«Этнопедагогика» ОҚУ-Әдістемелік кешені


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет5/6
Дата10.07.2016
өлшемі453.5 Kb.
#189484
1   2   3   4   5   6

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Халықтық педагогикадығы ақылайды дамыту құралдарын атаңыз.

2.Дүниетаным дегенімізді қалай түсінесіз.

3.Өмірлік дағдыларына қалыптастырудың халықтық құралдарын атаңыз.

4.Халықтық педагогикады ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтыңыз.

5.Халықтық ақыл-ой тәрбиесіне анықтама беріңіз.

6.Балаларды білімдендіру, ой-өрісін кеңейтудің халықтық құралдарын атаңыз.

7.Халықтық білімдерді күнделікті өмірде қолдану әдістемесін көрсетіңіз.


Дәріс №11. Дәрістің атауы. Еңбек халық педагогикасының өзегі. (1 сағат.11апта)

1 Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні.

2 Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.

3 Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу, өсиет, мадақтау, тыйым т.б.


1. Еңбек Қазақстан жағдайында мал шаруашылығымен, егіншілікпен байланысты болды. Еңбек адамның ауыр еңбегі ұлттық мақтанышқа айналып, балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін тәрбиеледі. Халық еңбекті адамға табиғаттың берген сыйы деп қарап, оны дәріптейді: «Еңбек – түбі береке», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еңбегі қаттының – ембегі тәтті». Халық даналығы адам еңбегімен ғана көрікті болатының ескертеді. Халық жалпыға еңбек тәрбиесін беруді қуаттап, жауапты, жүйелі, ақылға қонымды қоғамдық пайдалы еңбек етуді ұсынды.

Түрлі тәрбие әдістері арқылы баланы 5-8 жастан бастап үй еңбегіне үйрету отбасынан басталған, оның барысында ата-аналар оларды тек өзі үшін ғана емес, халық игілігі үшін еңбек етуге, еңбекке құрметпен қарауға, еңбек үдерісінің қуаныш ләззатын сезініп, түсіне білуге үйретті. «Еңбек етпенген ішіп - жемейді» деген қағиданы басшылыққа алған ата-аналар балаларының мамандық алуына, «шебер» болуына қамқорлық жасады, еңбекке тәбиелейді.

Ақын Мақтымқұлы XVIII ғасырда халық даналығын жинап, баланы жастайынан еңбекпен шынықтырмаса, кейін жалқау болатындығын ескерткен. Барлық халықтарға ортақ пікір: «Қолөнер артықтық ептейді», «жігітке жетпіс өнер де аз».

Тарихта жас ұрпақты алуан түрлі еңбек іскерліктерімен, дағдыларымен қаруландырудың құнды тәжірибесі жинақталды. Халық еңбек дағдылармен қаруландыру көп уақытты, күш-жігерді талап ететін жақсы түсінді. Жұмыс істей алмаудың объективтік себептерін іздеудің қажеті жоқ. Шеберлік бірте-бірте табанды еңбек арқылы келеді. Еңбектің нәтижесі санада ойластырылады. Еңбек ету оңай шаруа емес, сондықтан халық: «Нәзіктікке емес, қиындыққа үйрен» деп кеңес береді.

Еңбекке байланысты кісінің соры – жаман әдет, жат мінез, еріншектік, жалқаулық. Халық еңбектен жалықандары, жалқауларды, жеңіл жұмыс іздегендерді, біреудің еңбегімен күн көргендерді, өз еңбегінің нәтижесін ойламайтындарды да күлкі етеді, сынайды: «Еріншектің ертеңі бітпес», «Жалқау күн батарда жұмысқа кіріседі», «Жалқау бір жұмысты екірет жасайды, тікесінен тұрып ұйқтайды , отырып жұмыс істейді», «Арам тамаұтың тамаұ ішу, ұйқтау, керісу сияқты үш жұмысы бар».

2 Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.

Балалар үлкендерге көмектесе және олардың өнегелі істері, шеберлік дағдырларын қабылдай отырып, үнемі табиғат аясыда жүреді, оның әсемділігінен ләззат алады. Балаларды еңбекке ерте араластыру олардың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, көркемдік эстетикалық талғамдарының жетілуіне, дене бітімдерінің толысып дамуына, сонымен бірге халықтың мәдени мұрасына аялы көзқарасын арттыруға жәрдемдеседі. Ер баламен қыз балаға берілетін еңбек тәрбиесінің бірдей еместігі. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өз ара бөлісіп алған. Ұлды мал бағуға, шөп шабуға, жинауға, отын шабуға, аң аулауға, мытық атып, мергндңк құруға, қол өнер шеберлігңне, мал тауып, отбасы асрауға әкелерімен аталары үйретті.

Қыз баланы келіншек ана, бала тәрбиешісі отбасы ұйтқысы деп түсіндірген. Еңбексүйгіш, өнегелі болып өсуіне ерекше мән берген. Қыздар 5-6 жастан бастап үй шруашылығымен айналысты. Қыз балаларды шаруашылыққа апалары, шешесі, әжесі, ауылдық әйелдер үйретті.

Балалар үлкендерге көмектесе және олардың өнегелі істерін, шеберлік дағдыларын қабылдай отрып, сұлулығымен сусындады.

Халықтың тәрбиесінде балалар мен жастарды еңбек- сүйгіштікке тәрбиелеуге арналған әндер де, үлкендердің іс- әрекетін бейнелеп көрсететін және балаларды болашақ еңбекке баулитын ойындарда көптеп саналады.

Халық тәрбиесінде балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге арналған үлкендердің іс-әрекетін көрсететін ойындар қолданылды. Еңбек –өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық: «Еңбек-адамның екінші анасы», «Еңбек түбі-береке», «Жалқау аздырады, еңбек оздырады», т.б.мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің ,мәнісін,сондай-ақ еріншектік, жалқаулық кісінің соры екендігін жас буынға тәптіштеп түсіндірген. Осы жайытты терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған.

3 Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу, өсиет, мадақтау, тыйым т.б.

Халық тәрбиесінде балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге арналған үленгдердің іс-ірекетін көрсететін ойындар қолданады. Еңбек өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ.Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады.Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық: «Еңбек-адамның екінші анасы», «Еңбек түбі-береке», «Жалқау аздырады, еңбек оздырады», т.б. Мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбексүйгіштік, жалқаулық, кісінің соры екендігін жас буынға тәптіштеп түсіндірген. Осы жайтты терең түйіп, еңбектін бейнеті мен зейнетін басынан өткізетін басынан өткізген халөымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған.

Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну «Аяз би» ертегісіндегі Кендебай, «күн астындағы Күнекей қыз» ертегісіндегі қарапайым қойшы баланың бейнелері арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару-жарақ асынып ел-жұртын мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа адамдарының адал еңбегі арқасында қйындық біткенді женіп шығып, мұратына жетуін баяндау арқылы халық «Еңбекпен ер көгереді, мұратына жетеді» деп отырған.

Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібінін, тұрмыс-тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластыруған. Аңның жүнін, етін, терісін күнделікті тұрмыста керегінде жаратқан.

Балалар кәсіптік жұмысқа дәстүрлі тәжірибе арқылы үйренеді.

Қазақ халқы ғасырлар бойы мал күтудің рәсімдерін қастерлеп қалыптастырған. Өйткені жартыдай көшпелі халықтың тіршілігі мал өсірумен тікелей байланысты болды. Мал күту әрекетімен малды сүю, оны қадырлеу, бағу арқылы кәсіптік әдептілік қалыптасып, дәстүрге айналған. Түйенің пірі – Ойсылқара, сиырдың пірі – Зеңгі баба, жылқының пірі – Қамбар ата деп, сол пірлерді ұстанып, төрт түлікті күтуді қасиетті іс – әрекет деп таныған. Қазақ халқы төрт түлік ішінде жылқымен түйені ерекше қастерлеген.

Шөлге шыдамды, төзімді жүк көтергіш мал – түйе малы көшпелі халқымыздың керуен кемесі. Інтек, бота, тайлақ, буыршың, бура, атан түйе, нар, қоспақ, үлек деп аталатын түйенің әрбір тегіне лайықты күтім керек. М/ы: жас бота кәдімгі нәресте сияқты. Оны туған кезден бастап ауыздандырып, аялап өсіру қажет. Ботаны нәрестедей сүйіп қамқорлыққа алу – отбасы мүшелерінің қасетті борышы. Інгенді уақытында сауып шұбат ашыту – парыз. Шұбат – әрі тағам, әрі сусын, әрі дәрі. Түйенің шудасы - ең қымбат киім тігуге ең төзімді ұлтандық ж/е тоқымдық, т.б. қайыс жасауға пайдаланады.

Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы-баланы кәсіпке үйрету: мал бағу, егін салу, сәулет өнеріне үйрету, халық қастерлеп, жоооары бағаланған ұсталық кәсіп, зергерлік, тоқымашылық, құсбегілік. Атакәсіп-атадан балаға ауысып келе жатқан тіршілік мұрасы, мұрагер жалғастыратын дарынды әрекет. Өмірде «Атадан бала туса игі» деп, халық ата дәстүрін жалғастыру ұрпақ парызы екенін ескереді. Егер атаның ұрпағы кәсіптік игі дәстүрлерін жалғастыра алса, ол ата-бабаның аруағын сыйламаған нақұрыс ретінде жеккөрінішті болып, қарғысқа ұшырайды. Егер атакәсіпті қадірлемеген болса, ондай ұрпақты халық « ата жолын бұзған», «жақсыдан жаман туған көргенсіз» деп іске алғысыз еткен.

Жасөспірім жалындаған жігерімен кәсіп тыңдай бастағанда-ақ, халық ең әуеді оның атакәсіпке бейімделген жақсы нышан деп бағалайды. Әрине, атакәсіпке күнкөріс әрекетінің барлығын жатқызуғак болмайды. Халық қоғамда ерекше пайдасы бар, елдің тән азығы мен жан азығына үлкен қосатын кәсіпті «атакәсіп» дейді. Ұсталық, зергелік, саяткерлік,тігіншілік- қыр-сыры мол, халық қастерлейтін атакәсіпкер.Халық, әсіресе мамандыққа байланысты атакәсіпті ұрпақтың одаң әрі жалғастыруын адамгершілік парыз деп есептейді. Сондықтан да, ұста ұрпағын қаршадайынан ұсталыққа баулиды, зергер зергерікке үйретеді, сәулеткер өзінен асқан сәулетші ұрпағым болса екен дейді.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні қандай?

  2. Еңбектің дәстүрлі түрлерін ата.

  3. Еңбек тәрбиесінің әдістері, түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету, жаттығу өсиет, мадақтау, тиым т.б. жайлы айт.


Дәріс №12. Дәрістің атауы. Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесі. (1 сағат. 12 апта)

1 Халықтық педагогикада балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері.

2 Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді, азаматтықты, жағымды адамгершілік қасиеттерді, ата-ана алдындағы парыз сезімін, оларға деген сүйіспеншілігін. адалдығын, шыншылдығын қалыптастыру.
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі

Ыбырай Алтынсарин



1. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.

Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.

Баланың рухани-адамгершлік дамуы отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.

Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.

Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.

«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.

Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы —өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

2 Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: гуманизмді, азаматтықты, жағымды адамгершілік қасиеттерді, ата-ана алдындағы парыз сезімін, оларға деген сүйіспеншілігін. адалдығын, шыншылдығын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..

Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.

Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.

Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.

Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.

Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.

Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.

Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.

Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.

Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық педагогикасында деуге болады.

8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал-мәтелдер жаттады.

«Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» — демекші қыздарымыз түйме тігіп, өз шеберліктерін көрсетті.

Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.

«Мен елімнің азаматымын» тақырыбына қосымша «7 мамыр — батырлыр күні» мерекесіне арналған «Ел қорғауға әзірміз» атты көңілді жарыс өткізілді. Осындай сайыстар арқылы өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұландарымызды Отанды қадірлеп қорғай білуге баулытамыз. Балалар осы жарыста өздерінің шапшаңдылығымен, батылдығымен өз Отанының жас ұландары екенін көрсетіп, дәлелдеді. Жарыстар жас жеткіншіктердің бойында адамгершілік қасиетін оятып, патриот болуға тәрбиелейді.

Адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Қазақтарда балаларды оқыту мен адамгершілік тәрбие берудің дәстүрлі құралдарын атаңыз.

2.Жастарды этнопедагогика құралдарымен адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтаңыз.

3. Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын түсіндіріңіз.

4. Жағымды адамгершілік қасиеттер, азаматтықтық, ата-ана алдындағы парыз, оларға деген сүйіспеншілік. адалдық, шыншылдық қасиеттерін бала бойында қалыптастыру жолдарын анықтаңыз.

5. Қазақ халқының ғұлама педагогтарының еңбектеріндегі адамгершілік туралы жазған қанатты сөздерін, нақыл сөздерін айтыңыз.


Дәріс №13. Дәрістің атауы. Әсемдік халықтың идеалы. (1 сағат. 13 апта)

1 Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары.

2. Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, мерекелер, салт-дәстүрлер т.б. арқылы көркемдікке баулу.
1. Халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы сатыларында–ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді. Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап–ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера, дене қимылы, т.б. А.С. Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П. Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек.

Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдеп-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда – ақыл – ой тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика – тәлім-тәрбиелік ой – пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы.

Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады.

Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдар, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала.

Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбие құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері, жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен байытылды.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімімен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таңқаларлықтай (домбыра, шертер, аса таяқ, шаңқобыз, ұран, жетіген, үскірік, қамыс сырнай, дабыл т.т.). Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.

Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын әсемдік сезімін, талғамын, қажеттілігін билейді. Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық білімімен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.

2 Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, мерекелер, салт-дәстүрлер т.б. арқылы көркемдікке баулу.

Тәрбие жүргізу ісінде үйрету, пайымдату, сендіру, әсерлендіру тәсілдері қолданылады. Ұлттық тәрбие үлгілерін көрсетіп, үйрету үшін сахналық тәсілдерді қолданудың мәні зор. Сөзді жаттау, оны сахнада мәніне жеткізіп, мәнерлеп айта білу, өмір құбылыстарын әсерлендіре көрсету, кейіпкер бейнесін айнытпай көрсету әрбір тәрбиеленушінің санасына сан қырымен әсер ететін құбылыс.

Оқушы түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек.

Оқушылардың эстетикалық сезімін дамыту оларға мынау жақсы, әдемі, ал мынау жаман, көріксіз деп ауызша айтуда ғана жүзеге аспайды, сонымен бірге бала күнделікті тұрмыста да, мектепте де эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп отыруы керек.

Ата-бабамыз сыртқы көрнекі сұлулық пен ішкі рухани сұлулықты мойындай отырып, олардың орнын анықтауға келгенде, ішкі рухани сұлулыққа көбірек көңіл бөліп, мазмұн сұлулығына көбірек жан тартады.

Балаға әдепті әсемдіктен бөліп түсіндіруге болмайды. Егер оларды бөліп айтуға болатынын мойындасақ, онда әдепсіз сұлулықтың да болатынын мойындауға тура келер еді де, сұлудық өлшемдері тек сыртқы белгілер, симметрия, пропорция, түр-түстер сәйкестігі, т.б. ғана болып шығады. Орыстың атақты әдебиет сыншысы әрі эстет В.Г. Белинский сұлулықты барлық уақытта моральмен бірге қабылдап келген қоғамдық тәжірибеге сүйене отырып: «Сұлулық шындықпен моральмен бір туысқан. Егер шығарманы көркемдік құндылыққа ие десек, онда ол сөз жоқ, әдеп-инабаттылық жағынан да құнды болады», - дейді.

Халқымыз дене сұлулығына, әсіресе қыз баланың көрікті болуына ерекше көңіл бөлген. Аналар «Аттың көркі – жал, қыздың көркі шаш» деп ұққан. Қыз баланың шашын жақсы өсіру үшін айранмен, ірімшіктің сары суымен немесе қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етіп өру бойжеткен қыздардың көркі болған. Қыз бен жігіт айтысындағы: «Атымды әкем сүйіп Несіп қойған, шашымды бестемшелеп есіп қойған» деген сөз тіркестері осы пікірді дәлелдейді.

Халық жанрларында аруларды «Шашының ұзындығы ізін басты» немесе «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған. Халық даналығы арулардың киім киісіне де ерекше мән берген. «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі жапырақ», «Қыз өссе – елдің көркі» деп қыз баланы қынама қамзол, дүрия бешпент, кәмшат бөрік, қос етек көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға, білезік, шолпы, шашбау, жүзік сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзі қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйірлігін білдіреді. әзатылған қыздың ауылында айтылатын «Жар-жар», «Жұбату», «Сыңсу» өлеңдерінде, келін түсіру тойларында орындалатын «Беташарда» қыздың, жас келіннің басты – басты киімдері, сән-салтанаты, сұлулық бейнесі мақтала жырланған.

Бала түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және тағы сол сияқты көптеген факторлардың ықпал ету нәтижесінде болады. Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын іс-жүзінде, теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты қабылдауға көмектесуі керек.

Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамда дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды. Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі – эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әр бір адамда білім болуы керек. Білім адамды әдеміліктің объективтілік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүние сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Эстетикалық тәрбиені ұлттық педагогикамен ұштастыру жолдарын анықтаңыз.

2.Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру жолдарын атаңыз. 3.Оқушыларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар, салт-дәстүрлер арқылы көркемдікке баулу жолдарына анықтама беріңіз.

4.Халықтық педагогикадығы әсемдік, эстетикалық тәрбие, эстетикалық талғам терминдерінің анықтамасы қандай?

5. Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттарын атаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет