Қазіргі заманда әдеп, этика заңдылықтарын білу шарт. Мені біреу сыйласын десеңіз, ең алдымен өзіңізден бастаңыз. Біреуді мінеп, сынаудан бұрын, өзіңізді әдептілікке үйретіңіз. Назарларыңызға күнделікті өмірде қажет болатын этика нормаларын ұсынамыз. - Қазіргі заманда әдеп, этика заңдылықтарын білу шарт. Мені біреу сыйласын десеңіз, ең алдымен өзіңізден бастаңыз. Біреуді мінеп, сынаудан бұрын, өзіңізді әдептілікке үйретіңіз. Назарларыңызға күнделікті өмірде қажет болатын этика нормаларын ұсынамыз.
- 1. Мақтау сөзді дұрыс қабылдай білу Егер біреу тағамыңызды мақтаса, азық-түлікті қай дүкеннен алып, қанша сағат дайындағаныңызды баяндай жөнелмеңіз. Жай ғана «рақмет» деудің өзі де жеткілікті.
- 2. Өзіңіз жайлы жиі айта бермеу Біреуге сіздің өміріңіз, жұмысыңыз, туыстарыңыздың халі, ауру-сырқау туралы әңгіме қызық болады деп ойласаңыз да, бұл тақырыпты жиі қозғай бермеңіз. Сұхбаттасыңыз сұрақ қойса ғана жауап беріп отырыңыз. Өзіңізге қатысы жоқ нәрселер жайлы әңгімелескен дұрыс.
- 3. Қонаққа ескертусіз келмеу Біреудің үйіне ескертусіз бармаған жөн. Себебі ол адамның өз жоспарлары болуы немесе жай ғана шаршап, ертерек жатып, демалғысы келуі мүмкін.
- 4. Қолшатырды тек үйде кептіру керек Көбіміз кеңседе, қонақта қолшатырды жайып, кептіруге қоямыз. Бұл этикалық нормаға кереғар. Оны жинап, бір жерге іліп қою керек.
5. Сөмкенің орны Кішігірім клатчты үстелдің үстіне қоюға болады. Ал көлемдірек сөмкені үстелдің арқасына ілу не жерге қою керек. - 5. Сөмкенің орны Кішігірім клатчты үстелдің үстіне қоюға болады. Ал көлемдірек сөмкені үстелдің арқасына ілу не жерге қою керек.
- 6. Ер адам әйел сөмкесін ұстап жүрмеуі керек Еріне сөмкелерін ұстатып қоятын әйелдерді жиі кездестіреміз. Егер сөмкеңіз сіз үшін ауыр болса, үйден шығармаңыз. Ер адам тек пакет, дорба көтеріп жүреді. Ал әйел сөмкесін өз иесі тағып жүргені жөн. Сонымен қатар әйелдердің пальто, күртесі де өз қолында жүруі керек. Ал ер адам оны тек гардеробқа апару үшін қолға алады.
- 7. Үй киімі ыңғайлы әрі өңді болуы керек «Үйде жүрмін» деп жыртылған, тозған киімді киюге болмайды. Бұл этикаға жат, әрі өзіңіздің рухани тазалығыңызды кірлетеді. Өзін жақсы көретін, сыйлайтын адам жыртық, жамау (әрине трендтегі киім бір бөлек) киіммен жүрмейді. Сонымен қатар пижаманы да киіп жүру этикаға қарсы әрекет саналады. Пижаманы тек түнгі уақытта киіп жату керек.
- 8. Баланың бөлмесіне кірмес бұрын, есікті қағу Егер сіз балаға «кішкентай» деп қарап, есікті қақпай кіріп, заттарын сұраусыз алатын болсаңыз, ол да сізге сондай қарым-қатынас танытады. Баланы жастайынан әдептілікке, сыйластыққа үйретіңіз. Ал ол үшін ең алдымен өзіңіз үлгі болатыныңызды ұмытпағайсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |