Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы


-бап. Бастапқы әскери даярлық



бет2/6
Дата17.07.2016
өлшемі115.6 Kb.
#205522
1   2   3   4   5   6
10-бап. Бастапқы әскери даярлық

      1. Азаматтармен бастапқы әскери даярлық жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізiледі.
      2. Әскерге шақырылуға жататын және бастапқы әскери даярлықтан өтпеген азаматтар Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларына сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырылар алдында одан өтедi.
      3. Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.
      Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      11-бап. Азаматтарды білім беру ұйымдарында қосымша білім


               беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау

      1. Азаматтарды қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.


      2. Тәрбиеленушілердің әскери даярлықтан өту және барлық үлес түрлерімен қамтамасыз етілу тәртібі Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларында айқындалады.

      12-бап. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери


               мамандықтар бойынша даярлау

      1. Әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау Қарулы Күштердің қажеттілігіне сәйкес Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеусіз негізде және оқуға арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтеумен жүргізіледі.


      Қорғаныс министрлігі есебінен оқуға арналған шығыстарды ішінара өтеу кезінде оқу-жаттығу атыстарын өткізу және жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
      2. Өтеусіз негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды, он жеті жас алты айдан жиырма алты жасқа дейінгі, оны аяқтағаннан кейін мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын немесе жұмылдыру резервіне қойылатын азаматтар тартылады. Кіші мамандарды даярлауға тапсырысты уәкілетті органдар жасайды.
      3. Өтеулі негізде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлауға мыналар:
      келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды әскери міндеттілер;
      әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, оның ішінде әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылған жиырма екі жастан жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар тартылады.
      4. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін азаматтарды іріктеу мен жіберуді жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.
      5. Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарының базасында әскери оқытылған резервті даярлауға мемлекеттік тапсырысты жергілікті әскери басқару органдарына Қорғаныс министрлігі мамандандырылған ұйымдарының басшылығы ұсынған өтінімдер негізінде Қорғаныс министрлігінің жұмылдыру органы жеткізеді.
      6. Әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша азаматты оқытудың басталуы Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымы басшысының оны қабылдау туралы бұйрығы шыққан күн болып саналады.
      7. Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында азаматтарды оқыту мерзімі әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша алатын мамандығына байланысты белгіленеді.
      8. Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы жөніндегі мамандандырылған ұйымы басшысының даярлауды аяқтау туралы бұйрығы шыққан күн оқытудың аяқталуы болып саналады.
      9. Әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқытудың аяқталғаны туралы сертификат нысанын және әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді.
      10. Оқыту аяқталғаннан кейін азаматтарға әскери билеттер беру жергілікті әскери басқару органдары белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады. Әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқытудың аяқталғаны туралы сертификат әскери билетті беру үшін негіздеме болып табылады.
      11. Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында сабақтар өткізілетін уақытта көрсетілген ұйымдарда оқытудан өтіп жатқан қызметкерлерге жұмыс берушілер оқу демалыстарын беруге міндетті.
      12. Азаматтардың әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша оқу кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Осы кезеңде олар заңды тұлға таратылған жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілердің бастамасы бойынша жұмыстан шығарылмайды, сондай-ақ білім беру ұйымы басшысының бастамасы бойынша білім беру ұйымынан шығарылмайды.

     13-бап. Азаматтарды жоғары білім беру ұйымдарында


              запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери
              даярлау

      1. Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау Қарулы Күштердің жұмылдыру қажеттілігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сәйкес жүргізіледі.


      2. Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған азаматтарға Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тәртіппен «запастағы лейтенант» әскери атағы беріледі.
      3. Азаматтардың запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өту тәртібі Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларында айқындалады.

      14-бап. Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту

      1. Халықты азаматтық қорғаныс іс-шараларына тарту және соғыс уақытында Қарулы Күштерді жасақтау үшін қажетті контингентті даярлау мақсатында:
      1) ерлер – он алты жастан алпыс жасқа дейінгілерді қоса алғанда;
      2) балалары жоқ немесе он жастан асқан балалары бар әйелдер – он сегіз жастан қырық бес жасқа дейінгілерді қоса алғанда, жалпыға бірдей әскери оқыту жүргізіледі.
      Азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқытуды азаматтардың жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.
      2. Жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
      3. Қорғаныс министрлігі азаматтарды жалпыға бірдей әскери оқыту жөніндегі бағдарламаны әзірлейді және іс-шараларға бақылауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

3-тарау. ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ АЛУ. АЗАМАТТАРДЫ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ ТІРКЕУ

      15-бап. Әскери есепке алу

      1. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар:


      1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
      2) осы Заңға сәйкес әскери міндеттерін орындаудан босатылған адамдарды;
      3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;
      4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарды қоспағанда, әскери есепке алуға жатады.
      2. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды олардың тұрғылықты жерлері бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады, ал олар жоқ елді мекендерде әскери есепке алуды кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері қамтамасыз етеді.
      3. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
      4. Қарулы Күштерде әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер уәкілетті орган белгілеген тәртіпте тиісті әскери басқару органдарында (басқару органдарында), әскери бөлімдерде (бөлімдерде) және мекемелерде есепке алуға жатады.
      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      16-бап. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу

      1. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу – бұл әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, тиісті жергілікті атқарушы органдар жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары.
      2. Тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады.
      3. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді және медициналық куәландыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен бекітілетін, Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларында және Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
      4. Азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді.
      Медициналық комиссиядан өткен азаматтар тіркеу жөніндегі комиссияның шешімімен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуға қабылданады.
      Әскери-дәрігерлік комиссия әскери есептен шығарып, әскери қызметке жарамсыз деп таныған азаматтар әскери есепке қабылданбайды.
      5. Азаматтар, олардың жұмыс (оқу) орындарын, атқаратын лауазымы мен орташа жалақысын сақтай отырып, әскерге шақырылуға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытта жұмыстан (оқудан) босатылады.
      6. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктерінің) шешімімен мынадай құрамда тіркеу комиссиясы құрылады:
      1) комиссия төрағасы – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының (әкімінің) орынбасары;
      2) комиссия төрағасының орынбасары – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органының бастығы;
      комиссия мүшелері:
      3) ішкі істер органдары тиісті аумақтық бөлімшесі бастығының орынбасары;
      4) мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының орынбасары – медициналық комиссияның төрағасы;
      5) хатшы.
      Аудандық (қалалық) тіркеу жөніндегі комиссияның дербес құрамы, осы жұмысты жүргізу және қамтамасыз ету тәртібі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган басшысының (әкімнің) шешімімен жыл сайын бекітіледі.
      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      17-бап. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың,


               ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге
               шақырылушылардың Әскери міндеттілер мен әскерге
               шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын
               орындау жөніндегі міндеттері

      1. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері, сондай-ақ әскери міндеттілер және әскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде:


      1) әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды, оларды жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге;
      2) алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылардың және әскер жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды беруге;
      4) әскер жасына дейінгілерге тіркеу жүргізген және азаматтарды әскери қызметке әскерге шақырған кезде басқа жергілікті жерлерден аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әскери басқару органдарына азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
      2. Жергілікті әскери басқару органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың Әскери есепке алу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
      3. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға міндетті.
      4. Азаматтық хал актілерін жазу органдары жеті жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегін, аты мен әкесінің атын (ол болған кезде), туған күні мен жерін өзгерткені туралы, сондай-ақ әскери міндеттінің немесе әскерге шақырылушының қайтыс болғаны тіркелген жағдайлар туралы хабарлауға міндетті.
      5. Анықтау және алдын ала тергеу органдары жеті жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергіліктi әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, ал соттар оларға қатысты қылмыстық істерді сот қарап жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшiне енген үкімдер туралы хабарлауға мiндетті.
      6. Халықты әлеуметтiк қорғау органдары жетi жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери мiндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы хабарлауға міндетті.
      7. Денсаулық сақтау ұйымдары әскерге шақыру басталар алдында жергілiкті әскери басқару органдарының сұрау салулары бойынша стационарлық емделуде болатын және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтердi хабарлауға міндетті.
      8. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдарына мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы беріледі.
      9. Алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕРУ

      18-бап. Әскери қызметтің мазмұны

      1. Әскери қызмет:


      1) әскерге шақыру бойынша әскери қызметті;
      2) келісімшарт бойынша әскери қызметті қамтиды.
      Әскерге шақыру бойынша әскери қызметке:
      1) сарбаздар (матростар) құрамының мерзімді әскери қызметі;
      2) осы Заңның 32-бабына сәйкес әскерге шақырылған офицерлердің әскери қызметі;
      3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезіндегі, соғыс уақытындағы және әскери жиындарды өткеру кезіндегі әскери қызмет жатады.
      Келісімшарт бойынша әскери қызметке:
      1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің әскери қызметі;
      2) әскери оқу орындары курсанттары мен тыңдаушыларының әскери қызметі және оқуы жатады.
      2. Әскери жиындарға шақырылған азаматтар әскери қызмет міндеттерін атқарады.
      3. Мерзiмдi қызмет өткеруге азаматтардың құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнде оқыған уақыты, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өту уақыты теңестiріледi.
      4. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының халқына адалдығы туралы әскери ант қабылдайды.
      Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери мiндеттiлер оны әскери жиындарға және жұмылдыруға шақырылған кезде қабылдайды.
      5. Осы Заңда айқындалған жағдайларда және тәртiппен азаматтарды әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылуы немесе әскери қызметтен босатылуы мүмкiн.

      19-бап. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілердің


               құрамы. Әскери атақтар

      1. Әскери қызметшілер мен әскери міндеттілер:


      1) сарбаздар (матростар);
      2) сержанттар (старшиналар);
      3) офицерлер құрамына бөлінеді.
      2. Қарулы Күштерде мынадай әскери атақтар белгiленедi:

әскери

корабльдік

1) сарбаздар (матростар) құрамы

қатардағы жауынгер

матрос

ефрейтор

аға матрос

2) сержанттар (старшиналар) құрамы

кіші сержанттар құрамы

кiшi сержант

екiншi сатылы старшина

сержант

бiрiншi сатылы старшина

аға сержант

бас старшина

аға сержанттар құрамы

үшiншi сыныпты сержант

үшiншi сыныпты старшина

екiншi сыныпты сержант

екiнші сыныпты старшина

бiрiншi сыныпты сержант

бiрiншi сыныпты старшина

жоғары сержанттар құрамы

штаб-сержант

штаб-старшина

шебер-сержант

шебер-старшина

3) офицерлер құрамы

кiшi офицерлер құрамы

лейтенант

лейтенант

аға лейтенант

аға лейтенант

капитан

капитан-лейтенант

аға офицерлер құрамы

майор

үшiншi дәрежелi капитан

подполковник

екiншi дәрежелi капитан

полковник

бiрiншi дәрежелi капитан

жоғары офицерлер құрамы

генерал-майор

контр-адмирал

генерал-лейтенант

вице-адмирал

генерал-полковник

адмирал

армия генералы




      3. Медициналық немесе заңгер мамандығы бар офицерлер үшiн әскери атақтарының алдына тиiсiнше «медицина қызметiнiң», «әдiлет» деген сөздер қосылады.
      4. Авиацияның жоғары офицерлер құрамы үшiн (инженерлiк-авиациялық даярлығы бар ұшқыштық инженерлiк) әскери атақтарының алдына тиісінше «авиация» деген сөз қосылады.
      5. Запаста тұратын азаматтардың әскери атақтарының алдына тиісінше «запастағы» деген сөз, ал отставкадағыларға «отставкадағы» деген сөз қосылады.

      20-бап. Әскери атақты беру, төмендету, одан айыру және


               әскери атағын қалпына келтіру тәртібі

      Әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттілерге әскери атақтарды мерзiмiнен бұрын берудi қоса алғанда, оларды беру, төмендету, әскери атағынан айыру Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.


      Жоғары офицерлер құрамын қоспағанда, әскери атағынан айырылған адамның әскери атағы тек сот ақтау үкімін шығарған немесе ақтау негіздемелері бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда қалпына келтiрiледі. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айырылған адамға әскери атағы Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қалпына келтіріледі.
      Әскери атағы төмендетілген әскери қызметшілерге әскери атағы Әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес беріледі.
      Әскери атақтарда еңбек сiңiрген мерзiмi мынадай:

1) сержанттар (старшиналар) құрамына:




кіші сержанттарға

- бір жыл;

сержанттарға

- екі жыл;

аға сержанттар мен 3-сыныпты сержанттарға

- үш жыл;

2-сыныпты сержанттарға, 1-сыныпты сержанттар мен штаб-сержанттарға

- төрт жыл;

2) офицерлер құрамына:




лейтенанттарға

- екі жыл;

аға лейтенанттарға

- үш жыл

капитандарға (капитан-лейтенанттарға)

- төрт жыл;

майорларға (үшiншi дәрежелi капитандарға)

- бес жыл;

подполковниктерге (екiншi дәрежелi капитандарға)

- жеті жыл

болып белгіленеді.
      Сарбаздар (матростар) құрамына, шебер-сержанттарға және полковниктерге әскери атақтарындағы еңбек сіңірген жылдары белгіленбейді.
      Қарулы Күштердегі әскери қызметке қызметін ауыстыру тәртібімен кіретін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне әскери атақ уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын қайта аттестаттау тәртібімен, қазіргі бар арнайы атағынан төмендетілмей беріледі.

      



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет