Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет26/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69
dissertation

4-сынып «Математика» пәнін оқыту барысында мынадай пәнаралық 
байланыстар жүзеге асады: қазақ тілі пәнімен – математикалық мазмұны бар 
есептерді, тұжырымдарды, қорытындыларды құру кезінде қазақ тілінің 
ережелерін қолдану, оқулықпен жұмыс жасауда сөйлеу дағдыларын ескеру; 
дүниетану пәнімен – математикалық мазмұны бар тапсырмаларды орындауда 
қоршаған ортадағы құбылыстар туралы білімдерін қолдану; бейнелеу өнері 
пәнімен – қол бармақтарының ұсақ бұлшықеттерінің даму деңгейін ескеру, 
қағаз бетінде жазықтықта немесе кеңістікте заттардың орналасуын қабылдай 
алу біліктілігін ескеру жүзеге асады. 


61 
Келесі талдауды 4-сыныпқа арналаған «Дүниетану» оқулығының 
мазмұнында пәнаралық және пәнішілік, жүйелілік, логикалық бірізділік 
сақталған. Мәселен, дүниетану оқулығы география, жаратылыстану, тарих, 
экономика пәндерімен байланыста қарастырылған. Мысалы: 6-сабақ. 
Мектептегі өзін-өзі басқару, 5-сабақ. Біздің отбасылық бюджетіміз атты 
тақырыбы мен ондағы тапсырмаларды орындауда математикадан алған білімді 
қолданады; 7-сабақ. Көшбасшы қандай болуы керек? атты тақырыпта «Кластер 
құрастырайық» тапсырмасы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға 
ықпалы зор; 9-сабақ. Қазақ халқының шығу тегі тақырыбы мен ондағы 
тапсырмалардың мазмұнында тарихта болған оқиғалар туралы, қазақ халқының 
арғы бабалары туралы және. т.б жайлы мағлұмат алады.
4-сынып «Дүниетану» пәнін оқыту барысында мынадай пәнаралық 
байланыстар жүзеге асады: математика пәнімен – тәжірибелік жұмыстарды 
түрлі өлшеу құралдарын пайдалану; бейнелеу өнері пәнімен – суретшілердің 
табиғат құбылыстары, жыл мезгілдеріне, қоршаған ортаға, Қазақстанның әсем 
жерлеріне арналған шығармаларын пайдалану арқылы жүзеге асады. 
Алайда біз, осы пәндердің ішінен қазақ тілі пәніндегі ортақ тақырыптарды 
ескере отырып пәнаралық байланысты - танымдық мәтіндерді және ортақ 
пәнаралық ұғымдарды қолдану арқылы жүзеге асырамыз. 
1. Пәнаралық байланыстың бірінші түрі - танымдық, оның мақсаты оқу 
пәндерінің қиылысатын тақырыптары негізінде оқушылардың санасында 
дүниенің біртұтас өзара байланысты бейнесін қалыптастыру. Танымдық типтегі 
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру оқушылардың танымдық іс-әрекетінің 
ауқымын кеңейтетін әртүрлі стильдегі мәтіндерді тарту арқылы қазақ тіліндегі 
оқу материалына қызығушылықты арттыру мәселесін шешеді, сонымен қатар 
осы материалдары бойынша ойлау және сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
Пәнаралық байланыстардың танымдық түрі қазақ тілі пәнінің оқу 
мақсаттарына жетуде пәнаралық материалды, мәтіндерді мұқият таңдауды және 
осы материалды пайдалану мүмкіндіктерін анықтауды талап етеді. Мысалы, 
қазақ тілі сабағында «Табиғат құбылыстары» атты ортақ тақырып бойынша 
«Зат есім» сабағында пәнаралық ортақ ұғымдардар - күн, бұлт, жаңбыр және 
т.б.; пәнаралық мәтіндерді: 4-сынып, «Жаратылыстану» оқулығы, 8 бет; 
пәнаралық илюстрациялық материалдарды: 4-сынып, «Дүниетану» оқулығы, 69 
бет. қолдану арқылы жүзеге асырамыз және оқушылардың ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды ұсынамыз. Демек, 
оқушыларда оқыту құралдарының «сөз-мәтін-илюстрациялық материалдар» 
үйлесімінің арқасында тілдік дағдыларды қолданады. Пәнаралық мәтіндерді 
және иллюстрациялық материалдарды біріктіру сабақта бүкіл жұмыс жүйесін 
тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыруға 
бағыттайды. Пәнаралық байланыстың танымдық түрі оқуышының тілдік 
тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін сөйлеу ортасын құру құралы ретінде 
танымдық мәтіндер оқушылардың сөйлеу және ойлау дағдыларының 
қалыптасуын ынталандырады. 
2. Пәнаралық байланыстың екінші түрі - пәнаралық ортақ ұғым. Пәндерді 
біріктіруге арналған пәнаралық ортақ ұғымдар болып табылады. Ендеше, 4-


62 
сыныпқа арналған «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу», «Дүниетану», «Музыка», 
«Жаратылыстану» және т.б. оқулықтарындағы сегіз ортақ тақырыптарының 
мазмұнын талдау нәтижесінде ортақ пәнаралық ұғымдарды анықтадық (сурет 
12).
Сурет 12 – Пәнаралық ортақ ұғымдар тізбесі
Арнайы психологиялық-педагогикалық зерттеулер сөзбен жұмыс істеудегі 
ең тиімдісі сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, 
жазылым) кешенді пайдалану болып табылатынын көрсетті, бұл оқушылардың 
ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға, ой-қорытындысы мен 
тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, тірек сөзге немесе сөз 
тіркесіне мағынасы жағынан ұқсас сөздерді таңдап алуда «жел» сөзін айтқанда 
дауыл, шаң, жаңбыр және т.б. сөздер ескеріледі. Олай болса, мұғалім әр сөзбен 
жұмыс жасау кезінде оның сөздік көмегімен тексеруге болатын лексикалық 
мағынасын ғана емес, сондай-ақ көркем, ғылыми және танымдық мәтіндердің 
арқасында танысатын мағыналар жиынтығын да ескеруі керек. Әрине, ұқсас 
сөздер 
қатарын 
құру 
«Әдебиеттік 
оқу», 
«Дүниетану», 
«Музыка», 
«Жаратылыстану» және т.б. пәндердің пәнаралық байланыстарының нәтижесі 
болып табылады, өйткені «жел» сөзі әр пәннің оқу мәтіндеріне енеді
сондықтан әр оқушының осы сөздің мағынасы туралы өзіндік түсінігі 
қалыптасады. Атап айтсақ, «Қазақ тілі» оқулығында (2бөлім) 10 бет, 
«Табиғаттың таңғажайып құбылыстары» тақырыбында «Шөлде жел үңгіген тас 
қуыстар, үңгірлер бар. Құм бетінде желдің салған неше түрлі өрнегі бар»; 
«Жаратылыстану» оқулығында (1бөлім) 64 бет, «Желдің пайдасы мен зияны»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет