«Есіл ауданы Ақсай селосы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы



Дата03.07.2016
өлшемі45.44 Kb.
#175350
Аудан әкімінің

2004 жылғы  15 қаңтар

2_шешімімен



бекітілген

 

 



«Есіл ауданы Ақсай селосы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ереже

 

1. «Есіл ауданы Ақсай селосы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – мемлекеттік мекеме), Қазақстан Республикасы белгіленген заңнамалары тәртібімен құрылған, мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындаұға өкілетті, мемлекеттік орган болып табылады.



2. Мемлекеттік мекеме өз іс әрекетін Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, басқа да нормативті құқықты актілермен, сол сияқты осы Ережеге сәйкес жүзеге асырып отырады.

3. Мемлекеттік мекеме өзінің мемлекеттік тілде аталуымен мөрі және мөртабаны бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, сол сияқты заңнамаға сәйкесбанкіде есеп шоты заңды тұлға болып табылады.

Мемелекеттік мекеме өз атымен азаматтық-құқықтық қатынастарға енеді.

Мемлекеттік мекеме мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жағынан ат салысуға, егер ол оған сәйкес өкілетті болса құқығы бар.

4. Мемлекеттік мекеме өз құзырындағы мәселелер бойынша белгіленгентәртіппен Ақсай селосы аумағында міндетті күші бар село әкімінің шешімдері мен өкімдері түріндегі актілерді шығарады.

5. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын облыс әкімдігі белгілеген лимит шегінде аудан әкімі бекітеді.

6. Мемлекеттік мекеменің заңды мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есиль ауданы, Ақсай селосы.

7. Мемлекеттік мекеменің толық аталуы:

«Есіл ауданы Ақсай селосы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.

8. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Есіл ауданы әкімі тұлғасындағы мемлекет болып табылды.

Мемлекеттік мекеменің құрылтайшылық құжаттары Есіл ауданы әкімінің 2004 жылғы_15 қаңтар__________№__2____ «Есіл ауданы селолық әкімдер аппараты мемлекеттік мекемелерін құру туралы» шешімі және осы Ереже болады.

9. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен орындалады.

 

2. Мемлекеттік мекеменің қызметтері, негізгі тапсырмалары және құқықтары.

 

10. Мемлекеттік мекеменің негізгі тапсырмасы село әкімінің іс әрекетін ақпаратты, аналитикалық, құқықты және ұйымдастырылған түрде қамтамасыз ету.



11. Мемлекеттік мекеме өзінің негізгі тапсырмасына сәйкес мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық қатарды қорғау және нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатына кіру;

2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс, аудан және село әкімінің шешімдері мен өкімдерінің шартсыз орындалуын ұйымдастыру;

3) селоның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талдау, тиісті ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындау;

4) селодағы экономикалық кайта құруларды жүзеге асырудағы әкімнің іс әрекетін түсіндіру, ұлтаралық келісім тұрақтылығына жету және сақтау;

5) заңдалық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесіне жәрдем беру, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

6) селодағы экономикалық және әлеуметтік қайта құрулардың өтуі туралы қоғамдық пікірді зерделеу, экономикада, әлеуметтік жүйедегі және қоғамдық-саяси өмірдегі кереғар құбылыстарды ескерту жөніндегі ұсыныстарды өндейді;

7) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау;

8) мемлекеттік және орыс тілдерінің орынды қолданылуларына, іс жүргізу ережелерінің сақталуына, мемлекеттік орган жұмыстарының стилі мен әдістерін жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес Мемлекеттік мекемеге жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

12. Негізгі тапсырмаларды орындау және осы Ережемен қаралған қызметтерді жүзеге асыруда Мемлекеттік мекеменің мындай құқықтары бар:

1) атқару органдардан және басқа ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындардан Мемлекеттік мекемеге жүктелген қызметтерді жүзеге асыруға қажетті құжаттарды, қортындылар мен басқа да деректерді сұрауға және алуға;

2) алқа отырыстарына, аудан активтерінің жиынына, аудандық іс шараларға қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

 

3. Мемлекеттік мекеменің мүлкі.

 

13. Мемлекеттік мекеме қаурыт басқару құқығындағы жекеленген мүлікке құқығы бар.



Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен бөлінеді де, негізгі және айналымдағы қаражаттан, сол сияқты құны Мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілген басқа да мүліктерден түрады.

14) Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке кіреді.

15) Мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті құртуға және басқа да себептермен өз бетінше жұмсауға құқықғы жоқ.

Мемлекеттік мекемеге мүлікті жұмсауына мындай жағдайда болды. Бұл мақсатта Мемлекеттік мекеменің жұмсалуға тиісті мүлкінің шекті құн мөлшері заңнамамен белгіленеді.

 

4. Мемлекеттік мекеменің іс әрекетін ұйымдастыру.

 

16. Мемлекеттік мекемені Есіл ауданы әкімі тағайындап, босата алатын немесе Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген тәртіпте қызметке тағайындалып және босатылатын, аудан әкімінің өкілі бола алатын село әкімі басқарады.



17. село әкімі Мемлекеттік мекемесінің жұмыстарын ұйымдастырады және басқарады Мемлекеттік мекемеге жүктелген тапсырмалар мне өз қызметтерін жүзеге асыруда персоналдық жауапкершілік көтереді.

18. Осы мақсатта село әкімі:

1) заңнамаға сәйкес Мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа тағайындап және босата алады;

2) белгіленген заңнамалық тәртіпте Мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тәртіптік жазаға тарта алады;

3) Мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;

4) Мемлекеттік мекемесіні мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар алдына қоя алады;

5) заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

5. Өзгертулер мен қосымшалар енгізу тәртібі.

 

19. Мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар аудан әкімінің шешімі негізінде енеді.



 

6. Мемлекеттік мекемесінің қайта құрылуы мен жойылуы.

 

20. Мемлекеттік мекемесінің қайта құрылуы мен жойылуы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет