Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет40/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69
dissertation

Іс-әрекеттік тұғыр. Ғалымдар (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев) іс-
әрекеттік тұғырды тұлға әрекет субъектісі ретінде қарастырылды. Тұлға басқа 
адамдармен әрекет барысында қалыптаса отырып, осы әрекеттің сипаты мен 
қатынасын анықтайды. Іс-әрекеттік тұғыр мұғалім мен оқушының қызметінің 
негізгі компоненттерін бірыңғай әдіснамалық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік 
береді. Оқушының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда іс-әрекеттік 
тұғыр өзін-өзі дамытуда және өзін-өзі жүзеге асыруда қанағаттандыратын 
әрекет болып табылады. С.Л.Рубинштейн іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктеріне 
қатысты келесі маңызды теориялық жалпылама тұжырымдар жасайды: іс-
әрекет субъективті, яғни жануарға да, машинаға да емес, адамға тиесілі, 
субъектісіз іс-әрекет бола алмайды (іс-әрекет субъектісі); іс-әрекет 
субъектілердің бірлескен қызметі жағдайында жүзеге асырылады (іс-әрекет 
субъектісі мен бірлескен іс-әрекет субъектілері); іс-әрекет субъектінің 
объектімен әрекеттесуін қамтиды, яғни, әрқашан объективті, нақты, мағыналы; 
іс-әрекет саналы және мақсатты; шығармашылық және дербес іс-әрекетте 
адамдар мен олардың психикасы тек көрініс тауып қана қоймайды, оның 
негізінде құрылады, қалыптасады, дамиды, және ең алдымен, шындыққа 
жатпайтын жағдайда оларды объективті түрде зерттеуге болады [18,с. 18]. 
Ғалымның тұжырымдамалық идеясы адам іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі 
ретінде оның саналы және мақсатты сипатын бөліп көрсете отырып, оның 
көмегімен өз мақсаттарын жүзеге асыратынын, өзінің жоспарлары мен 
идеяларын объективті түрде көрсетеді десек қателеспейміз.
А.Н.Леонтьев атап өткендей, адамның өмірлік белсенділігінің барлық 
көріністерін іс-әрекетке жатқызуға болмайды. Түпнұсқалық белсенділік 
әрқашан шындықтың өзгеруімен байланысты. Педагогикада іс-әрекеттің негізгі 
үш түрі: ойын, оқу және еңбек әрекеттері жетекші болып бөлінеді. 
Психологияда келесі құрылымдық компоненттерді қамтитын іс-әрекет 
құрылымы: қажеттілік-мотив-міндет-құралдар (мәселені шешу), әрекеттер, 


83 
операциялар. Ғалымның айтуынша, іс-әрекет ұғымы міндетті түрде мотив 
ұғымымен тығыз байланыста. Осылайша, іс-әрекетке негізделген тұғыр 
мыналарды қамтиды: оқушыларда танымдық мотив пен оқуға деген ынтасының 
болуы; оқушылар білімін жетілдіруде белгілі бір әрекеттерді орындауы; 
оқушылардың алған білімдерін саналы түрде қолдануға мүмкіндік беретін іс-
әрекет әдісін анықтау және дамыту; оқушылар өз іс-әрекетін бақылауды 
қалыптастыру [160]. 
Біздің ойымызша, ойлауы мен сөйлеу дағдылары қалыптасқан оқушының 
бойында жоғарыдағы аталған әрекеттер болуы тиіс, әрі педагогикалық 
әрекеттері осыларға сәйкес келуі қажет. Аталмыш тұғыр, бастауыш сынып 
оқушыларының оқу үдерісіне қойылатын талаптарды қанағаттандыратын және 
қатысымдық іс-әрекетке дайын болуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет