Графиктік есептер шығарудың негізгі кезеңдері.
1.физикалық шамалар арасындағы байланыс графигі берілсе:
1)графиктің әр бөлігіндегі шамалар арасындағы байланысты ажыратып, оны толық түйсіну;
2)масштабқа негізделіп, графиктен физикалық шамалардың берілген мәндерін (шамалардың абсциса және ордината осьтеріндегі мәндерін, координата остері және графикпен шектелген фигура ауданын, т.с.с.) анықтау.
2.егер график берілмесе:
1)есеп шарты немесе арнайы кестелер бойынша графиктер салынады;
2)ол үшін координата остері сызылып, белгілі масштаб таңдап алынған соң, қажет кесте толтырылады. Кестедегі мәндер координата жазықтығындағы сәйкес нүтелерге беріледі. Нүктелерді қосып физикалық шамалардың өзара тәуелділік графигін алады, әрі қарай, график жоғарыдағыдай талданады.
Графиктік әдісті қолдану және физикалық процестер мен заңдылықтардың графиктерін пайдалану шығармашылық ойлауды, бейнені көре білуді дамытады. Оқушылардың графиктік сауаттылығы осындай даярлық шарттарының бірі болып табылады.
Көпшілік жағдайларда физикалық процесті графикпен кескіндеу оны көрнекілейді, сөйтіп қарастырып отырған құбылысты түсінуді жеңілдетеді. Есептеулерді біршама жеңілдете отырып, графиктер практикада әртүрлі мәселелерді шешуне кеңінен қолданылады.
Есептер шығарудың графиктік әдісін қолданумен байланысты әдістемелік мүмкіндіктердің молдығына қарамастан, қзір пайдаланып жүрген оқулықтар мен есептер жинақтарында графиктердің және сәйкес жаттығулардың тапшылығы байқалады.
Кейбір есептерде екі физикалық шаманың байланысы графиктер түрінде беріледі. Олар бейнелейтін функционалдық байланыстың өрнегін жазу үшін графиктерді оқи алу керек.
Физика есептерін шығаруға графиктік әдісті пайдалану үшін оқушыда ол туралы ең аз дегенде мынадай мағұлыматтар болу керек: график, координаталық жазықтық, координаталар жүйесі, масштаб және т.б. Физика есептерін шығаруға графиктік әдісті қолдану графиктік есептердің өмірдегі, ғылымдағы, техникадағы мәні жөнінде түсінік береді, графиктермен жұмыс істеудің әртүрлі жақтарымен таныстырады. Мысалы оқушылар графиктік есептер құрудың негізгі тәсілдерін білуі, бұл есептерді шешу тәсілдері бойынша жіктемелей алуы тиіс.
Кейбір есептерде екі физикалық шаманың байланысы графиктер түрінде беріледі. Олар бейнелейтін функционалдық байланыстың өрнегін жазу үшін графиктерді оқи алу керек.
График бойынша берілген есепке керекті шамаларды анықтап шығаруға болатын есептерді айтады. Графиктік есептерді шығару үрдісінде графиктерді салу, графиктерден қажетті шамаларды тауып, есептеулерде қолдана білуге дағдыланады. Графиктерді салу, тұрғызу кезінде оқушылар физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті түсінуге, ұқыптылыққа үйренеді, яғни олардың танымдық және политехникалық мәні өте зор.
Оқушылардың техникалық қабілетін дамытуда, оларды теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйретуде, алған нәтежелері мен анықталған мәселелерін талдауда графиктік есептерді шығарту өте пайдалы. Оқушылар өздері есептеу нәтижесінде алған графиктерін қадағалай отырып, ол нені түсіндіретінін, осы жалғыз (қисық па, әлде түзу ма) сызықтың сыр–сипатында қаншама сыр жатқанын ұғатындай дәрежеге көтерілуі керек. Шынында, бір сызықтың сыры соншалықты мол екенін, оның әрбір нүктесі тұнып тұрған өзгерістер мен процестер екенін оқушылар өздері біліп, өздері сезгені құба-құп. Оның үстіне графиктің ең кем дегенде физикалық екі шама арасындағы функциялық тәуелділікті көрсететін кескін сурет екенін, есептерді де, қарастырылатын қағиданы да оңайлататынын ескеру керек. Графиктік есептерді шығаруда қарастырылатын физикалық шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті түсіну оқушылардың оны игеру дағдыларын дамытады. Сонымен, физикалық графиктік есептер әрі дағдыны, әрі танымды дамытатын тартымды тәсіл болып шықты. Оның үстіне, мұндай есептер физикалық тұрақтылар мен коэффиценттерді де оқушылардың есінде қалдыруына едәуір көмегін тигізеді.
1-есеп. Суретте қалайы температурасының уақытқа тәуелді өзгеру графигі көрсетілген. АВ, ВС, СД аймақтарында қандай өзгеріс байқалады? Қалайының балқу температурасы қандай?
Шешуі: 1. Графиктің АВ аймағында қалайының 30℃-ден 232℃-ге дейін қыздыруы сәйкес келеді, ВС аймағында – балқуы, бірақ температурасы өзгермейді, СД аймағында сұйық қалайының қыздырылуы.
2. tпл = 232 оС.
Достарыңызбен бөлісу: |