Этнопедагогика



бет8/30
Дата11.10.2023
өлшемі295.88 Kb.
#480425
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
этнопедагогика

Бақылау сҧрақтары

  1. Ежелгi тасқа жазылған дастандардың тәрбиелiк мәнi.




  1. Кӛне түркi Орхон-Енисей жазба ескерткiштерi және орта ғасыр ойшылдары еңбектерiнiң этнопедагогикалық принциптермен идеялық ӛзектестiгi қандай?




  1. Қазақ халқының ежелгi дәуiрдегi қандай тәлiм-тәрбиелiк ағартушылық нұсқаларын білесіз?




  1. Түркiстан ӛлкесiнiң ойшыл ғұламаларының тәлiмдiк ой-пiкiрлерi, олардың тарихи мұралардан кӛрiнiс табуын неден кӛруге болады?




  1. Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік тұжырымдарының түрік, араб мәдениетіндегі алатын орны, қазақтың ұлттық мәдениетіне әсері.




  1. Қазақстандағы қандай тәлім-тәрбиелік ағартушылық еңбектер мен кӛзқарастар туралы білесіз?




  1. Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлік тәрбие дәстүрлері.




  1. Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімділік-танымдық мұрагерлері (VІ-ІХ ғ.ғ.).

  2. Араб-шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы, орта ғасыр

оқымыстыларының тәлімгерлік ой-пікірлері (Х-ХV ғ.ғ.).

10. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие (жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар).


11. Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық-демократиялық идеялардың ӛркен жаюы.


12. Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде қалыптасуы.




4-дәрісбаян


Тақырыбы: ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ
ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘНІ

Әдебиет – тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін оны халық қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып, ғасырлар бойы ӛңдеп, ӛркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, асылым деп ақыл-санасына сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері –


26
мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол – ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты кӛріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра.


Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытатын, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл – халық педагогикасының үлкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың мақал-мәтелдері педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің де түсініктемелеріне арқау бола алады.


Бұл тарауда ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәнін ашып, оны оқу-тәрбие ісіне пайдаланудың негізгі жолдарын кӛрсетуді мақсат еттік. Зерттеушілер мен пайдаланушылар толқынды дүниені толықтыра түссе, құба-құп болар еді.




Бесік жырының тәрбиелік мәні

Тұрмыс-салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бӛбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылған әуен сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан-жүйесін жадыратады, яғни ұнамды, ұнасымды әсермен баланы жұбатады. Екіншіден, баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұрсәулесінен қуат алғандай әсерленеді. Үшіншіден, ата-ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан балдырғандар да жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сӛздерден тәлім алады.


Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бӛлеу жыры, жұбату және тілек айту деп топтауға болады.


Бесікке бӛлеу жыры нәрестені бесікке салғанда, қуаныш-тілек ретінде, кӛбінесе кӛңілді, әуезді әуенімен айтылады.


Балғын бӛбек бесік жырының жанға жайлы әуезді әуеніне жұбанып, рахатқа бӛленеді. Мұның психологиялық, медициналық мәні де зор. Әуен (музыка) бӛбек жанына дем береді.


Бесік жыры кӛбінесе тілек (сенім арту, үміт, бата) айту мәніне құрылады да, жыр айтушы бӛбектің келешегіне сенім артып, қуанышқа бӛленеді.


Халық педагогикасының бұл саласы ғасырлар бойы бала тәрбиесіне ӛз ӛрнектерімен әсер етіп, қазіргі кӛркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет