Модемдер (МОдулятор+ДЕМодулятор) алыс қашықтықтағы
компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер
алмасу ҥшін қолданылатын қҧрылғы. Мҧндағы байланыс арналары
деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстар тҥсініледі.
Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-жіктеу қҧрылғыларын
радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б деп бӛледі.
Компьютерден модемдерге тҥскен ақпарат сандық модуляциялық
жолмен тҥрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша), телефон
желісіне бағытталады.
Модем және компьютердiң аралығында ақпарат алмасу, тек
цифрлік деңгейі бойынша, модемдер аралығында ақпарат алмасу
аналогты және цифрлік бағыт арқылы iске аса алады.
Модем процессор, жады, модемді телефон желiсімен қосып
тҧратын аналогты бӛлiктен және барлығын басқаратын бейімдеуіштен
тҧрады.
Ақпарат алмасу 300-3400 Гц жиiлiктерiнiң аралығында
(аналогты немесе цифрлық) телефон желісі бойынша жҥреді.
Аналогты сигнал нақтылы жиiлiкпен оның сипаттамасын ӛлшеп,
нақтылы алгоритм бойынша цифрлық ақпаратқа ӛзгертіліп жазылады.
Модемдерді екi тҥрге бӛлуге болады: iшкi және сыртқы. Ішкi
модем бейімдеуіш арқылы PCI-слотқа қондырылады. Сыртқы модем -
қажетті кіру және шығу жиынтығы арқылы телефон желісі мен
компьютер арасындағы ақпарат алмасуға мҥмкіндік беретін дайын
шешім қҧрылғы.
5.8-сурет. Модем ADSL D-Link DSL-2640U/ RU, ADSL Wi Fi
Қазiргi аналогты модемдердiң жылдамдығы 56 Кбит/с-қа жетедi.
Бҧл телефон желісінің теориялық шегi оның сипаттамасына
байланысты. Бҧдан басқа, XDSL/ADSL - модемдер бар, деректердi
беру жылдамдығы: анағҧрлым жоғары, 10 Мбит/с-ке жетедi.
Қазiргі кезде кӛбiрек жоғары жылдамдықты ADSL-модемдерді
қолданады, телефон арқылы сӛйлесуге арналған бҧл телефон желісін
параллель қолдануға мҥмкiндiк беретiндiгiнен, қолданушылар дәл осы
ҥлгіні таңдайды.
Ӛз жҧмысына радиожиiлiктердiң нақтылы диапазондарын
қолданатын сымсыз модемдердің қолданысын жиі кӛруге болады.
Егер модемдi жаңғыртуға келсек, уақытқа сай ынта бiлдiрiп,
қазiргi ADSL – модеміне кӛшуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |