Эстетика, өнер, сөз өнері туралы негізгі тұжырымдар


Уақыт пен кеңістік фабуласы



бет14/29
Дата09.12.2023
өлшемі432.21 Kb.
#486053
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Тақырыбы Эстетика, Ó©️нер, сө️з Ó©️нері туралы негізгі-emirsaba.org

1.Уақыт пен кеңістік фабуласы. Автор өз туындысын жасарда ондағы
кейіпкерлердің қалай әрекет ететіні, баяндаудың қалай жүретіні туралы үнемі 
ойланады. Сонда көркем шығарманың кеңістігі, туындыны әлемі, оның
уақыттық параметрлері, баяндау тәсілі мен автордың қатысуы – осының бәрі 
«көркем шығарманың сюжетін» қамтиды. Біз әдетте шығарманың оқиғалық
негізін сюжет деп айта береміз. Ал. шындығында оқиғаның негізі, яғни 
сюжеттің сызбасы, негізі – фабула болады. Фабула – бұл латынша-әңгімелеу,
баяндау, айтып беру-көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен 
жүйелеу, мазмұндау дегенді білдіреді. Біз шығарманы алғаш оқығанда оның
жалпы фабулалық желісін тез қабылдаймыз. Бұл қаламгердің шығарма 
сюжетіне ұсынатын бастапқы ой желісі, шығарма құрылымының сұлбасы.
Фабуланың элементтері – сюжеттік ситуациялар, эпизодтар, Олар ұзақтығы, 
мәні жағынан әр түрлі болады. Олардың кейбірі шығарманың шағын бөлігін
ғана қамтиды. Ал, кейбірі бірер сөйлем ғана болуы мүмкін. Ал, кейбір 
эпизодтар көркем мәтін кеңістігінің негізін қамтуы да мүмкін. Әдебиетте
дәстүрлі түрде фабула элементтерінің орналасу тәртібі болады. көптеген 
көркем шығармалар кіріспеден немесе экспозициядан, прологтан басталады.
2.Сюжеттік уақыт пен кеңістік. «Сюжет» нақты бір заттық мәнге ие ұғым. 

Сюжет – авторлық мақсат та, фабула-сол мақсатқа жетудің құралы. Егер


фабуланы әңгімелеп беруге болатын болса, сюжеттің көркемдік мәнін 
шығармада көрінетін авторлық баяндау ерекшеліктері ғана жеткізе алады.
Кейде жазушы пайдаланған дайын фабула сюжетке айналған кезде көркемдік 
жағынан өңделеді. Біріншіден, мұндай даяр фабулалар өмірдегі, нақты
оқиғаларға негізделген шығармаларда жиі кездесуі мүмкін. Екіншіден, бір 
жазушының жасаған фабуласы екінші жазушының шығармасында мүлде жаңа
сипаттағы сюжетке ұласуы да ықтимал. Бір ғана фабула әр жазушының 
шеберлігіне байланысты әр түрлі сюжеттік сапаға ие бола береді. Сюжет



шығарма стилімен, көркем шығарма құрылымның ортақ заңдылықтарымен


тығыз байланысты. Демек, шығарманың көркемдік маңызы фабулаға емес, 
фабуланың шығармашылықпен игерілген көркемдік сипатының сюжетте
тереңдетіле бейнеленуіне қатысты.
«Сюжет» терминін алғаш рет XVII ғасырда классицистер П.Корнель мен
Н.Буало қолданды. Олар сюжет ұғымын Аристотель ізімен ежелгі дүние 
қаһармандарының өміріндегі оқиғалармен байланыстырды [43,125-б]. Көбіне
сюжет шығармадағы оқиғалар жүйесі ретінде көрінеді. Оның сыры сюжетті 
шығарманың басым бөлігі аса маңызды қоғамдық конфликтілерді көркемдік
тұрғыдан қарастырады және оларды қаламгер жасаған біртұтас өмір 
көрінісінің ішінде бейнелейді.
Шығармаларға өзек болған қоғамдық тартыс өткен дәуірлерден де алынуы 
ықтимал. Алайда, тартыстың түпкі мәні қаламгер өмір сүрген кезеңдегі
қоғамдық талап-тілектермен орайласып жатады. Сонымен бірге қаламгер өз 
бейнелеп отырған характерлер мен жағдайлар, адамдар арасындағы
байланыстар мен қарама-қайшылықтардың шынайы сипатын ашып танытуда 
сюжеттің мүмкіндігіне сүйенеді. Осылардың бәрін бейнелеу шығармада алға
тартылған проблемалардың мәнін ашуға, идеяға ықпал етеді. Сюжет 
желісіндегі образ-характерлер негізгі идеяға, негізгі оқиғаға байланысты бола
отырып, өзіндік даралығын да сақтап қалуы да шарт. Классикалық үлгідегі 
туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы
(экспозиция), байланысы (завязка), дамуы (ситуация), шарықтау шегі 
(кульминация), шешімі (развязка) сияқты бөлшектерден тұрады. Кей
шығармаларда пролог пен эпилогта кездеседі.
Сюжеттік уақыт пен кеңістік шығарма мазмұнын толық қамтиды.

Автордың суреттейтін оқиғасы кейде белгілі хронологиялық шектен тыс та 


болады. Бұл тәсілге автор уақыт өтуінің жүйесін алмастыру арқылы барады.
Бұл көпқырлы сипатта көрінеді. Автор кейде өткен оқиғаны шынайы, 
нанымды суреттеу арқылы оны соншалықты жақын, түсінікті етеді. Сол
арқылы өткенде болған оқиғаның мезгілі жақындай түседі. Мәселен, 
Ғ.Мүсреповтің «Жиырма төрт сағатта» деген әңгімесінде әлдебір уақыттың
үзіндісі, эпизодтық көрініс берілетін сияқты. Алайда, сюжет желісімен таныса 
келе, біз мұндағы оқиғаның бір тәуліктің кеңістігіне сыйып, толық мазмұнды
меңгеріп тұрғанын түсінеміз. Мысалы: «Түн бойы балықшылар ұйықтаған 
жоқ. Өз тілінде, үйреншікті жағдайында барынша олақ айтылған сөздер еңбек
адамдарының жүрегіне ұялай қалыпты. Көңіл көтеріліп, ой сергіп кетті. 
Өзгеден емес, көсемнің өзінен хат алған соң бір түнде адам болып, бір түнде
ел болып қалды. Өмір бойы жоқшылықпен алысып, кезек жығысып, кезек 
жеңісіп келген жандар бір-ақ түнде байып қалғандай. Күні кеше патшаның өзі
түгіл ауылнайы бұларды адамға санап осындай бауырмал хат жазатын ба еді?» 
[44,222-б].
Бұл үзінді шығарма сюжетінің желісін толық аңғартып тұр. Бірқалыпты 
тұрмыс кешіп жатқан еңбекшілердің өміріне серпіліс енді. Көңілдері
көтеріліп, аз ғана сәтте жан дүниелері тоғайып сала берді. Осыған дейінгі 
қоңырқай, бейнеті мол өмірлеріне жарық сәуле түскендей болды. Көңіл-



күйлерінің алаңдаулы болғаны соншалық, тынғуды да естерінен шығарған.


«Жұрт қөңіліне жиырма төрт сағат ішінде деген бұйрық қатты ұялап қалыпты. 
Бұл – сағат санап, күн санап өскен ел емес, замана таңбаларын санап өскен ел.
Өмірге сағат кіргенін ертерек сезінсе де оның өзі елеулі бір белгі екенін енді 
ғана біржола аңдағандай. Өз еңбектерін қанша жоғары бағаласа да Ленин
басқарып отырған жұмыстардың шама-шарқын балықшылар да аңғаратын 
сияқты. Таңдайларын қағып, таңданып қояды.
- Шіркін-ай, біздің төр-ағаның мойнына осы жиырма төрт сағатта дегенді 
тұмарша қылып тағып қояр ма еді! – деді Есламқұл.» [44,228-б].
Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, 
өмірлік тартыстар желі, тартып жату себебі де соған байланысты. Тартыс -
(латынша – конфликтус) –қақтығыс, айқас деген мағына білдіреді. Ол өмірдегі 
қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-
қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, 
нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер
туындысында жинақталып, суреттелуі. «Өнердегі өмірлік тартыс – көркем 
шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, арқау, керек десеңіз күллі
өнер туындысына тіршілік беріп тұрған жүйке»,- дейді З.Қабдолов.

Автор мен кейіпкер бейнесін зерттеген белгілі ғалым М.В.Строганов: 


“уақыт пен кеңістік және кейіпкер қатынасында екі бағыт бар. Бір жағынан


көркем уақыт пен кеңістік категориясы сияқты кейіпкер категориясы да автор 
категориясымен байланысып, мәтінде авторлық “әлем концептісінің” мәнді
бөлігін құрайды. Екінші жағынан хронотоп образ, кеңістік пен уақыт 
нақтылығын беруге ықпал етеді, яғни көркем уақыт пен әрекет негізіндегі
үйлестірушілік рөл атқарады. Зерттеушінің пікірінше, көркем мәтіннің 
сапалық жағына үш мәселе – автор, әрекет иесі – кейіпкер – оқырман қатысты.
Яғни, түптеп келгенде, мәтін адамға қатысты дүние . Осыдан келіп туындының 
әлеуметтілігі туады. Мәтіннің әлеуметтілігі белгілі бір уақытпен, дәуірмен,
қоғамның әлеуметтік құрылымымен байланысты. Бұл ойды ғалым М.Бахтин 
де бекіте түседі: “Қандай да әдеби туынды әлеуметті. Онда жанды әлеуметтік
күштер, топтар болады” .
Қоғамдағы ірі саяси оқиғалар кезінде адамдардың бір мақсат төңірегінде
топтасатыны белгілі. Солардың бірі - Ұлы Отан соғысы өзінің саяси, тарихи 
мәні жағынан тұтас дәуірлік сипатқа ие болды. Адамзат баласы да осы
жағдайға бейімделіп, ой-мақсаттарын ортақ іске біріктірді. Бұл жөнінде 
жазушы Л.Леонов әлденеше рет уақыт байланысы, рухани-моральдық
ахуалдың ортақтығы, адамдар сезімінің үйлесуі туралы айтып кеткен еді. 50-
70 жылдардың екінші жартысында прозада адамның ішкі әлеміне бойлау
күшейді. Біздің қоғамымыз бен әдебиет жеке адам болмысын мемлекеттік 
механизмге тәуелді ету концепциясынан шешуші түрде бас тартты. Көркем
бейнені жасау терең психологиялық мазмұнға, көпқырлы идеялық-
адамгершілік шарттарға ие болды. Нақты қоғамдық-тарихи жағдайларға
сәйкес, гуманизм мәселесі әр қилы жағдайда көрініс берді. 




Әдеби туындының тақырып, идея, композиция, жанр және стиль сияқты


компонеттерінің маңызы қандай болса, уақыт пен кеңістіктің мәні де сондай 
терең. Олар адам өмірімен, оның жан-дүниесімен тығыз байланысты. Соның
ішінде уақыт әсіресе, адамның өмірімен, кемелденуімен, белгілі бір 
әрекеттерінің орындалуымен көрініп отырады. “Уақыт-емші” деген халық
сөзін еске алсақ, уақыт жылжуымен, адам өмірінің де белгілі кезеңдерге өтуі 
жүзеге асып отырады да, адам санасында сол атқарған іс-әрекеттерінің ең бір
маңыздысы есте қалады. Сол арқылы адам өткеніне баға береді, мәнді 
тұстарын еске алып, көңілін демдеп отырады.
Шығармадағы қандай да болмасын баяндау тәсілі эпикалық ракурс пен 
эпикалық қашықтықты анықтайды. Эпикалық ракурс – автордың оқиғаларды
бейнелеудегі өзін-өзі көрсетуі. Көркем уақыт – сюжет пен фабулаға қатарласа 
жүретін ұғым. Сюжеттік уақыт дегеніміз – уақыттың нақты сәттерінің
шығармада автордың суреттеуімен белгілі бір тәртіппен орналасуы. Автор 
сюжеттік уақытты түрліше ұйымдастырады. Кей кезде оқиға барысында
өткенге қайта оралудың қажеттігі немесе көркем уақыт ішінде оқиғаның 
өтуінің бәсеңдеуі кездесіп отырады. Осыған байланысты әңгімелеушінің
белгілі бір түрі қалыптасады. Әңгімелеуші оқиғаларды жай сырттай 
бақылаушы түрінде болуы мүмкін, не жай баяндамай, оқиғаға қызу араласуы
мүмкін. Осыған байланысты сөйлеудің белгілі бір түрі қалыптасады. Мысалы, 
автор жай бақылаушы ретіндегі суреттеу түрін таңдаса, әңгімелеуші автор
әңгімелеу түрін таңдайды. Сөйтіп, эпикалық ракурс шығарманың 
композициялық-тілдік жүйесінің құрылымдық тұлғасын қалыптастырады.
Эпикалық қашықтық - әңгімелеуші – автордың шығармадағы баяндалып 
жатқан оқиғалардан белгілі бір мезгілдік немесе кеңістік ара қашықтықта
орналасуы. Оған белгілі бір баяндау формасы аясында өзгерістер енгізіліп
түрлендіріледі. Кеңістік ара қашықтық оқиғаның тұтастай немесе даралай
тұрғыда алып көрсетуден байқалады. Ол үш түрлі болуы мүмкін: 
шығармадағы оқиғаның баяндау кезімен сәйкес келмеуі, шығармадағы
оқиғаның баяндау сәтімен сәйкес келуі және олардың аралығында мезгілдік 
қатынастың мүлде болмауы.
Оқиғаның баяндау кезімен сәйкес келмеуі оқиға баяндаудан бұрын өткен 
жағдайда орын алады. Мұны мезгілдің шектелуі дейді. Бұл шектелу әр түрлі
болып, әңгімеленетін оқиғаның мезгілден тыс сипат алуына дейінгі аралықта 
өзгеруі де мүмкін. Баяндау уақыты мен шығармадағы оқиға уақытының сәйкес
келуіне негізделетін әңгімелеу формасы бірізділік сипатқа ие. Ол қысқа мезгіл 
аралығындағы жайттарды баяндайды. “Мәтіндегі оқиға деп – кейіпкердің
семантикалық шеңберін ауыстыруын айтамыз. Егер бір семантикалық 
шеңберден екіншісіне өтпесе, оқиға болмайды. Бұл қимыл-қозғалыс оқиғаға
айналу үшін, өзінің тұрғылықты жеріне жету керек. Оған жетер жолдағы 
шағын оқиғалар жүйемен дамыса, сюжетке айналады” Сондықтан сюжет
табиғаты оқиғамен тығыз байланысты. Ал, көркемдік кеңістік ұғымы 
сюжетпен тығыз байланысты. Оқиғаның ең кішкене бөлшегіне дейін сюжетті
құруға қатысады. Мұны орыс зерттеушісі А.Н.Веселовский мотив-сарын деп 
айқындады. Мотив – белгілі бір оқиғаның тұтастығына қатысты баяндаудағы



бөлінбейтін, кішкене бөлшек. Мотивте екі бірлік – сөз және идеялық мазмұн


ерекше мәнге ие. Ол көркем шығармада баяндалатын оқиғадағы басты 
мәселені, сипатты айқындайды. Яғни, оқиғаның себебі, оған қатысушылар,
кейіпкерлердің әрекет-мінездерінің көрінуі, олардың өту кеңістігі, өрбуі, 
шығарма тілі – осының бәрі белгілі бір сарынның сипатын анықтайды.
Көркем шығармадағы мезгілдік қатынастар әңгімеленудің түрленуіне негіз 
болады. Олар ірі, орта және жалпы тұрғыда беріледі. Әңгімелеу ірі, орташа
түрде алынса, мезгілдік шектелу дәрежесі түрліше болады. Жалпы түрде 
алынса, мезгілдің шектелуі жоғары дәрежеге жетеді де, оқиға мен баяндау
уақыты бір-бірімен сәйкесіп жатады. Сондықтан әңгімелеуші оқиғалардан 
алыс тұрған сайын, оларды атап, түстеуге мәжбүр болады. Ірі тұрғыда
әңгімелеу мен суреттеу деген сөз – болмысты жақын қашықтықтан шектеулі 
кеңістік пен бейнелеу деген сөз. Жақын қашықтық шағын аумақта болған
жайды толықтырып, тәптіштей суреттеуге көмектеседі. Орта тұрғыдан 
баяндауда әңгімелеуші оқиғадан едәуір қашықтықта орналасады, сондықтан
ол біршама үлкен аумақты қамтиды. Баяндаудың өз алдына бөлек түрі 
ретіндегі суреттеуде оқиға жақын қашықтықтан алынады.
Әңгімелеуде белгілі дәрежеде эпикалық қашықтық сақталады. Неғұрлым 
оқиға алыстаған сайын, мезгіл шектеулігіне сай оқиға толықтай алынбай,
жалпылама түрде беріледі. Әңгімелеудің эмоционалдық құрылымы бейтарап 
тұрғыда болады. Әңгімелеудің келесі түріне басынан өткізгенді не естігенді
ауызша баяндау жатады. Мұнда эпикалық қашықтыққа байланысты екі түрлі 
жайды байқауға болады. Бірінде әңгімелеу кезі мен оқиға кезі сәйкес келіп,
әңгімелеуші оқиғаға тікелей қатысады. Бұл жағдайда әңгімелеу ірі тұрғыда 
алынып, суреттеудегідей болмысты тікелей бейнелеу жүзеге асады.
Сондықтан шектеулі уақыт ішіндегі оқиға бүге-шігесіне дейін толықтай 
бейнеленеді. Бірақ суреттеу формасынан айырмашылығы – оқиға эпикалық
түрде әңгімеленеді. Мұндай әңгімелеуде болмыс осы ақтық түрде 
баяндалатындай көрінеді. Басынан өткенді немесе естігенді әңгімелеудің
екінші бір түрі оқиға сәті мен әңгімелеу сәйкеспейді. Сондықтан уақыт 
шектеулігі тым жоғары болып, баяндау, жалпылама шолу сипатында болады.
Ойлану, толғану, ойталқы түрінде келетін баяндауда уақыт жағынан 
сәйкестік болмайды. Сондықтан, ойталқыны “мезгілден тыс” баяндау
формасы деп те атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет