Этнопедагогика



бет17/30
Дата11.10.2023
өлшемі295.88 Kb.
#480425
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
этнопедагогика

Бабаджа қатын мазары (Х-ХІ ғасыр) күйдірілген кірпіштен қаланған, жалпы формасы куб тәрізді, 16 қырлы күмбезді құрылыс. Мазардың қас беті ӛзге үш бетінен қарағанда биіктеу, жоғарғы жағы кірпіштерді ӛрнектеп ӛріп қалау арқылы кӛркемделген. Ішкі тӛрт бұрышты бӛлменің тӛбесі күмбезделіп жабылған. Жалпы бабаджа қатын мазарының сәндік әшекейлері ӛте қарапайым, құрылысы онша күрделі емес.

46


  1. Алашахан мазарын – шебер кірпіштерді ӛрнектей қалау әдісімен қалаған. Мазардың артқы екі бүйір қабырғасы киіз үйдің қабырғасына ұқсаған ромб тектес бедерлі оюмен әшекейленген. Алдыңғы қас бетін, кірпіштердің ӛзіндік пішіндерін пайдаланып, тік тӛртбұрышты ойықтармен, бедерлермен ӛріп шыққан. Мазар күмбезбен жабылған.




  1. Маңғыстау жеріндегі күмбезді мазардың бірі – Шақпақ ата мазары (Х ғасыр). Мазар күмбезінің дәл тӛбесінен күн жарығы түсетін арнайы тесік қалдырылған. Шақпақ ата мазарының сыртқы қабырғалары, Маңғыстау жерінде осы күнге дейін қолданылып келе жатқан ою-ӛрнектермен әшекейленген.

Қазақстан территориясының түкпір-түкпірінде сақталып келген сәулет ӛнерінің туындыларын, сол аймақта ӛмір сүрген халық суретшілері туғызған.


Қазірге дейін Қазақстанда 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш табылған болса, (ал табылмағаны қаншама?), соның 12 мыңнан астамы Батыс Қазақстан ӛлкесінде орналасқан.




XIV-XV ғасырдағы сәулет өнерінің ішінен Ахмет Иассауидің мешітінің құрылысы ерекше орын алады.

Мешіт Ақсақ Темірдің әмірімен XIV ғасырдың соңында басталды, сол кездегі діни құрылыстың ең ірісі болды.


Мешіт ғимараты күйдірген кірпіштен салынған. Жалпы ұзындығы 62,5 м., ені 46,5 м. Сыртқы кӛрінісі симметриялы, онда үлкенді-кішілі 35 залдар мен бӛлмелер бар. Олар бір-бірімен 8 дәлізбен, ӛтпелі баспалдақтармен жалғасып жатыр. Ғимараттың құрылысындағы тағы бір ерекшелік күмбезді қазандықты қоршаған залдар мен бӛлмелер күмбезді ұстап тұрған тіректің ролін атқарады.


Ғимараттың ішкі залдары мен бӛлмелерінде – қабірхана, мешіт, кіші және үлкен Ақсарай, кітапхана, құдықхана, асхана орналасқан. Қазандық – мешіттегі ең үлкен, сәулетті орын. Оны диаметрі 18 метрдей асқақ күмбез жауып тұр. Залдың табанынан күмбез тӛбесіне дейін 39 метр. Залдың ортасында 7 металдың қоспасынан құйылған алып тайқазан тұр. Салмағы 2 тонна, диаметрі 2,4 метр. Қазандық үш қатарлы сан алуан ӛсімдік тектес ою-ӛрнектермен әшекейленген, араб жазуларымен нақышталған белбеулі безендер орап тұр. Қазан тұлғасы – сәндік-қолданбалы ӛнердің


қайталанбас үлгісі. Мешіттің композициялық ауқымдылығы, пропорциялық ӛлшемдерінің дәлдігі, құрылысы шешімінің ұтқырлығы, мейлінше кӛркем безендірілуі XIV-XV ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстан сәулет ӛнерінің даму деңгейінің жоғары болғандығының дәлелі.




Қазақ қолөнеріндегі экологиялық мәселелер, тәлім тәрбиелік мәні Қазақ ежелден ӛнерге бай халық. Ӛздерін Табиғат-Ананың тӛл

баласы ретінде сезініп, қоршаған ортаға асқан жауапкершілікпен қараған ата-бабаларымыз, ӛнердің кілтін де табиғаттан тапқан. Дархан дала тӛсінде еркін ӛсіп, оның сұлулығына кӛз жанарларын қандырып, жан-жүректерімен сезініп ӛскен кӛшпелілер табиғатты тірі. ақылды деп қабылдап, онымен барлық уақытта санасу. сұхбаттасу дәстүрін ұстанған.


47
Қазақтардың табиғатпен қатынасын философ Н.Н.Молдабеков: «Табиғат – тіршілік ортасы, адам анасы. Табиғат бүкіл организмге ортақ, үйлесімді байланыстардың кеңістігі. Табиғатпен жарасқандар тыныштығын табады, тынысын қалпына келтіреді. Табитаттың мамыражай ашық кӛркі қазақ тіршілігіне сергектік те әкеледі. Одан қазақтын қарны да, кӛңілі де тояттанады- дейді».


Ежелден кӛшпелілердің дүниетанымында табиғат пен адам егіз. Тіршілік сыйлаушы табиғатқа табына отырып, ӛздерін оның тікелей жалғастырушылары деп түсінген кӛшпелілер қоршаған ортаны әртүрлі наным-сенімдер, тыйымдар арқылы қорғап отырған. Табиғат сыйын тек материалдық тұрғыда ғана пайдаланбай одан рухани нәр алды, яғни, табиғатты дәстүрлі ӛнерге арқау етті. Осындай қоршаған ортамен тепе-теңдік, ұйлесімдік ӛмір салтын ұстану мен қазақтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері, дүниетанымының бірлігі негізінде айтыс, жыр, ертегі-аңыз, музыка, сәулет, қолӛнер сиякты дәстүрлі мәдениет ӛзегі қалыптасты.


Қазақ халқы ӛнерді ерекше қадір тұтып, ғасырлар ӛткен сайын оны ұрпак санасында жаңғыртып, атадан-балаға мирас етіп қалдырған. Ӛнердің майталман шеберлерін халық арасында «он саусағынан ӛнер тамған» дарын иесі деп құрметтеген. Шеберлер ӛз ӛнерін келер ұрпаққа мұрат етіп қалдыру мақсатында ел ішіндегі дарынды балаларды жинап, шәкірт дайындаған. Олар шәкірттеріне ӛз ӛнерінің қыр-сырын талмай үйретіп отырған. «Ӛнерлінің ӛрісі кең», «ӛнерлі ӛрге жүзеді» деген қанатты сӛздер ӛзінің ӛміршеңдігін бүгінгі күні де танытуда.


Қазақ дәстүрлі мәдениетінің негізгі тірегінің бірі кӛркемӛнердің алар орны ерекше.


Адам мен қоршаған ортадан бастау алып, кӛшпелі халық болмысына тән тұрмыс-тіршілігімен, дүниеге кӛзқарасымен, сана-сезім, ой-ӛрісімен. салт-дәстүрімен сабақтастықта пайда болған ӛнер туындылары терең мәнгс ие. Кӛшпелілер кӛркемӛнері сан-салаға болінеді. Мәселен, суретші дүниеге деген кӛзқарасын, болмаса табиғат кӛрінісін қылқалам ұшымен бейнелесе, ақын-жазушылар сӛз құдіреті арқылы білдірген. күйші-сазгерлер саз үнімен жеткізсе, қолӛнер шеберлері бейнелеу арқылы білдіріп жатады. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі кӛркемӛнердің ӛміршең бір саласы – қолӛнер. Қазақ халқының қолӛнері тарихпен бірге жасасып келе жатқан мәдени мұра. Ежелгі тас дәуірінен бастау алып. уақыт ӛте келе сүйек, мүйіз, ағаштан түрлі құрал-жабдықтар жасау арқылы толыға түскен қолӛнер саласы бүгінде материалдық және рухани байытылған ӛнер саласы деңгейін иеленіп отыр. Халқымыз қолӛнер бұйымдарын тұрмыстың барлық салаларында қолданғаны белгілі. Т.Бәсенов «Халықтың қолӛнерінде, әдет-ғұрып жабдықтармен қатар, аң аулауға, мал ӛсіруге және егіншілікке қажетті құрал -жабдықтар да кіреді.Олар: киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі-түсті басқұрлар, арқан, жіп, қайыс, таспа. Шеберлер ӛз қолӛнер туындыларын түрлі нақыштармен әшекейледі. Қолӛнерде кӛңілге қонымды мәнерлер мен ондағы қолданған әдістер тұрмысымыздың барлық саласында және сәулет


48
өнерінде кеңінен қолданып келеді» - дейді. Қолӛнер бұйымдары кез-келген халықтың шаруашылық қажеттілігінен туындап отырады. Мысалы, мал шаруашылығына байланысты қолөнер бұйымдарына: шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғылық. тусамыс, өре, шідер, кісен, қада, таға, ер-тұрман т.б. жатады. Батырлық пен аңшылық кәсібіне қажетті жебе мен садақ, сойыл, шоқпар, айбалта мен найзаны т.б. бӛліп кӛрсете аламыз. Моншақ, білезік, сақина , сырға, алқа, шолпы. сияқты зергерлік бұйымдар жасау ӛнері елімізде кеңінен дамыған.


Ал осы қолӛнердің барлық саласына ерекше әсемдік пен терең мән беріп тұрған ою-ернек ӛнері. Қазақ халқынын- кез-келген бүйымьшда оз үйлесшділігін тапқан ою-ӛрнек қазақ халқының мәдени шежіресі. Тас, қола дәуіріндегі андрондық және сақ тайпалары «аң стилін» ӛз қолӛнерлерінде ерекше мәнермен қолданған. Олар аң, жануарлар мен құстардың шынайы және мифтік ұғымдағы бейнелерімен барлық қолӛнер бұйымдарын әшекейлеген.


«Ою-ӛрнек» (латынның ornament - әсемдеу, сәндеу деген сӛзінен шыққан) үйлесімділікпен бір қалыпқа түскен элементтерден тұратын нақыштар; әртүрлі заттарды (құрал-сайман, қару-жарақ, киім т.б.) сәулет ӛнерінде сәндеу үшін қолданады.


«Ою» деген сӛзбен «ӛрнек» деген сӛздің мағынасы бір. Бұл сӛздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетін ойып, бедер түсіру деген мағына береді. Қазақ кӛбінесе бір ӛрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық ою, бедер, бейнені күйдіріп, жалатып, бояп, бастырып, қалыптан істеген кӛркемдік түрлерді, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан кӛбінесе ою-ӛрнек деп қосарланып айтыла береді.


Ою-ӛрнек – адам ӛнеріне қажетті заттарды, бұйымдарды, сәулет ӛнерін безендіруде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға кӛзқарасын, одан алған эмоционалдық эстетикалық әсерін әсем талғаммен ӛзара үйлесімділікте бейнені жеткізуге ықпал ететін нақыштар.


Қазақ халқының күнделікті тұрмысында қолданатын әртүрлі бұйымдардың барлығы ою-ӛрнекпен әшекейленеді. Ою-ӛрнек сан алуан композицияда қолданады. Бейнелеу мәнерінде ою халқымыздың қоршаған ортаға деген эстетикалық талғамын кӛрсеттеді. Бұл ӛнер түрі арқылы ежелден ата-бабамыз келер ұрпаққа ӛздерінің дүниетанымын қолӛнер бұйымдарында бейнелеп қалдырған. Осы дәстүр ӛнердің негізінде дүниеге, қоршаған ортаға деген эстетикалық кӛзқарасты философиялық ұғыммен толықтырады.


Мамандар қазақтың ою-ӛрнектерін мынандай топтарға бӛліп қарастырады:


І. Кӛгеніс (ӛсімдіктер әлемі) ою-ӛрнектері;



  1. Зооморфтық ою-ӛрнек (жан-жануарларға байланысты);




  1. Космогониялық ою-ӛрнек(аспан денелері, геометриялық сызықтар мен бұрыштар).

49
Ӛнер мен табиғатты ұштастырған кӛшпелілер «арпабас», «бағанернек», ''жауқазын», «жапырақ», «қоза», «тӛрткүл». «үшкүл», «шыныгүл», «түйетабан», суға байланысты «су», «суӛрнегі», «ирек», «тасқын», «арық» ою элементтерін ойлап тапты.


Кӛшпелі ӛзіне пана болған табиғат сыйын, яғни, тауды да назарынан тыс қалдырмаған. Тау – ерліктің, ұлылыктың, күш-құдіреттің символы. Тау – киелі. Сондықтан да қариялар жас ұрпаққа ӛз ризашылығын білдіргенде «таудай бол'« - деп жатады.


Халық арасында «Тәңірінің құдіретін кӛрем десең тауға бар» деген сез бекер туындамаған сияқты. Адамнан бастап аң-құсқа дейін пана болған асқар тауды ою-ӛрнекпен байланыстырған шебер халқымыз, «тау оюымен» қолӛнер бұйымдарын жиектеген. «Тау оюы» – кӛбінесе ер адамдардың киімдерінде жарасымдылық тапқан.


Ою-ӛрнектің негізгі бӛлігі аң, құс, жануарларға қатысты туындағаны белгілі. Кӛшпелілердің негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Аң, жануарлардың терісі мен жүні – киім, еті – тамақ, сүті – сусын, мінсе – кӛлік болған. Малға, малдың дене мүшелеріне байланысты кӛптеген ою элементтері пайда болды. Олар: «тасқын», «арық», «ирек», «су», «қошқармүйіз», «сыңармүйіз», «қосмүйіз», «тақмүйіз», «тікмүйіз», «бұғымүйіз», «құсқанат», «қанатты ою»;»қарғатұяқ», «иттабан», «қырықтырнақ», «балықкӛз», «итқұйрық», «түйетабан», «ботагӛз», «атбас». «тайтұяқ». «ашатұяқ»т.б. Мал бақ – береке, молшылық кӛзі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет