Есептеуіш техниканы жµндеу жєне техникалыќ ќызмет кµрсету



Pdf көрінісі
бет96/113
Дата18.10.2022
өлшемі5.94 Mb.
#462888
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113
medeshova-komputer-architekt

Сақтандырғыш (предохранитель). Қоректену блогының басым 
бӛлігі, тҧрмыстық қҧрылғылардың кӛптеген бӛліктері сияқты 
керамикалық және ерігіш сақтандырғыштармен қамтылады. Әртҥрлі 
себептерге байланысты болатын жоғары тоқ кҥші мен кернеудің 
шапшаң ӛзгеруінде жҧмыс жасап және қайтадан жану – оның басты 
міндеті болып табылады. Бҧл жағдайда сақтандырғыш ішіндегі жҧқа 
сымдар жанып кетеді, сондықтан қоректену блогының басқа 
қҧраушыларына кернеу бармайды, яғни оларды істен шығуынан 
қорғайды. 
Ең алдымен қоректену блогынан қорғаныс қорабын ағыту керек. 
Қоректену кабелі артында сақтандырғыш орналастырылғандықтан, 
оны кабель мӛрлі тақшаға дәнекерленген жерден іздеген жӛн. 
Әдетте, ол ішінде сымдары орналасқан, әйнекті деталь немесе 
керамикалық қорап тәрізді. Кейбір жағдайда, сақтандырғыш басқа 
формамен және тікелей тақшаға денекерленген болып келеді.
Сақтандырғыш ауыстырмас бҧрын, ең алдымен оны тексерістен 
ӛткізген жӛн. Жарамды сақтандырғышта нӛлге жақын кедергісі 
болады, сондықтан қоңыраулауды жиі қолданады, себебі бҧл кезде 
потенциалды қысқа тҧйықталу болады. Егер сақтандырғыш ӛте ҥлкен 
кедергіні кӛрсетсе немесе дыбыс шығармаса, ол істен шыққанын 
білдіреді.


190 
Істен 
шыққан 
жағдайда 
параметрі 
келетін 
аналогты 
сақтандырғыш орнатылады. Ереже бойынша, қоректену блоктарында 
4А жану тоқ сақтандырғышы болады, бірақ та кейде ережеден тыс 
келеді. Сол себепті оның таңбасын металл байланыстарының бірінен, 
әлде әйнек (керамикалық) қорабынан қарау керек. Кӛптеген 
пайдаланушылар сақтандырғыш орнына жҧқа сымды «жучок» 
сақтандырғыш бекіністерінің тҥйіспелеріне дәнекерлеп қолданады. 
Бірақта бҧл тәсілдің де ӛз кемшіліктері бар, ӛйткені ӛте қалың сымдар 
керек уақытында жанбай қалатын болғандықтан қоректену 
блогының басқа да модульдерін істен шығарады. 
Сақтандырғышты ауыстырған және қоректену блогына кернеу 
берілген соң, мынадай жағдайлар туындауы мҥмкін. 

Қоректену блогы қосылады, сақтандырғыш кҥйіп кетпейді, 
компьютер қосылады және жҥктеледі. Бҧл жағдайда 
қоректену блогының істен шығуына кернеудің кенеттен 
ӛзгеруі немесе қоректену блогының қысқа мерзімді шамадан 
тыс жҥктеуі себебі болып табылады. 

Қоректену блогы қосылмайды, сақтандырғыш кҥйіп кетеді. 
Бҧл жағдайдың себебі: қоректену блогының бірінші
тізбегінде қысқа тҧйықталу болуынан мҥмкін. Мысалы 
жоғары вольтті тҥзеткіште немесе жоғары вольтты сҥзбеде. 

Қоректену блогы қосылмайды, сақтандырғыш кҥйіп 
кетпейді. Бҧл қоректену блогының екінші жҥйесі 
зақымдалғанын білдіреді, мысалы тҧрақтандырғыш. 
Жоғары вольтты түзеткіштің ақауы 
Әдетте жоғары вольтты тҥзеткіш ретінде, не жанында тҧратын, не 
пластмассалық жинаққа кіретін тӛрт диодтан тҧратын жиынды 
қолданады. Кейбірде транзисторлы қҧраманы қолданады, бірақ ол ӛте 
сирек кездеседі. 
Дегенмен әрбір диодты тексерген жӛн, себебі олардың біреуінде 
ақау болса, автоматты тҥрде ерігіш сақтандырғыштың жанып кетуіне 
апарады.
Тҥзеткішті тексеріс нәтижесінде кҥйген белгілерді байқасаңыз 
(тақшаның қарайып кеткен алаңы немесе жарылған диод), онда 
қоректену блогының ақауы жоғары вольтты тҥзеткіштің істен шығу 
нәтижесінде болғаны.
Егер ешқандай белгілер болмаса, онда әрбір диодты мультиметр 
арқылы тексеру керек. Егер тҥзеткіш диодты жинақта қҧрастырылған 
болса, онда оны тексеру ҥшін, ағытып алу қажет. Мҧны байланыс 
қасындағы мӛрлі ӛткізгіштерді тым қатты қыздырып алмай, ӛте 
мҧқият істемесе, олар тақшадан шарбылануы мҥмкін. 
Егер тҥзеткіш жеке диодта болса, оны тақшадан ағытпай-ақ
тексеруге болады.


191 
Диодтың кедергісі тікелей бағытта шамамен 500-600 Ом-нан,
керісінде 1,1-1,3 МОм-нан тҧру керек. Егер кӛрсетілген кӛрсеткішпен 
сәйкес келмесе, оны ауыстыру қажет.
Кейбірде жоғары вольтты тҥзеткішпен жҧптас қосымша жоғары 
вольтты транзистор жҧмыс жасайды. Жҧмыс кезінде қатты қызатын 
болғандықтан, олар радиаторда орнатылады. Нақ осы транзистордың 
істен шығуына апарып соқтырады.
Кӛп жағдайда транзисторды тексеру ҥшін оны ағытудың қажеті 
жоқ. Қалыпты транзистордың ҥш аяғы - база, коллектор және эмиттер 
болады.
Жҧмыс істеп тҧрған транзистор базадан эмиттерге және 
коллекторге қосылады, ол эмитттер мен коллектор арасында мҥлдем 
қосылмайды. Анығырақ айтсақ, бір жағына 100-300 Ом, ал кері 
қарай- 1 МОм-нан кӛп болуы керек. 
Жоғары вольтты сүзбенің ақауы 
Егер жоғары вольтты тҥзеткішті тексеру еш нәтиже бермесе, 
келесі қадам жоғары вольтты сҥзбені тексеру. Бҧған лҥпілді кернеуден 
тиімді сҥзбе шығаратын, жиыны бірнеше ҥлкен кӛлемді 
электролитикалық конденсатор кіреді. Дәл осы конденсаторлар 
қоректену блогының істен шығуына себепкер болады. 
Электролиттік конденсаторлар тек нақты кернеуге арналған және 
нақты сыйымдылықта болады. Егер де оған тым жоғары кернеу тҥссе 
не кебу салдарынан сыйымдылығын жойса не электролит ағып кетсе, 
мҧндай жағдайда конденсатор істен шығады. 
Конденсатор ӛзінің сыйымдылығын қоректену блогы қалыпты 
тҥрде салқындамаса, яғни жоғары температура салдарынан да істен 
шығады.
Желдеткіштің олқылықтары 
Процессор не қоректену блогының ішкі қҧрылысы болсын, 
оларды салқындату ҥшін желдеткіш және кулер қызмет атқарады. 
Егер желдеткіш зақымдалса әлде мҥлдем айналмаса, жоғары 
температура болуына әкеп соқтырады.
Егер қоректену блогында желдеткіш жҧмыс істемесе, компьютер 
қайтадан жҥктеледі немесе тҧрып қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет