Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет41/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69
dissertation

Орта тұғыры. «Орта» ұғымы педагогикалық мәні жағынан тәрбиенің 
әлеуетті құралы ретінде анықталса, функционалдық тұрғыдан алғанда өмір 
салтын қалыптастыратын және дамуына қолдау жасайтын объект ретінде 
қарастырады. Демек, орта тұғыры оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына 
саналы және бейсаналы түрде әсер етеді, мұндағы негізгі күш әлеуметтік және 
интеллектуалдық қарым-қатынас орнатуына, ақпараттық бағдарлау қабілетін 
қалыптастыруына, қалыптасқан дағдыларды басқа қызмет түрлеріне ауыстыру 
тетіктерін жандандыруына, рухани өзін-өзі дамуына және жетілуіне 
жұмсалады.
Ю.С. Мануйлованың зерттеуінде «орта тұғыры - тұлғаны қалыптастыру 
және дамыту (орта арқылы) жанама басқарудың теориясы мен технологиясын 
білдіреді» [161]. Ғалымдардың бұл пікірінен, біз орта тұғыр оқушы тұлғасының 
дамуы мен қалыптасуына әсер ететін негізгі фактор деп қарастырамыз.
Ю.С. Бродскийдің пікірінше, орта тұғыры тек тәрбие ғана емес, бүкіл 
педагогика теориясына қосылған елеулі ғылыми үлес деп санайды. Бұл тәсіл 
білім беру мекемелері қызметкерлерінің қызметін әдістеме, теория және білім 
беру технологиясы деңгейінде түбегейлі өзгертуге, қоршаған ортаны түсіну 
тәжірибесінен оны қолдануға көшуге мүмкіндік береді [162]. Демек, бастауыш 
сынып мұғалімдері білім ортасын құрушы, ондағы болып жатқан үдерістерді 
басқарушы, материалдық жағдай жасауды және оның тиімділін арттыру 
жолдарын ізденуші субъект болып табылады. Пәнаралық байланыста бастауыш 
сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда орта 
тұғыры білім беру ортасының орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізін құруда басшылыққа алып 
отырған тұғырлар зерттеуіміздің әр кезеңінде ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыруға жол ашады деп ойлаймыз.
Келесі кезекте біздің зерттеу жұмысымыздың әдіснамалық негізін 
құрайтын жүйелілік және бірізділік ұстаным, оқытудың сабақтастығы 
ұстанымы, теория мен практиканың бірлігі және т.б. ұстанымдарына
тоқталамыз.
Жүйелілік және бірізділік ұстанымы оқушыларға үйретілген білімнің 
белгілі бір жүйемен байланысып, әрі кеңейіп, әрі тереңдетіп қорлана түсуін 
мақсат етіп, оқушылардың әр кезеңде меңгерген білімі өзара логикалық 


84 
байланысты түрде олардың санасында бекітіліп, кейінгінің алдыңғыға сүйеніп 
жаңаны игеруге дайын болуын мақсат етеді. Оқу үдерісінде оқушы білімінің 
жүйелі қалыптасуында салыстыру әдісін қолдана білудің маңызы ерекше. 
Жүйелілік пен бірізділік ұстанымы оқушы мен мұғалімнің әрекетінде жүзеге 
асып, жалпы ойды көрсету және оқушылардың зерттелетін құбылыстар мен 
фактілерді талдау, жүйелеу және жалпылау қабілетін дамытуға ықпал етеді 
[81,б. 45].
Оқытудың сабақтастығы ұстанымы. Пәнаралық тұрғысынан алғанда 
оқыту үдерісінде бір сыныпта оқытылатын немесе ортақ тақырыптар арқылы 
өтілетін тақырыптардың бір-біріне мағыналық жағынан сәйкес келетіндерді, 
бір-бірін үстемелеп толықтырып отыратын элементтерді алдын ала байқап, 
сабақтастыра жүзеге асыруды көздейді. Демек, оқушының ілгерідегі меңгерген 
білімінің жаңа материалды ұғыну ішін себебін тигізетіні тірек етіп 
пайдаланылады. Оқушы үшін жаңа материалды өткен материалмен шебер 
ұштастыруда нәтижелі болмақ.
Теория мен практиканың бірлігі ұстанымы, әрбір сабақта оқытылатын 
материалдың практикалық құндылығын көрсетуді, оқушының осы білімнің 
шешіммен байланысына көз жеткізуге мүмкіндік алатын жағдайларды, 
тапсырмаларды жасауды талап етеді. Сондай-ақ қызығушылықты арттырып, 
оқу жұмысының мазмұнына практикалық және тұлғалық мән береді. Бұл 
материалдың практикамен тікелей байланысы болмаған жағдайда, оқушының 
қиялын практикалық әрекетке қосуды әлі де қолдану керек. Өзі шешім 
қабылдауға және жауапкершілікті көтеруге тиісті практикалық жағдайды 
елестетудің өзінде оқушы оқыту қызметке тартылады, бұл өз кезегінде ұзақ 
мерзімді есте сақтау механизмдерін қосуға, ассимиляция күшін нығайтуға 
ықпал етеді.
Олай болса, практикамен байланыстыру ұстанымын жүзеге асыру 
ұзақ уақыт есте сақтауға деген көзқарастың қалыптасуына, оқу материалын 
қабылдаудың жақсаруына ықпал етеді, соның арқасында оқытылатын пән терең 
мағынаға ие болады [70,б. 98]. 
Тілдік сезімге сүйену және оны дамыту ұстанымы. Оқушы сөздің 
мағынасын ажыратып, сөз тіркесі мен сөйлемдерді дұрыс құрастырып, ойды 
түсінікті етіп айта алады, байланыстырып сөйлеу тәсілдерін меңгереді. Тілдік 
сезімге сүйену оқушыға сауатты сөйлеудегі, сауатты жазудағы құралы ретінде 
қызмет атқарады. Ендеше, тіл құбылыстарын ажырата білу икемділігін өз 
бойына жақсы дарытқан бастауыш сынып оқушының сауатты түрде сөйлеу, 
сауатты жазу мүмкіндіктері де жоғары деңгейде қалыптасады.
Сөйлеу мәнеріне зейін қою ұстанымы. Сөйлеудің эмоциялық мәнерінің 
мәнін танытуды көздейді. Бұл ұстанымды тілдік пәндерді оқыту үдерісінде 
қолданғанда, көркем шығармаларды, басқа да мәтіндерді сабақта пайдаланып, 
сол үлгілерде функциялық-стильдік ерекшеліктердің айқын көрініс беретіні 
танытылады.Таңдап алынған материалдар мәтіннің эмоциялық және мағыналық 
нәзік белгілерін ұғындыруға мүмкіндік береді.
Нәтижеде: келесі беттегі 17-суретте берілгендей, ойлау мен сөйлеу 
дағдысы қалыптасқан бастауыш сынып оқушысы қалыптасады деп күтіледі. 


85 
Сурет 17 - Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі 


86 
Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен сөйлеу 
дағдыларын 
қалыптастырудың 
құрылымдық-мазмұндық 
модельдің 
компоненттері: мотивациялық, танымдық, нәтижелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет