 жылы сатып алынған екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздары бойынша шығындары 78,3 млн.теңгені құраған. «ЯТП» АҚ-ның еншілес компаниясы – «АИФРИ «Табыс» венчурлық қоры» АҚ бағалы қағаздар бойынша 271,6 млн.теңгенің шығынына жол беріп, 2010-2011 жылдары купондық сыйақылар алмаған.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ (бұдан әрі – «ҰИҚ» АҚ) 2009-2011 жылдары бір де бір жаңа инвестициялық жобаны қаржыландырмаған. «ҰИҚ» АҚ-ның екінші деңгейдегі банктердегі шоттарында 5 384,7 млн.теңге мөлшерінде пайдаланылмаған қаражат қалдығы жинақталған.

2009 жылғы 1 желтоқсан-2011 жылғы 1 қазан аралығында республикалық бюджет қаражаты есебінен «ҰИҚ» АҚ-ның жарғылық капиталы жалпы 7 709,5 млн.теңгеге, соның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталында үлестік қатысу жолымен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 3 300,0 млн.теңгеге, ҮИИДМБ-ның бес конструкторлық бюро (бұдан әрі – КБ) құру жөніндегі іс-шараларын кейіннен «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі – «ИТТО» АҚ) жарғылық капиталын капиталдандыру арқылы іске асыру үшін 4 409,5 млн.теңгеге ұлғайтылған. «ҰИҚ» АҚ 3 300,0 млн.теңгенің инвестициялық жобасын қаржыландырмағандықтан, ИЖТМ-ның Стратегиялық жоспарының 4 заңды тұлғаның индустриялық-инновациялық инфрақұрылымын дамыту үшін жарғылық капиталын ұлғайту жөніндегі іс-шарасы орындалмаған.

«ИТТО» АҚ «Ауылшаруашылық машинажасау конструкторлық бюросын» құрмаған. Конструкторлық бюроларды құруға жауапты «ИТТО» АҚ-ның жарғылық капиталы тек 2 324,8 млн.теңгеге капиталдандырылған. конструкторлық бюроның құру жөніндегі жобаларды іске асыруға және өңірлік технопарктердің жарғылық капиталына қатысу үлесін төлеуге 1 595,8 млн.теңге (36,2%) бағытталған. ҮИИДМБ-ның іс-шараларын іске асыруға қарастырылған ақшалай қаражат қалдықтары, тиісінше, 2 084,8 млн.теңге (47,3%) «ҰИҚ» АҚ-ның және 728,9 млн.теңге (16,5%) «ИТТО» АҚ-ның шоттарында жатыр.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының талаптарын сақтау қамтамасыз етілмеген, екі конструкторлық бюроның жарғылық капиталдарын қалыптастыруға жалпы 347,1 млн.теңгеге салым енгізілмеген.

Қаржылық-экономикалық негіздемені әзірлеу ережесінің 8-тармағын бұза отырып, 2010 жылы «ИТТО» АҚ ҮИИДМБ-ның іс-шараларын іске асыруға қарастырылған қаражат есебінен конструкторлық бюролардың ағымдағы шығыстарына жалпы 386,5 млн.теңге пайызсыз қарыздар берген.

«Трансмаш» КБ» ЖШС-ның жалпы 126,4 млн.теңгеге әзірлеген конструкторлық құжаттамасы, соның ішінде вагон-хоппер бойынша 122,6 млн.теңгеге жасаған құжаттамасы пайдаланылмай отыр. Бұл ретте «ЗИКСТО» АҚ вагон-хоппердің тәжірибелік үлгісіне сынақтар жүргізгені үшін Ресей Федерациясының заңды тұлғаларына екі рет 5,9 млн.рубль (29,0 млн.теңге) төлем жүргізген.

2010 жылы және 2011 жылдың 11 айында жалпы құны 72,1 млн.теңгені және «ҰИҚ» АҚ-дан сұратылған инвестициялар көлемі 22,6 млн.теңгені құрайтын 38 инвестициялық жоба қарауға тіркелген. Бақылау кезінде бір де бір жоба мақұлданбаған. Сонымен, елдегі жалпы инвестициялық белсенділікті арттыру, жоғары технологиялы және ғылымды қажет ететін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу жөніндегі міндет толық көлемінде іске асырылмауда.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 395,0 млн.теңгені игермеген, кеме жасау саласындағы техникалық құжаттаманы әзірлемеген, сауытты танк техникасын күрделі жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізбеген. Қару-жарақты басқару жүйелерін енгізудің біртұтас орталығын құру – әскерлер мен қаруды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалана отырып, арнайы өнімдердің жаңа түрлерін игеру мен оларды жаңғыртуды ұйымдастыру деген негізгі мақсатқа қол жеткізілмеген.

«Акционерлік қоғамдар туралы»   Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының талаптарын бұза отырып, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да жылдық қаржылық есептілік бекітілмеген, акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер аударылмаған.

«Семей инжиниринг» АҚ Т-72М танкілерін және БМП-1п әскери машиналарын күрделі жөндеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған, «Қару-жарақты басқару жүйелерін енгізудің біртұтас орталығы» ЖШС-дан (бұдан әрі – «Біртұтас орталық» ЖШС) алған 58,5 млн.теңге авансты қайтармаған.

«Біртұтас орталық» ЖШС даму жоспарында қарастырылған 12 тақырып бойынша жалпы 171,5 млн.теңгенің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізбеген. Қызметінің қорытындысы бойынша аталған серіктестік жалпы 111,0 млн.теңгеге, соның ішінде 2010 жылы – 73,5 млн.теңгеге, 2011 жылдың 9 айы ішінде 37,5 млн.теңгеге зиян шеккен.

Бақылаудың қорытындысы бойынша Есеп комитеті ҮИИДМБ-ның және бекітілген стратегиялық жоспарлардың жекелеген көрсеткіштеріне қол жеткізу мәселелері бойынша жүйелі көзқарастың қалыптаспағанына ИЖТМ-ның, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және «Қазақстан инжиниринг» АҚ-ның назарын аударды.

Үкіметке «ЯТП» АҚ-ның ғылымды көп қажет ететін ядролық технологияларды дамыту мен оларды өнеркәсіптік өндіріске енгізу үшін экономикалық жағдай жасау міндетін іске асыру жөніндегі қызметіне ғылыми сараптама жүргізу ұсынылды.

Қазақстан Республикасы ИЖТМ, қорғаныс министрліктеріне, Қарағанды облысының әкіміне, тиісті акционерлік қоғамдарға:


    1. бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды жою, Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнамасы талаптарын бұзуға жол берген, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының және ҮИИДМБ-ның іс-шараларын толық көлемінде іске асыруды қамтамасыз етпеген лауазымды адамдарының жауапкершілігін қарау;

ҮИИДМБ-ның іс-шараларын іске асыруға тартылған ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдарға бөлінген бюджет қаражатының атаулылығын және нысаналы сипатын қамтамасыз етуді мониторингілеудің тиімділігін арттыру, корпоративтік басқарудың сапасын көтеру жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет