Этно-мәдени бірлестіктерінің арасында өткен «Әкем, шешем және мен» отбасылық сайысы



жүктеу 19.8 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі19.8 Kb.
Этно-мәдени бірлестіктерінің арасында

өткен «Әкем, шешем және мен»

отбасылық сайысы
Ақтау қаласындағы 30 шағын ауданда орналасқан Қазақ-түрік лицейінде Маңғыстау облысының білім басқарамасы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 14-қыркүйек – «Отбасы» күніне орай Қазақстан халықтары ассамблеясының этно-мәдени бірлестіктерінің арасында алғаш рет «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық спорттық сайысы болды. Аталмыш сайыс отбасылық бірлікті нығайтуға септігін тигізу,халықтар арасындағы достықты нығайту,жанұялық спортқа деген қызығушылықтарын  арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған сайысқа Ехпайрутюн Армян этно-мәдени бірлестігі атынан Габриэлян отбасы, Алан Осетин этно-мәдени бірлестігі атынан Абаевтар отбасы, Түркмен этно-мәдени бірлестігі атынан Ходжаевтар отбасы және Тарас Шевченко атындағы Украин этно-мәдени бірлестігі атынан Лесниченко отбасылары қатысты.

Аталған сайысты Маңғыстау облыстық Қазақстан халықтарының ассамблеясы этно-мәдени бірлестігінің секретариат меңгерушісі Исмурзина Гульжан Максутовна ашып берді.Сайысқа Білім басқармасының бас маманы Омаркулова Бахтыгүл Лесбаевна, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының Маңғыстау облыстық төрағасының орынбасары, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Ларсанов Магомед Умарович, Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы директорының орынбасары Испанов Қоңыратбай Шаңқұлұлы қазылық етті.

Аталмыш шара алғашқы рет өткізіліп отырса да өте қызықты өтті. Сайысқа қатысушы отбасыларының жеңіске деген ынталары айдан анық көрініп тұрды. Отбасылар жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беріп, жеңімпаз атануға бар күшін салды.Төрт отбасы да ойынның әр кезеңінде өздерінің қырағылықтарымен, шапшандықтарымен, мықтылықтарымен көзге түсе білді. Қатысқан отбасылар алдағы уақытта осындай жарыстар әлі де көбірек өтсе деген тілектерін білдірді. 

Ехпайрутюн Армян этно-мәдени бірлестігі атынан қатысқан Габриэляндар отбасы қарсыластарына басымдық көрсетіп, жеңіске жетті. Қазылар алқасының есебі бойынша Габриэляндар отбасы 1-ші орын, Тарас Шевченко Украин этно-мәдени бірлестігі атынан қатысқан Лесниченколар отбасы 2-ші орынды, Алан Осетин этно-мәдени бірлестігі атынан қатысқан Абаевтар отбасы және Түркмен этно-мәдени бірлестігі атынан қатысқан Ходжаевтар отбасы 3-ші орынды иеленді. Сайыстың соңында қазылар алқасы мақтау қағаздары мен медальдарын тарту етіп, естелік суретке түсті.

Дайындаған: С.Нукишева

Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі

орталығы әдіскері



33-84-46


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет