Етуiмен республика соттары



жүктеу 16.58 Kb.
Дата29.02.2016
өлшемі16.58 Kb.
ЖАҢАЛЫҚ
19 ҚАҢТАРда ҚР ЖоҒарҒы СотыныҢ тӨраҒасы Қайрат МӘмидiҢ тӨраҒалыҚ етуiмен республика соттары ҚызметiнiҢ Өткен 2005 жылдаҒы Қорытындылары жӘне оны Әрi Қарай жетiлдiру мӘселелерi бой-ынша ЖоҒарҒы СоттыҢ кеҢейтiлген пленарлыҚ мӘжiлiсi болып Өттi.
Әр жылдыҢ Қорытындысы болады
Мәжiлiс жұмысына ҚР Президентi Әкiмшiлiгi жетекшiсiнiң орынбасары, Мемлекеттiк-құқықтық басқарманың бастығы Берiк Имашев, Жоғарғы Сот Кеңесiнiң төрағасы Мақсұт Нәрiкбаев, сонымен қатар, облыстық соттардың төрағалары мен сот әкiмшiлерi қатысты.

Сот жүйесi үшiн өткен жыл мемлекетiмiздiң құқықтық саясатының басым бағыттарын одан әрi дамытумен, сондай-ақ, Елбасының ҚР судьяларының 4 съезiнде қойған мiндеттерiмен нақты айқындалды. Сот қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн сот төрелiгi аясындағы заңнамаларды жетiлдiру бойынша бiршама iс-шаралар жүзеге асырылды.

Соңғы жылдары елiмiзде сот төрелiгiн атқару сапасының едәуiр жақсарғандығы байқалады. Шешiмдер мен үкiмдердiң бұзылуы, сондай-ақ, белгiленген iс жүргiзу мерзiмiнен асып кетумен қаралған iстер саны азайып келедi.

Мәселен, 2005 жылы республика соттарына 965 мың iс келiп түскен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, iстердiң 1,9 пайызға көбейгендiгiн көрсетедi. Мұнымен қоса, соттарға келiп түскен азаматтық iстер саны – 370 667 және әкiмшiлiк iстер саны – 536 629 болып ұлғайса, қылмыстық iстер саны айтарлықтай азайған (58 000 шамасында).

Iс жүргiзу заңнамасын жетiлдiру аясында жуырда “Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне соттылықтың аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” Заң қабылданды.

Заңмен енгiзiлген оң өзгерiстер iс жүргiзу заңнамасын жетiлдiрудегi сот реформасының маңызды аспектiлерiнiң бiрi болып табылады және басты мақсат – сот өндiрiсiн одан әрi жеңiлдету, жергiлiктi соттардың рөлiн нығайту, апелляциялық сатылардың рөлiн күшейту және қадағалау сатыларын қысқарту.



Алқабилер туралы заңның қабылдануына байланысты соттардың алдында осы жаңа құқықтық институтты нығайту бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзу мiндетi тұр.
(Пленарлық мәжiлiстiң жұмысы туралы толығырақ журналдың келесi нөмiрiнен

оқи аласыздар).


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет