Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет20/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69
dissertation

салыстыру» + «оны өңдеу» + «қайта жөндеу» + «өз ойынан мәтін 
құрастыру» сияқты тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын дамытады. Сондай-ақ, автордың ұсынған танымдық, 
түзетуші және рефлексиялық жаттығулар біздің жұмысымыз үшін маңызы 
болмақ.
Р.С.Рахметова болашақ маман даярлауда қазақ тілі синтаксисін оқытуды 
екі бағытта: «біріншісі, қатысымдық тұрғыдан оқыту – оны басқа ғылым 
салалаларымен байланыста игеруге, қатысымдық бірліктердің мәнін 
айқындауға, алған білімдерін сөйлесім әрекеті арқылы іске асыруға мүмкіндік 
береді; екіншісі, танымдық тұрғыдан оқыту – студентті қоршаған ортаны, 
қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып білуге жетелейді», - деп 
қарастырды [78,б. 297]. Автордың зерттеуінен біздің тұжырым, бастауыш 
сынып оқушысының ойы мен тілін дамытуда қатысымдық және танымдық 
тұрғыдан оқытуға болатындығында.
Қ.А.Рауандина кандидаттық диссертациясында: «сөйлесім әрекеті – 
белсенді, мақсатты түрде, тікелей тілдік жүйемен және қарым-қатынас 
жағдаятында негізделген хабарды беру және қабылдау, шығармашылық және 
рецепция үдерісі», ал «сөйлеу біліктері дегеніміз – қарым-қатынас үдерісінде 


51 
сөйлесім әрекетін орындай алу қабілеті», - деп анықтама береді [79,б. 44].
Автордың бұл анықтамасынан біз, бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу 
дағдыларының қалыптасуы да сөйлеу біліктерінің қалыптасуымен тығыз 
байланыста екенін аңғардық.
Бірқатар зерттеулер көрсетіп отырғандай: ойлау - заттар мен құбылыстар 
арасындағы ішкі байланыстарды талдауды, жинақтауды, салыстыруды білу 
және бұрын жинақталған білім мен жаңадан алынған ақпаратты жалпылауды 
меңгеру әрекеті; ал, сөйлеу – тіл арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынасты 
және ойлауды жүзеге асыру әрекеті. 
Осы жасалынған талдауларға сүйене отырып, біздің тарапымыздан 
«бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
ойлау 
мен 
сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастыру – тілдік қатысым барысында талдау, жинақтау, салыстыру 
арқылы өз ойын анық, дұрыс және түсінікті жеткізуде тілдік дағдыларды 
меңгерту үдерісі» деген анықтама береміз. Анықтаманың графикалық бейнесі 
төмендегі суретте беріледі (сурет 10). 
Сурет 10 – Бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастырудың ішкі компоненттері 
Суретте көріп отырғанымыздай, ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру ең алдымен тілдік қатысымның жүзеге асуы барысында талдау, 
жинақтау, салыстыру әдістерін білім беру үдерісінде қолдана білу біліктері
соның негізінде өз ойын анық, дұрыс және түсінікті жеткізіп, тілдік 
дағдылардың артуын қамтитын үдеріс.
Қорыта айтқанда, ғылыми еңбектерге жасалған талдау нәтижесінде, біз 
«пәнаралық байланыс», «ойлау мен сөйлеу дағдылары» ұғымдарының мәні мен 
құрылымын анықтауда келесі қорытынды жасадық:
- бастауыш білім беру пәндерін пәнаралық байланыста оқыту тиімді
өйткені әр пәннің ұғымдарының заңдылықтарын, қатысымдық бойынша 
икемділік пен дағдының қалыптасу жолдарын білмейінше оқушылардың ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру дұрыс нәтижеге жете алмайды. 
Сондықтан оқушы пән ғылымын оқытудың психологиялық негізінің бірі 
ретінде тілді қабылдау, сезіну, дамыту деген ұғымдарды меңгеруі қажет. Сол 
арқылы ол оқытудың маңызын, жүйесін, ерекшелігін игереді.
Бастауыш сынып 
оқушыларының ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру
тілдік қатысым 
барысында 
талдау, 
жинақтау, 
салыстыру
өз ойын, дұрыс 
және түсінікті 
жеткізу
тіл арқылы 
қарым-қатынас 
орнату
тілдік 
дағдыларды 
меңгерту


52 
- бастауыш білім беру үдерісінде оқушының ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыруға көңіл бөлінді. Тілдік дағдыларды орынды қолдану және 
талдау, жинақтау, салыстыру әдістерін жүйелей отырып, өз ойын сауатты 
жеткізуге, көпшілік алдында еркін сөйлеуге, диалог құруға және т.б 
қатысымдық дағдыларға мән берілді. Себебі осы бағыттағы білім беру мақсаты 
- оқушылардың ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға деген танымдық 
қызығушылығы артатыны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет