24
2. Қыздыру температурасын реттеу тәртіптемесіне өту үшін «TEMP / » пернесін қайтадан
басып, оны ұстап тұрыңыз, сонда дисплейде температура мәні жыпылықтай бастайды.
Одан кейін «TEMP / » пернесін бір мәрте басу арқылы қалаулы температураны орнатыңыз
(температураны таңдау бойынша ұсынымдар кестесін қараңыз). Таңдалған мән бірнеше
секунд жыпылықтап тұрады, одан кейін дисплей ағымдағы температураны қайтадан
көрсете бастайды. Берілген температураға қол жеткізгеннен кейін, шаш бұйралайтын
құралды (плойканы) пайдалануға болады.
Аспап жылдам қызу функциясымен жабдықталған. Минималды температураға дейін қызу
уақыты — 70 секунд, максималды температураға дейін — 3 минут.
3. Шаш бұйралау үшін тұтқышты басып, ені 3-5 см болатын бір тұтам шаштың ұшын қызған
қысқыш пен жұмыс секциясының арасына қысып алыңыз. Тұтқышты жіберіңіз де, плой-
каның тұтқасы мен термооқшуаланған ұштығын ұстап тұрып шаш тұтамын плойкаға
ораңыз. 3-8 секундтан кейін шаш тұтамын тарқатыңыз да, тұтқышты басып оны босатыңыз.
Қалған шаш тұтамдарымен осылай қайталаңыз.
Түзеткішті тек таза әрі құрғақ, мұқият таралған шашқа қолданыңыз.
Бұйралаудан кейін шашты бірден тарамаңыз, оның сууына мүмкіндік беріңіз.
4. Жұмыс аяқталған соң «TEMP / » батырмасын басып, ұстап тұрыңыз, құралды электржүй-
есінен ажыратыңыз. Оған толықтай сууға мүмкіндік беріңіз.
Құрал 60 минут бойына үзіліссіз жұмыстан соң автоматты түрде өшу функциясымен
жабдықталған.
Достарыңызбен бөлісу: