Есназар асель жаңабергенқызы



Pdf көрінісі
бет43/69
Дата11.04.2024
өлшемі3.69 Mb.
#498404
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69
dissertation

Нәтижелік компонент пәнаралық байланыста берілген білімнің мақсаты 
мен міндеттеріне жету үшін оқу үдерісін жоспарлаумен, ұйымдастырумен және 
жүзеге асырумен байланысты оқушының ойлау мен сөйлеу дағдыларын 
қалыптастыру нәтижелерін көрсетуге бағытталған. Бұл компоненттің өлшемі: 
«рефлексиялық-бағалаушылық» 
деп 
алдық. 
Ендеше, 
бұл 
өлшемнің 
көрсеткіштері: пәнаралық білім алуда тың идея құра алу білігі; пәнарлық оқу 
материалдары бойынша танымдық тапсырмалар арқылы қол жеткен 
нәтижені рефлексиялау білігі; өз ойын еркін білдіріп, пәнаралық білімнің 
нәтижесін бағалауы. 
Сонымен, пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың өлшемдері және көрсеткіштері 
төменде ұсынылған (кесте 7).
Кесте 7 – Пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау мен 
сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың өлшемдері және көрсеткіштері 
Компонент 
Өлшем 
Көрсеткіштер 
Мотивациялық Мотивациялық 
қатынас 
-оқу 
пәндерін 
оқытуда 
пәнаралық 
танымдық 
тапсырмаларды орындауға деген қызғушылық; 

ортақ пәнаралық ұғымдарды меңгеруге деген 
талпыныс; 
- пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеуді жетілдіруге 
деген ұмтылыс. 
Танымдық 
Когнитивті-
мағынаны 
тану 
- пәнаралық оқу материалдары бойынша білімі; 
- ұшқыр ойлау мен тілдік дағдыларды еркін қолдану 
білігі; 
- пәнаралық байланыста ойлау мен сөйлеуге бағытталған 
әрекет тәсілдерін білу белсенділігі. 
Нәтижелік 
Рефлексиялық-
бағалаушылық 
-пәнаралық білім алуда тың идея құра алу білігі;
-пәнарлық оқу материалдары бойынша танымдық 
тапсырмалар арқылы қол жеткен нәтижені рефлексиялау 
білігі; 
-өз ойын еркін білдіріп, пәнаралық білімнің нәтижесін 
бағалауы.
Жоғарыдағы аталған компоненттердің өлшемдері мен көрсеткіштерін 
талдай келе, біз пәнаралық байланыста бастауыш сынып оқушыларының ойлау 
мен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың келесі деңгейлерін анықтадық: «өте 
жоғары», «жоғары», «орташа», «төмен», «өте төмен». 
«Өте жоғары» - бастауыш сынып оқушылары танымдық тапсырмаларды 
орындауда ортақ пәнаралық ұғымдардың мағынасын толық түсінеді, өз бетімен 
бір пәннің аясында алынған мәліметті екінші пәнде еркін қолдана алады, 
мәтінді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы қорытынды жасайды, өз шешіміне 
дәлелдемелер келтіруге қабілетті, көпшілік алдында еркін сөйлей алады, 
қарым-қатынасқа еркін түседі, өз ойын жүзеге асыруда пікірі мен
тұжырымын анық, түсінікті, сауатты түрде қалыптан тыс жеткізеді. 


88 
«Жоғары» - бастауыш сынып оқушылары танымдық тапсырмаларды 
орындауда ортақ пәнаралық ұғымдардың мағынасын түсінеді, өз бетімен бір 
пәннің аясында алынған мәліметті екінші пәнде қолдана алады, мәтінді талдау, 
жинақтау, салыстыру арқылы қорытынды жасайды, көпшілік алдында еркін 
сөйлей алады, қарым-қатынасқа еркін түседі, өз ойын жүзеге асыруда пікірін
тұжырымдайды. 
«Орташа» - бастауыш сынып оқушылары танымдық тапсырмаларды 
орындауда ортақ пәнаралық ұғымдардың мағынасын ішанара түсінеді, өз 
бетімен бір пәннің аясында алынған мәліметті екінші пәнде мұғалімнің 
кішігірім жетекшілігімен қолдана алады, мәтінді талдау, жинақтау, салыстыру 
арқылы қорытынды жасайды, көпшілік алдында сөйлей алады, қарым-
қатынасқа түседі, бірақ өз ойын жүзеге асыруда пікірі мен тұжырымын 
жеткізуде қиналады. 
«Төмен» - бастауыш сынып оқушылары танымдық тапсырмаларды 
орындауда ортақ пәнаралық ұғымдардың мағынасын түсінбейді, өз бетімен бір 
пәннің аясында алынған мәліметті екінші пәнде қолдануда қиналады, мәтінді 
талдау, жинақтау, салыстыру арқылы қорытынды жасауда, көпшілік алдында 
еркін сөйлей алуда, қарым-қатынасқа еркін түсуде, өз ойын жүзеге асыруда
пікірі мен тұжырымын жеткізуде қиындыққа тап болады.
«Өте төмен» - бастауыш сынып оқушылары танымдық тапсырмаларды 
орындауда ортақ пәнаралық ұғымдардың мағынасын түсінбейді, өз бетімен бір 
пәннің аясында алынған мәліметті екінші пәнде қолдануды қажет етпейді, 
мәтінді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы қорытынды жасай алмайды, 
көпшілік алдында сөйлеу, қарым-қатынасқа еркін түсу, өз ойын жүзеге
асыруда пікірі мен тұжырымын жеткізуге қажетті дағдылары жоқ.
Тұжырымдай келе, біз әзірлеген модель пәнаралық байланыста бастауыш 
сынып оқушыларының ойлау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал 
етеді деген қорытындыға келдік. Модельді әзірлеу барысында теориялық-
әдіснамалық негіздері; әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар; өзара тығыз 
байланыстағы мотивациялық, танымдық, нәтижелік компоненттерден түзілген 
өлшемдері мен көрсеткіштерінің жиынтығын құрайды және деңгейлеріне (өте 
жоғары, жоғары, орташа, төмен, өте төмен) сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмысымыздың келесі тарауында ұсынылып отырған құрылымдық-
мазмұндық модельдің тиімділігін дәлелдеуге бағытталған тәжірибелік -
эксперименттік жұмыс барысы мен алынған нәтижелер сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет