Есту қабілеті төмен балалардың СӨйлеу тілінің БҰзылуы



бет2/4
Дата04.10.2022
өлшемі22.27 Kb.
#461950
1   2   3   4
есту қызмет бұзылуы

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ТЕКСЕРУ
 Есту қабілетін тексерудің ең қарапайым тәсілі дегеніміз есту қабілетін сыбырлаған сөйлеу тілінің және қалыпты дауыстың жәрдемімен зерттеу болып саналады. Сөздерді төменгі және жоғарығы жиіліктегі ерекшеліктеріне қарай іріктейді. Мысалы:
лақ қарға
сауысқан щетка
балапан сіріңке
әке ата т.б.
Сыбырлап сөйлеу тілін түсінуді тексерудің дағыдыл шарты бір шама тыныштық жағдайда 6-7 м мөлшеріндегі қашықтық дұрыс деп саналады.
Егер бала сөзді сенімсіз қайталайтын болса, онда қашықтықты 1 м-ге жақындау қажет. Сосын бала сөзді сенімді түрде қайталаған жерден қашықтықты белгілейді.
Егер бала бір сөзді де естімесе, онда м, н, р, д, г, у, о; ысқырық и, ә сияқты дауысты және дауыссыз дыбыстарды түсіну қабілетін анықтау қажет. Бұнда дауысты дыбыстардың төменгі және жоғарғы жиіліктерін де қатар атаған дұрыс, өйткені жоғарғы жиіліктегі дауыстылардың естілуі төмендегілерге қарағанда әлдеқайда тәуір.
Тексеру барысында шаршағыштығына, ықыласына, тапсырманы орындауға дайындығына көңіл аударып жалпы жағдайын ескеру қажет.
Шаршаған бала алаңдағыш болады, тапсырманың мазмұнын түсінбейді. Бұндай жағдайда жауабының дұрыс естілмеуі жалпы жағдайының қолайсыздығының нәтижесінен болады және есту қабілетінің шын көрнісін бермейді. Осының себебінен диагноздық қателер пайда болады.
Егер бала ауыз екі сөйлеу тілін сөйлей алмаса және ауызша тапсырманы түсінбесе, онда дыбыс шығаратын /ысқырық, сырнай/ және дыбыс беретін /торғай, үретін ин/ ойыншықтарды пайдалануды ұсынады.
Тексеру кезінде балаға жанында отырға апасымен ойнап немесе бейнелі суреттерді қарап, ойыншықтармен алданып деген сияқты қандай да болмасын әйтеуір бір іспен шұғылданып отыратын жағдай жасап белгілі тәртіпті орындау қажет. Бұндай жағдай да логопедтің дыбыс беретін ойыншықтардың аттарын дауысынан танып атаңдар деген айла тәсілі қолданылмайды. Баланың берілген дыбыстық дауысына құлағын түріп тыңдауына, дыбысқа мүлде көңіл аудармауына, дыбыс шыққан жаққа бұрылып қарауына сияқты әрбір реакциясын мұқият қадағалап жазып отыру қажет.
Есту қабілетін тексеруге ұсынылған тәсілдердің негізгі нәтидесін бағалай келгенде олар дыбыстың күшінің мқлшерін дәл және әділ анықтау жеткілікті бола алмайды. Сондықтан есту қабілетінің кемістіктері көрінген баланы отоларинголог маманына жіберіп арнайы аудиометр құралымен есту қабілетін тексеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет