Эссе. Пбл жунис Айдын 1-010 Жалпы медицина Науқас: Георгий Марков Науқасқа сипаттама



бет2/3
Дата02.10.2023
өлшемі17.73 Kb.
#479470
түріҚұрамы
1   2   3
айдын пбл

Ринне сынағы (Rime ' s Test) - адамның кереңдігінің өткізгіш немесе нейросенсорлық екенін анықтауға мүмкіндік беретін сынақ. Дыбыстық шанышқы алдымен ауада, адамның құлағына жақын ұсталады, содан кейін оның негізі құлақтың артындағы сүйекке (мастоидтық процесс) орналастырылады. Егер ауа арқылы таралатын дыбыс сүйек арқылы өтетін дыбысқа қарағанда қатты естілсе, онда бұл сынақтың нәтижелері оң болады, ал адамның саңырауы нейросенсорлық шығу тегі бар, егер тест нәтижелері теріс болса, яғни. сүйек арқылы өтетін дыбыс адамға ауа арқылы таралатын дыбыстан қаттырақ болып көрінеді, саңырау өткізгіш.Дәрігер бұл тестті жасаған соң, онық құлағының зақымдануы болмағанын анықтап білді де, май беріп, оны бес күн құлағына тамызуды және бес минут ағып кетпеуін қадағалауды тапсырды. Бұл бөлімде пациенттің ешқандай зақым алмағанын білдік.
Содан соң, Георгий құлықты тазартып дәрігерге келеді. Бірақ оның құлағы сол қалпы, әлі де нашар еститін болып шықты. Осы тұста, құлықтың толып қалуы гипотезасын алып тастадық. Себебі, құлықтан тазарған соң, оның есту қабілеті сол күйі қалған болды. Сөйтіп, отоскопиялық тексеруге жібереді. Отоскопия - бұл сыртқы құлақ өзегі мен құлақ барабанын медициналық тексеру. Дәрігер әдетте отоскопты қолданады (лампа, үлкейткіш әйнек және құлақ спекуляциясынан тұратын медициналық құрал). Кейде отроскопия кезінде құлақтың микроскопы қолданылады, ол өрістің үлкен тереңдігін, жарықтандыруды және үлкейтуді ұсынады. Ол зерттеу дабыл жарғағы мен есту жолының тұтастығын көрсетті. Осы кезде біз дабыл жарғағының зақымдануы гипотезасын толығымен алып тастадық.
Тексеруден соң, Георгий құлағының жақсы екенін айтып, оған растайтын тұжырымдама беруін сұрайды. Өзінің төрешілер құрамына қайта қосылғысы келетіндігін айтып өтеді. Бірақ дәрігер бастартып, оны аудиометрияға жібереді. Аудиометрия емтиханы сіздің есту қабілетіңіздің қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін тексереді. Ол дыбыстардың қарқындылығы мен тонусын, тепе -теңдік мәселелерін және ішкі құлақтың қызметіне қатысты басқа да мәселелерді тексереді. Есту қабілетінің жоғалуын диагностикалау мен емдеуге маманданған дәрігер аудиолог деп аталады.Осы тұста біз Георгийдің егде жастан асқанын есепке алып, оның жасына байланысты құлағының нашарлауы гипотезасын ұсындық.
Тексеруден соң біраз күннен кейін Георгий әйелімен дәрігерге келеді. Әйелі күйеуінің құлағының дызылдайтынын айтып, ми ісігі болуы қауіпін оқығанын айтады. Біз құлақ шуы мен вестибулярлы неврома гипотезаларын ұсындық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет