«Әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата03.07.2016
өлшемі95.98 Kb.
#175239
«Әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтамалар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірледі.
      Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіруді бақылау жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
      2) жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – ЖӘБО);
      3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      ЖӘБО-ға өтініш жасаған кезде:
      1) құжаттарды ресімдеу мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
      3) өтініш жасаған күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Анықтама беру үшін ақпарат пен қажетті мәліметтер болмаған кезде мерзім 30 (отыз) жұмыс күніне дейін ұзартылады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, сұрау салынған ақпаратты растау үшін тиісті органдарға сұрау салу жолдайды.
      Жақын шетел мемлекеттерінің мұрағаттарынан ақпарат алу қажет болған жағдайда анықтама беру мерзімі 180 (жүз сексен) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
     Орталыққа өтініш жасаған кезде (өтініштер мен құжаттарды қабылдаған күн қызмет көрсету мерзіміне кірмейді):
      1) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде – 5 (бес) минут;
      2) ЖӘБО-ға қажетті құжаттар келіп түскен сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
      4) өтініш жасаған күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.
      Порталға жүгінген кезде:
      1) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер бар болған кезде – 5 (бес) минут;
      2) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайларда қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін ұзартылады.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазда.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қағаз түрінде немесе осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама беру болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағазда.
     Көрсетілетін қызметті алушы анықтама алу үшін қағаз тасымалдағышта өтініш жасаған жағдайда анықтама басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен куәландырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
           Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      ЖӘБО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;
      жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін);
      орталыққа:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;
      жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін).
     Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш берген кезде қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың және өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжаттардың мәліметтерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Портал арқылы:
      көрсетілетін қызметті алушының немесе үшінші адамның электрондық құжаты нысанындағы сұрау салу.
      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
     Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш берген кезде қызметті алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың және өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжаттардың мәліметтерін, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті орталық арқылы алған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, орталық ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы толық болған кезде орталық қызметкері оның өтінішін қабылдауға міндетті.
      Құжаттар орталық немесе ЖӘБО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
      1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күнін;
      2) сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орнын;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық немесе ЖӘБО қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Орталықта көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті немесе сенімхатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
      Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызмет нәтижесін алуға өтініш жасамаса, орталық оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін ЖӘБО-ға береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін орталыққа дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде орталық бір жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға сұрау салады. ЖӘБО кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде орталыққа дайын құжаттарды жолдайды.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет