46
Tab пернесі мәтінді терген кезде кестелеу позициясын енгізу ҥшін
қолданылады.
Esc пернесі соңғы орындалған команданы қайтару ҥшін
қолданылады.
Print Screen-ағымдағы экранның кҥйін баспаға жіберуге немесе оны
алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына
сақтауға арналған.
Shift пернесі жоғарғы регистердегі символдар мен бас әріптерді
енгізу ҥшін, сонымен қатар басқа пернелермен бірігіп кейбір
командалардың орнына қолданады.
Caps Lock пернесі бас әріптер режімін қосады немесе ағытады.
Num Lock пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе
ағытады.
Басқарушы пернелер: insert, delete, home, end, page up, page down,
back space. Бағыттауыш пернелер курсорды кӛрсетілген бағытта бір
орынға жылжытады. back space пен delete қажет емес символды жою
ҥшін пайдаланылады. page up, page
down курсорды парақ басына
немесе парақ соңына кӛшіруді білдіреді. home, end курсорды
қатардың, терезенің, файлдың басына немесе соңына жылжыту ҥшін
пайдаланылады.
Компьютерлік пернетақта – ештеңе қаламайтын және тозғанша
соңына дейін жҧмыс жасайтын қҧрылғы. Алайда, «ӛмірін»
қиындататын әртҥрлі кҥтпеген жағдайлар болып қалуы мҥмкін.
Мысалы, іске қосатын қосқыштың сынуы, жҧмыстан шығып қалған
перне, тӛгілген кофе және т.б. Бірақ, бҧл ең қиын жағдайлар, ал ең
қарапайымы – пернетақтаның ластануы.
Ластанудың белгісі – перненің дҧрыс басылмауы немесе мҥлдем
басылмауы. Яғни, оны тазалау керек деген сӛз. Ішкі қҧрылысын
тазалаудың ең қарапайым тәсілі – пернетақтаны аударып, бір жақтан
екінші жаққа сілкілеу. Қоқысты шығару ҥшін
сілкілеген кезде
пернелерді астынан аздап соғуға да болады.
Пернетақтаның пернелерін тазартудың ең тиімді тәсілі – пернені
орналасқан ҧяшығынан тартып, қоқысты шығару. Бҧл жағдайда тек
пернелерді тазартып қоймай, оның астындағы кеңістікті де тазартуға
болады. Егер пернетақтаға сҧйықтық (кофе, шәй және т.б.) тӛгілсе,
дәл осы тәсілмен тазарту керек. Пернені тарту ҥшін жҧқа бҧрандамен
немесе одан да жҧқа қҧрал-сайман пайдалануға болады. Бҧранданы
перненің астына салып, жай итерумен ҧяшықтан босатып, жоғары
тарту керек. Тартылған пернелерді қателеспей орнату ҥшін оларды
ҥстелдің ҥстіне немесе басқа жерде бірінен
соң бірін пернетақтада
орналасқандай қоюға болады.
Пернелер тартылғаннан кейін, оның орнын тазалау қажет. Ол
ҥшін спиртті сҥлгімен немесе сабынды ерітіндіге малынған сҥлгімен
сҥртуге болады.
47
Пернелердің жан-жағы ӛте лас болатындықтан, оны тазалаудың
қарапайым тәсілі – тӛсеулі жатқан сҥлгіге ҥйкеп сҥрту. Пернелердегі
кір сҥлгідегі спиртпен кетпесе де, тазарту кезіндегі ҥйкеліс кҥшімен
кетеді. Пернелер тазартылғаннан соң, пернелелердің астындағы
кеңістікті тазарту қажет. Пернелерді және пернелердің ҧяшықтарын
тазартқаннан кейін оны ҧзақ уақыт қолдануға болады.
Тінтуір (тышқан, маус) - графиктік
меңзермен басқарылатын
қҧрылғы. Екі немесе ҥш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес.
Тінтуірдің жазық беттегі қозғалысы экрандағы тінтуір нҧсқағышы деп
аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған.
Компьютерді басқару ҥшін тінтуірді жазық бетте жылжытады және
оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып
отырады. Осылайша басуды
шерту деп атайды.
Монитор мен тінтуір бірігіп колданушы интерфейсінің жаңа тҥрі
—
графиктік интерфейсті қҧрайды. Тінтуірдің кӛмегімен
объектілердің қасиеттері ӛзгертіліп, басқару элементтері әрекетке
келтіріледі.
4.6-сурет. Тінтуір
«Тінтуір» тетігі – мәлімет енгізу ҥшін, компьютердің белсенді
қолданылатын қҧрылғысы болып табылады. Тінтуір кӛмегімен
мәліметтерді ашу, белгілеу, кӛшіру және
тағы басқа да әрекеттер
орындалады.
Тінтуір сияқты басқарушы аспап әртҥрлі болып келеді, бірақ
ішінде
механикалық,
мысалы
қыстырылған
ролик
немесе
доңғалақшалы бӛліктері бар тінтуір ластануға бейім болып келеді.
Механикалық бӛліктері жоқ тінтуір тек ҥстіңгі жағынан ластануы
мҥмкін, ол оның жҧмыс жасауына еш кедергі келтірмейді.
Механикалық тінтуірді екі тҥрлі жолмен тазартуға болады.
Жылдам тазарту. Бҧл әдіс дӛңгелекше орналасатын бекітілген
ҧяшықты ашуды қарастырады және мҥмкіндігінше жабысқан ластан
тазартылғанша белдіктерді тазартуды қарастырады. Бҧл әдістің жақсы
жағы тінтуірді ашудың қажеті жоқ. Келеңсіз жағы - тінтуір
механизмін толықтай тазарту мҥмкін емес, яғни,
тінтуірдің қозғалту
қадағасын тазарту мҥмкін емес.
Екінші әдіс толық тазарту деп аталады, мҧнда тінтуірдің ішкі
қҧрылғыларын тазарту ҥшін қорапты ағытуға тура келеді. Бекітіліп
тҧрған ҧяшықты ашып, резеңке дӛңгелекті шығарып алу ҥшін,
дӛңгелекшені ҧстап тҧрған сақинаны екі саусақпен қысып тҧрып оны
48
сол жаққа қарай бҧру керек. Осыдан кейін дӛңгелекшені жеңіл
шығарып алуға және тазалаумен айналысуға болады. Белдіктерге
дӛңгелекше қаншалықты қатты жабысып тҧрса шаң да оған
соншалықты жабысып қалады.
Осылайша, тазалау ҥшін кез келген
қатты нәрсені пайдалануға болады, мысалға қарындаш тәрізді
нәрселер. Металл заттармен, соның ішінде қаттыларды қолдануға
болмайды, ӛйткені белдіктерде сызат тҥсу және экрандағы
кӛрсеткіштің дҧрыс жҧмыс жасамауына қауіп болуымен қатар, ластың
кӛп тҥсуіне ӛз әсерін тигізуі мҥмкін. Ластың қалдықтарын алу ҥшін
жіңішке қысқышты қолдануға болады. Барлық ласты мҥмкіндігінше
тазартып
болған соң, дӛңгелекшені қорғайтын сақинасына
орналастырып, сосын тінтуірді компьютерге жалғауға болады. Бҧл
орайда кілемшеге тҥскен ласты тазартып, сҥртіп алған дҧрыс.
Белдіктерді және қысып тҧратын белдіктерді тазалау ҥшін міндетті
тҥрде қысқышты пайдалану керек. Сонымен қатар, кӛрсеткіштер
(датчик) мен белдік дискілерінің арасына артық ештеңе қалдырмаған
жӛн. Тінтуірдің механизмін тазартқаннан кейін, оны қайтадан қҧрып,
жҧмыс жасайтынын тексеру қажет.
Егер оптикалық тінтуірді қолдансақ, онда оның тҥбін ылғалды
немесе спиртті салфеткамен сҥрту керек болады.
Достарыңызбен бөлісу: