Этно-социология


) Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар



бет2/3
Дата20.10.2023
өлшемі29.65 Kb.
#481207
1   2   3
Әлеуметтану 3апта

4) Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар.
Бұқаралық ақпарат-кең жұртшылыққа ақпаратты жеткізудің барлық жолдарын біріктіретін ұғым.Олар деп бұқаралық көлемдегі ақпаратты жинау өңдеу мен таратуды қамтамасыз ететін, әлеуметтік институттарды түсіну қажет. Қазіргі әлемдегі ақпарат ағымы соншалықты әр алуан және қарама- қайшы, мұнда оларды өздігінше түсінуге ешбір жеке адамның қабілеті жетпейді. Бұқаралық ақпарат әлеуметтенуге біршама бағытталған әсер етеді. Біріншіден: олар әлеуметтік нормалардың барлық жастағы адамдардың игеруі мен оларды саясат, экономика, құқық салаларындағы құндылықтардың қалыптасуына айтарлықтай ықпал етеді.Екіншіден: бұқаралық ақпарат халыққа ресми емес білім беруді білдіреді, сондықтан оларды көбінесе әлеуметтік бақыланатын әлеуметтену үдерісіне пайдаланады.

Қоғамға әсер ету арқылы бұқаралық ақпарат айқын бірыңғай эмоцияларды қалыптастыра отырып, тұтасымен әрбір жекеленген адамға әсер етеді. Осылайша бұқаралық ақпараттың арқасында қоғамдық пікір қалыптасады Барлық жас топтардың арасынан аса үлкен танымалдылыққа ғаламтор ие,себебі ол үш түрлі функцияны қамтиды олар:


1.Байланыс- коммуникация көзі ретінде
2.БАҚ-ақпарат көзі ретінде
3.Өндіріс-бизнес үшін негіз ретінде.
Коммуникация - адамдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттің қажетті элементі болып табылады. Соның барысында әлеуметтік үрдістер саласында жетекші орын алатын ақпараттарды, сезімдерді, бағаларды, маңыздылықты, мәнді құндылықтарды беруге қол жетеді. Коммуникация негізінде қоғамда адамның жеке басының және ұжымның мінез-құлық ережелері қалыптасады. Бұқаралық коммуникация–ақпараттарды білімдерді, рухани байлықтарды, моральдық және құқықтық нормаларды және тағыда сол сияқты техникалық құралдардың (баспасөздің, радионың, киноматографияның, теледидардың) көмегімен саны көп, бытыраңқы аудиторияға тарату үрдісі.Қоғамда бұқаралық коммуникацияның негізгі міндеті адамдарды сол қоғамда орныққан әлеуметтік қатынастарға сай тәрбиелеу.
Қорытындылай келетін болсам бұқаралық ақпарат қазіргі қоғамда негізгі орынды алатын әлеуметтену факторы болып табылады. Ол көпшілікке ортақ сананың қалыптасуына және белгілі өмірлік тәжірбиенің болуына әсер етеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет